2021 Vol. 18, No. 2(36)

Алғы сөз

Шишулин А.В., Потапов А.А., Шишулина А.В.

ФРАКТАЛДЫ МОРФОЛОГИЯҒА ИЕ МЕЗОКЕУЕКТІ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ ФЕРРОМАГНИТТІК ЖӘНЕ ПАРАМАГНИТТІК КҮЙЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АУЫСУ ТУРАЛЫ.

DOI 10.31489/2021No2/6-11

скачать

Аннотация

Берілген жұмыста мезокеуекті ферромагниттік материалдардағы кеуектердің болуы және олардың морфологиясының магниттік өзгерістердің температурасына әсері көрсетілген. Модельдік есептеулердің нәтижелерінен Кюри температурасының айтарлықтай төмен мәндері кезінде макроскопиялық мезокеуекті құрылымдарды алу мүмкіндігі анықталды, оның мөлшері кеуек пішінінің «күрделенуімен» қосымша кемиді. Нәтижелер материалдың Кюри температурасы мен оның когезия энергиясы арасындағы эксперименттік тексерілген корреляциясы негізінде алынған және таза мезокеуекті темір, никель және кобальт мысалында суреттелген. Фракталдық геометрия әдістерін пайдалана отырып, кеуектердің морфологиясының сипаттамасы жүргізілген. Соңғы бөлімде Кюри температурасының басқарылатын мәнімен кеуекті материалдарды практикалық қолданудың әр түрлі нұсқалары талқыланады.

Ибраев Н.Х., Джанабекова Р.Х., Аманжолова Г.С.

N-ЖӘНЕ S-ТОПТАРЫ БАР КӨМІРТЕКТІ КВАНТТЫҚ НҮКТЕЛЕРДІҢ СПЕКТРЛІК ЖӘНЕ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ҚАСИЕТТЕРІ.

DOI 10.31489/2021No2/12-17

скачать

Аннотация

Ұсынылған жұмыста лимон қышқылы мен L-цистеин негізінде микротолқынды синтез әдісімен көміртекті кванттық нүктелер алынды. Алынған бөлшектер электронды және зондты микроскопия, жарықтың динамикалық шашырауы және Фурье түрлендіруі бар инфрақызыл спектроскопия әдістерімен сипатталды. Спектрлік-люминесценттік қасиеттер бастапқы ерітінді үшін, сондай-ақ синтезделген өнімнің диализі нәтижесінде алынған ерітінділер үшін зерттелді. Барлық ерітінділер бірдей оптикалық қасиеттерді көрсетеді. Сонымен қатар, кванттық шығымдарды өлшеу кезінде диализдік мембрана арқылы өтетін көміртекті нүктелері жақсы флуоресцентті қабілетке ие екенін көрсетті.

Суржиков А.П., Малышев А.В., Лысенко Е.Н., Шевелева Е.А.Стары О., Гынгазов А.С.

РАДИАЦИЯЛЫ-ТЕРМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАҚТАЛҒАН КЕРАМИКАЛЫҚ ЛИТИЙ-ТИТАН ФЕРРИТТЕРІНДЕГІ ЭЛЕКТР ТАСЫМАЛДАУ

DOI 10.31489/2021No2/18-22

скачать

Аннотация

Радиациялық–термиялық жағдайларда қақталған ферриттердің Li–Ti керамикалық үлгілерінде электртасымалдаудың зерттеулері жүргізілген. Радиациялық әсерлерді анықтау үшін термиялық жағдайларда қақталған үлгілерінде ұқсас өлшеулер жүргізілген. Дән аралық шекаралардың күйі және жеңіл қорытылатын қоспаның бар болуының қақталатын ферриттердің электрлік қасиеттеріне әсері зерттелді. Радиациялық-термиялық синтездеу кезінде ферриттің электрлік қасиеттері үшін ең маңызды құрылымның қайта құрылуы қақталудың алғашқы кезеңдерінде, оның ішінде қыздыру кезеңінде жүретіні және сұйық фазаның ұнтақтар массиві бойынша таралудың радиациялық интенсификациясымен және дәнаралық шығып кетуімен байланысты екендігі анықталды.

Козловский А.Л.

ГЕЛИЙ ЖӘНЕ СУТЕГІ ИОНДАРЫМЕН СӘУЛЕЛЕНГЕН КЕЗДЕ AIN КЕРАМИКАЛАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫНЫҢ ШЕКТІ ДОЗАЛАРЫН АНЫҚТАУ

DOI 10.31489/2021No2/23-28

скачать

Аннотация

Жұмыс гелий және сутегі иондарымен сәулелендіру кезінде алюминий нитридіне негізделген поликристалды керамикалардағы жылу өткізгіштік, оқшаулау және механикалық қасиеттердің радиациялық зақымдану кинетикасын зерттеуге, сондай-ақ максималды қайтымсыз салдарларды тудыратын сыни дозаларды анықтауға арналған. Сәулелендіру үшін иондарды таңдау кейіннен газ толтырылған көпіршіктердің пайда болуымен беттік қабатының құрылымында гелий мен сутегі иондарының жинақталуы кезіндегі радиациялық зақымдану процестерін модельдеу мүмкіндігімен байланысты. Жүргізілген зерттеулер барысында 1х1017 ион/см2 жоғары гелий иондарымен сәулелену дозалары кезінде жылу өткізгіштіктің күрт төмендеуі және керамикаға төзімділіктің кемуі байқалады, бұл гелий көпіршіктерінің пайда болуының басталуымен және беттік қабаттың ішінара сыңғақтануымен байланысты. Алайда сәулелену дозасының 5х1017 ион/см2-ден жоғары мәндері жылу өткізгіштіктің және оқшаулау сипаттамаларының елеулі өзгерістеріне әкелмейді, бұл радиациялық зақымданулардың жинақталу әсерін және керамиканың тозу жылдамдығының төмендеуін көрсетеді. Гелий иондарымен сәулеленуден айырмашылығы, сутегі иондарымен 1-3х1017 ион/см2-ден жоғары дозаларға дейін сәулелену жылу оқшаулау сипаттамаларының айтарлықтай өзгерістеріне әкелмейді, бұл керамиканың гидрлеу процестеріне тұрақтылығын көрсетеді.

Ибраев Н.Х., Афанасьев Д.А., Омарова Г.С..

АНОДТАЛҒАН АЛЮМИНИЙ КЕУЕКТЕРІНДЕГІ МЕРАЦИАНИНДІ БОЯҒЫШТЫҢ МӘЖБҮРЛЕНГЕН СӘУЛЕЛЕНУІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

DOI 10.31489/2021No2/29-34

скачать

Аннотация

Кеуекті алюминий оксидінің қабыршағындағы мерацианинді бояғыш молекулаларының спектрлік-люминесценттік қасиеттерін және мәжбүрленген сәулеленуін зерттеу нәтижелері келтірілген. Кеуекті алюминий оксидінің қабыршақтарына күміс нанобөлшектерді қосу жұтылу қимасының өсуіне және кеуекті алюминий оксидінің қабыршақтарындағы бояғыштың флуоресценттік кванттық шығуының жоғарылауына әкеледі. Алайда, күміс нанобөлшектері бар кеуекті алюминий оксидінің қабыршақтарында бояғыш молекулалардың мәжбүрленген сәулеленуінің генерациясы табылған жоқ. Сонымен қатар, бояғышы бар кеуекті алюминий оксидінің қабыршақтарының бетіне жағылған полиметилметакрилат полимерінің спектрлік-люминесценттік қасиеттеріне және осы бояғыштың мәжбүрленген сәулеленуінің пайда болуына әсері зерттелді. Бояғыштың жұтылу жолағында оптикалық тығыздықтың өсуі және полиметилметакрилат қабыршағы бар үлгілерде флуоресценция қарқындылығының жоғарылауы байқалады. Полиметинді бояғыштың генерация шегі полиметилметакрилаты бар кеуекті алюминий оксидінің үлгісінде 40 есе азаяды.

Рахадилов Б.K., Акатан К., Маулет М., Кабдрахманова С.К., Магазов Н.М.

ЭЛЕКТРОН ШОҒЫРЫНЫҢ ПОЛИАМИД 6 –НЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ .

DOI 10.31489/2021No2/35-39

скачать

Аннотация

Берілген зерттеу жұмысында PA6 полиамидінің қасиеттері мен құрылымына электрон шоғырының әсері зерттелінген. Өңдеу ауада 100-400 кГр диапазонындағы сәулелену дозасымен өнеркәсіптік импульсті үдеткіште жүргізілді. Өңделген полимер Фурье түрлендіруі бар инфрақызыл спектроскопия, сканерлеуші электрондық микроскопия, рентген фазалық талдау және дифференциалды сканерлеуші калориметрия әдістерімен зерттелінген. Зерттеу нәтижелері бойынша электронды-сәулелік өңдеу PA6-полиамидінің кристалды құрылымына әсер етіп, оның өлшемін төмендететіні анықталды. Сондай-ақ, 200 кГр сәулелену дозасы 100, 300 және 400 кГр-мен салыстырғанда кристалл құрылымының сақталуы үшін оңтайлы екендігі анықталды.

Зейниденов А.К., Абишева А.К., Ильясов Б.Р., Аймуханов А.К., Абильмажинов С.Е.

ZNO ҚАБЫРШАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КЕРІ ПОЛИМЕРЛІ КҮН ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ОПТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФОТОЭЛЕКТРЛІК СИПАТТАМАЛАРЫНА ӘСЕРІ

DOI 10.31489/2021No2/40-46

скачать

Аннотация

Берілген жұмыста мырыш ацетаты ерітіндісін алдын-ала қыздыру арқылы қалыптасқан ZnO қабыршақтарының құрылымдық, морфологиялық, оптикалық және фотовольтаикалық сипаттамалары полимерлі күн элементтерінің қасиеттеріне әсері зерттелді. Алдын-ала қыздыру температурасы ZnO қабыршақтарының морфологиясы мен құрылымына айтарлықтай әсер ететіндігі анықталды. Қыздыру температурасы 200oC төмен болған жағдайда, қабыршақтар жоғары рельефті морфологияға ие болады, керісінше 200oC-тан жоғары болса, қабыршақ морфологиясы тегістеледі. ZnO қабыршақтарының рельефтілігі күн элементтерінің фототок тығыздығына әсер етеді: морфологиясы кедір-бұдыр қабыршақтар тегіс қабыршақтарға қарағанда фототоктың үлкен мәндерін көрсетті. Себебі мұнда жарықтың қатты шашырауы байқалады және осыған байланысты күн элементтерінің фотоактивті қабатында жарықтың оптикалық жолы арта түседі. Ал оптикалық жолдың артуы ZnO кедір-бұдырлы морфологиялық қабыршағындағы жарықтың бірнеше рет шағылуына байланысты болып табылады. Сондай-ақ, қабыршақтарды қыздыру температурасын арттырған сайын күн элементтерінің заряд тасымалдаушылардың рекомбинация жылдамдығы, кернеуі артатыны, сәйкесінше заряд тасымалдаушылардың диффузия коэффициентінің кемуі нәтижесінде ZnO кристалдық тор дефектісінің тығыздығы артатыны байқалады. Жалпылама айтқанда, бұл мақалада мырыш ацетаты ерітіндісінен кедір-бұдырлы және тегіс морфологиялы ZnO жұқа қабықшаларын алуға болатыны көрсетілген.

Моисеева К.М., Крайнов А.Ю., Крайнов Д.А.

ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ БҰРАЛҒАН АҒЫНДАҒЫ АЛЮМИНИЙ ҰНТАҒЫНЫҢ АЭРОЖҮЗІНДІСІНІҢ ЖАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

DOI 10.31489/2021No2/47-55

скачать

Аннотация

Мақала бұралған ағыны бар жану камерасындағы ұнтақталған металл отынының жану мәселесін сандық шешуге арналған. Алюминий ұнтағының ауа суспензиясының ағынының физика-математикалық моделі кенеттен кеңейетін бұралған ағынына ие цилиндрлік жану камерасында ұсынылған. Мәселенің физика-математикалық тұжырымы екі фазалы әрекеттесетін ортаның механикасының әдіс-тәсілдеріне негізделген. Шешім еркін үзілісті ыдырау әдісімен жүзеге асырылды. Алюминий ұнтағының ауа суспензиясының жану ерекшеліктерінің оның құрамына, жану камерасына кіретін қоспаның осьтік шығынына және бұралу жылдамдығының мәніне байланысты сандық параметрлік зерттеу нәтижелері келтірілген.

Манатбаев Р.К., Каласов Н.Б., Аманкелді Л.Б.

КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫҚ-ПОЛЯРИЗАЦИЯ ҚАБАТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫН САНДЫҚ ЗЕРТТЕУ

DOI 10.31489/2021No2/56-59

скачать

Аннотация

Жұмыста H2/CO2 газ қоспасын бөлу процесінде мембрана бетіндегі концентрациялық поляризациялық шекара қабатының пайда болуы сипатталған. Концентрациялық поляризация қабылданбаған ерітінді мембрана бетіне жақын жиналып, шекара қабатын құрған кезде пайда болады. Кеуекті қабырғаларды өңдеуге концентрациялық поляризация әсерін қосу қосымша қиындықтар туғызады. Концентрациялық поляризация нәтижесінде пайда болған шекаралық қабатты мембранаға қарағанда өткізгіштігі төмен екінші кеуекті қабырғаның бір түрі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайды модельдеудегі негізгі қиындық қабырғадағы шоғырланудың тиісті шекаралық жағдайларын анықтау болып табылады, өйткені концентрациялар қабырғада үнемі өзгеріп отырады, ал бөлшектердің тұнып кетуіне байланысты қабырға геометриясының өзі уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Бұл әсерді ескеру үшін бұл жұмыста талқыланатын сандық тәсілдер әзірленді.

Мехтиев А.Д., Сарсикеев Е.Ж., Югай В.В., Нешина Е.Г., Алькина А.Д.

АВТОНОМДЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЭНЕРГИЯМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ТӨМЕН ҚУАТТЫ ЭНЕРГИЯНЫҢ КОГЕНЕРАЦИЯЛЫҚ КӨЗІ РЕТІНДЕ ТЕРМОАКУСТИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛТҚЫШ

DOI 10.31489/2021No2/60-66

скачать

Аннотация

Мақалада әр түрлі отын түрлері мен жағылатын қалдықтарда жұмыс істей алатын тұтынушыларды автономды энергиямен қамтамасыз ету үшін төмен қуаттың когенерациялық көзі ретінде термоакустикалық қозғалтқышты пайдалану мәселесі қарастырылады. Энергетика саласындағы әлемдік жетістіктерге талдау жасалды. Оның бірқатар артықшылықтары қазіргі заманғы жылу электрстанцияларына қарағанда тиімділігі жоғары электр және жылуэнергиясын өндіруге қабілетті энергия көздерін дамыту үшін өте перспективті етеді. ЖЭО-тың ұсынылған сұлбасы Стирлинг қозғалтқышының принципіне негізделген, бірақ онда тиімді және перспективті термоакустикалық жылу түрлендіргішін механикалық тербелістерге пайдаланады, содан кейін олар электр тогына айналады. Мақалада әзірленген термо-акустикалық қозғалтқыштың негізгі жұмыс принциптерін түсіндіретін математикалық аппарат ұсынылған. Термоакустикалық қозғалтқыштың негізгі параметрлерін анықтау үшін DeltaEC ортасында компьютерлік модельдеу әдістері қолданылды. Жылуэлектрстанциясының зертханалық үлгісінің орналасу сұлбасы ұсынылған және оның дизайнына сипаттама берілген. Жұмыс денесі ретінде құрғақ қаныққан буды пайдалану ұсынылады, бұл жылуакустикалық қозғалтқыштың генерацияланған қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Кубич В.И., Чернета О.Г., Юров В.М.

«БОЛАТ 45 – 40Х» ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДГЕЗИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ПАРАМЕТРЛЕРІНЕ 45 БОЛАТТЫҢ БОРЛАУДЫҢ, БОРОЦЕМЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ МАЙЛАУ МАТЕРИАЛЫНЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ.

DOI 10.31489/2021No2/67-75

скачать

Аннотация

Жұмыста СМЦ – 2 үйкеліс машинасының қосымша жабдығын пайдалана отырып, ерекше динамикалық тұтқырлығына ие И-20А, Wolf 10W-40, ТАД-17и, Литол-24 майлау материалдары ортасында шағын габаритті үлгілер арасындағы ығысуды физикалық модельдеу кезінде «болат 45-40Х», «болат 45+В-40Х», «болат 45+ВС-40Х» металдар жүйелеріндегі τ адгезиялық байланысының ығысу беріктігінің және β пьезокоэффициенттің өзгеру заңдылықтары алынды. Ығысу жылдамдығының екі есе артуы Wolf 10W – 40, ТАД-17и, Литол-24 майлау материалдары үшін «болат 45+ВС-40Х» жүйесінде пьезокоэффициенттің 1,2-1,6 есе азаюына және оның динамикалық тұтқырлыққа тәуелді болмайтын салыстырмалы бірдейлігіне байланысты екені анықталды. Бұл кезде «болат 45+в – 40Х» жүйесінде ығысу жылдамдығының екі есе артуы барлық сынақ майлау материалдары үшін пьезокоэффициенттің 1,16-1,38 есе азаюына себепші болады, ал «болат 45 +ВС» жүйесіндегідей оның тегістелуі байқалмайды. р=0 МПа кезінде эквивалентті динамикалық тұтқырлықтың адгезиялық байланыс беріктігіне әсер етудің айқын заңдылығы анықталмайды және оның көріну сипаты майлау материалдары молекулаларының құрылымына байланысты молекулааралық өзара әрекеттесу механизмінің мүмкін болатын өзгеруімен анықталады. Пьезокоэффициент барлық қарастырылған қалыпты қысым диапазонында динамикалық тұтқырлықтың жоғарылауымен табиғи түрде төмендейтіні анықталды.

Амелькович Ю.А., Назаренко О.Б., Смирнова И.Н., Задорожная Т.А.

АНТИПИРЕНДЕРДІҢ ЭПОКСИДТІ КОМПОЗИТТЕРДІҢ ТҰТАНУ ТЕМПЕРАТУРАСЫНА ӘСЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ..

DOI 10.31489/2021No2/76-80

скачать

Аннотация

Полимерлі материалдардың, соның ішінде эпоксидті шайырлардың кемшілігі олардың жоғары өрт қаупі болып табылады. Полимерлі материалдардың жанғыштығының төмендеуі шешімді қажет ететін күрделі мәселе болып табылады. Полимерлердің жанғыштығын төмендетудің бір әдісі – полимер матрицасына жалын басатын қасиеттері бар арнайы қоспаларды енгізу болып табылады, бұл полимер жанған кезде пайда болатын процестердің сипатын өзгертуге немесе жану процесін жанбайтын немесе ингибиторлық заттармен бұғаттауға әкеледі. Берілген жұмыста эпоксидті шайырдың отқа төзімді қасиеттерін жақсарту үшін алюминий гидроксиді, меламин полифосфаты және меламин полифосфаты-магний деген жалынға қарсы заттар ретінде қолданылды. Эпоксидті композиттердегі толтырғыштардың концентрациясы 10 % масса болды. Алынған эпоксидті композиттердің тұтану температурасын анықтау үшін эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Алынған мәліметтер толтырғышсыз эпоксидті шайырдың бақылау үлгісінің тұтану температурасымен салыстырылды. Нәтижелер барлық зерттелген антипирендерді қолдану тұтану температурасының жоғарылауына әкелгенін көрсетті. Меламин полифосфаты мен меламин магний полифосфатымен толтырылған үлгілердің тұтану температурасы сәйкесінше 28 және 11 °C-қа жоғарылады. Алайда, алюминий гидроксидімен толтырылған үлгі үшін жақсы нәтиже алынды: бұл үлгінің тұтану температурасы толтырылмаған эпоксид шайырымен салыстырғанда 40 °C жоғары болды.

Жанабаев З.Ж., Үсіпов Н.М, Хохлов С.А.

ХАББЛ ПАРАМЕТРІНІҢ МАСШТАБТЫ-ИНВАРИАНТТЫ ЖӘНЕ ТОЛҚЫНДЫҚ ТАБИҒАТЫ..

DOI 10.31489/2021No2/81-89

скачать

Аннотация

Астрофизикалық бақылауларға сәйкескелетін Хаббл параметрінің мәні теориялық тұрғыдан ʌСDM моделін қолданбай анықталған. Бақыланған галактика мен оның координатасына дейінгі ара-қашықтықтың бейсызық фракталдық моделі ұсынылған. Қашықтық фракталдық өлшем ретінде анықталады, оның өлшеу масштабы белгілі фракталдық модельдерден айырмашылығы, қажетті өлшемнің өзінің бекітілген мәнінен (нөлдік ауырлық радиусы) ауытқуына сәйкес, оған қатысты масштабты инвариант қабылданды. Біз ұсынған нақты анизотропты фракталдың өлшемі пайдаланылды, ол байқауға дейінгі қашықтықтың өсуін модельдейді. Бұл өлшем сонымен қатар әр түрлі каталогтардан алынған гравитациялық толқындар мен галактикалар жиынтығы теңдеуінің фазалық портретінің таңғажайып тартқышының максималды өлшемі екендігі көрсетілген.

Витковская И.С., Батырбаева М.Ж.

ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ ИНДЕКСТЕРДІҢ УАҚЫТ ҚАТАРЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗІНДЕ СЕРІК МӘЛІМЕТТЕРІН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ.

DOI 10.31489/2021No2/90-95

скачать

Аннотация

Әлемді ғарыштан қашықтықтан зондтаудың әлемдік тәжірибесінде серік суреттерінен есептелген әр түрлі спектрлік көрсеткіштер кең қолданылады. Бұл тәсіл төсеніш бетті ғарыштық бақылауда, олардың динамикасындағы болып жатқан өзгерістер мен тенденцияларды анықтауда өзін ақтады. Жерсеріктік мәліметтерінің жинақталған үлкен көлемі, тақырыптық дешифрлеу әдістерінің заманауи дамуы суреттерге де, оларды өңдеу нәтижелеріне де еркін қол жеткізуді ұсынатын қызметтердің құрылуына әкелді. Алайда, жергілікті және аймақтық масштабтағы мәселелерді шешу кезінде белгілі қызметтердің ұсынатын ғарыштық ақпараттарды тақырыптық өңдеу үшін дайын өнімді пайдалану әрдайым тиімді бола бермейді. Осыған байланысты серік индекстердің ұзақ мерзімді қатарлары туралы өзіміздің мұрағатымызды қалыптастыру қажеттілігі туды. Индекстердің сандық матрицаларына ие файлдардың көлемі MODIS серігінен төмен ажыратуға ие мәліметтер бойынша есептелген, ондағы Қазақстан аумағын толық қамтитын файлдардың көлемі 4 ГБ-тан асады. Бұл есептеулердің баяулауына және көбінесе орташа қуатты компьютерлерде толық матрицаны есептеу мүмкін еместігіне әкеледі. Мақалада вегетациялық индексінің уақыттық қатарын құруда серік мәліметтерін өңдеу алгоритмі келтірілген. Нәтижесінде, республика аумағына арналған вегетациялық индекстерінің ұзақ мерзімді мұрағаты құрылды (2001-2020 жж.), бұл төсеніш бетіндегі өзгерістерді талдауға, олардың тенденцияларын анықтауға және осы өзгерістерді болжауға негіз болады.

Қамбарова Ж.Т., Сәулебеков А.О., Көпбалина Қ.Б., Тусупбекова А.К., Сәулебекова Д.А.

ОСЬТІК СИММЕТРИЯЛЫҚ ОКТУПОЛЬДІ-ЦИЛИНДРЛІК ӨРІС НЕГІЗІНДЕ ЗАРЯДТАЛҒАН БӨЛШЕКТЕР АҒЫНДАРЫНЫҢ ТИІМДІ ЭНЕРГИЯ ТАЛДАҒЫШЫН ҚҰРУ МҮМКІНДІГІ ТУРАЛЫ.

DOI 10.31489/2021No2/96-102

скачать

Аннотация

Зарядталған бөлшектердің шоқтарын энергия бойынша талдау жүйесін құрудағы мәселелерінің бірі – ауытқытушы өрісті анықтау және ауытқытушы электродтардың пішінін есептеу болып табылады. Берілген мақала мультипольдік электродты жүйелер негізінде зарядталған бөлшектер ағындарының тиімді энергия талдағышын құру мүмкіндігін зерттеуге арналған. Ауытқытушы өріс ретінде бұрын зерттелмеген мультипольді-цилиндрлік өрістің түрі – электрстатикалық осьтік-симметриялық октупольді-цилиндрлік өріс таңдалды. Өріс әр түрлі үлестердегі электрстатикалық цилиндрлік өрістің және дөңгелектік октупольдің суперпозициясы көмегімен құрылған. Симметрия және антисимметрия жазықтықтарына ие цилиндрлік октупольдердің эквипотенциалдар жиыны есептелген. Цилиндрлік өріс пен дөңгелектік октупольдің әр түрлі салмақтық үлестері кезінде электрстатикалық аксиальді-симметриялық октуполь-цилиндрлік өрістердің эквипотенциалдық суреттерінің есептеуі және талдауы жүргізілген.