2020 Vol. 17, No. 2(34)

Алғы сөз

Stary O., Малышев А.В., Лысенко Е.Н., Петрова А.

Радиациялық-термиялық күйдіру кезіндегі ферриттердің магниттік қасиеттерін қалыптастыру.

DOI 10.31489/2020No2/6-10

Жүктеу

Аннотация

Жұмыста жылулық және радиациялы-жылулық режимдерінде күйген феррит гистерезисі циклінің параметрлерін қалыптастыру заңдылықтарын салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген. Радиациялық әсердің өңдеу ұзақтығы мен температурасына байланысты микроқұрылым ақауларының өзара түрленуіне және олардың ферриттердегі құрамына әсері анықталды. Сондай-ақ, сәулелену жағдайындағы қайта кристалдану дәнінің өсуі термиялық қыздыру кезіндегі дәннің өсуінен асып түсетіні көрсетілген. Байқалған радиациялық әсерлер радиацияның микроқұрылымға әсерімен байланысты болды. Магниттік параметрлердің мәндері үлгінің тығыздалуымен бір мәнді анықталады.

Halamani Koushallya M., Mathad Shalini K., Kulkarni Akshay B., Mathad Shridhar N., Jeergal Pundalik. R., Hiremath Chidanandayya.S., Pujar Appanna S., Pujar Rangappa B.

Алюминиймен қоспаланған никель-кадмий ферриттерінің құрылымдық қасиеттерінің күйдіру кезіндегі  өзгерістер.

DOI 10.31489/2020No2/11-18

Жүктеу

Аннотация

Берілген жұмыстың мақсаты алюминиймен керамикалық әдіспен қоспаланған Ni-Cd ферриттерінің құрылымдық қасиеттерін синтездеу және зерттеу болып табылады. Үлгілерді күйдіру температурасы 1100 ° C, күйдіру уақыты t = 9, 11, 13, 15 сағат. Үлгілердің сипаттамалары рентгендік дифракция, сканерлеуші  электрондық микроскоп, энергиялы-дисперсиялық рентгендік талдау және Фурье түрлендіруімен инфрақызыл сәулелену талдауы арқылы зерттелген. Шпинельдің бір фазалы қарапайым кубтық құрылымы дифрактограммалармен расталды. Тордың параметрі 8.478–8.481 Å аралығында жатыр. Растрлық электронды микроскоптың көмегімен алынған микрофотографияларда өлшемдердің біркелкі таралуы байқалды. Элементтік талдау феррит формуласындағы бүкіл металл иондарының болуын растайтын энергиялы-дисперсиялық рентгендік талдау арқылы жүргізілген. Фурье түрлендіруімен инфрақызыл спектрлер сәйкесінше тетраэдрлік және октаэдрлік позицияларда металдың оттегі байланысының тербелістеріне үлестерін беретін  υ1 (581-582 см1)  және υ2 (400 см-1-ден аз) екі жолағын көрсетті.

Кадыржанов K.K., Шлимас Д.И.,  Канюков Е.Ю., Калиекперов M.E.

CuBi жабындарының фазалық құрамының иондаушы сәулеленуден экрандау тиімділігіне әсерін анықтау.

DOI 10.31489/2020No2/19-24

Жүктеу

Аннотация

Жұмыс Cu-Bi жабындарының фазалық құрамына байланысты ауыр иондардың радиациялық әсеріне экрандау тиімділігін зерттеуге арналған. Қорғаныс жабындарын алу әдісі ретінде электрохимиялық тұндыру әдісі қолданылды. Фазалық құрам тұндыру кезінде қолданылатын потенциалдар айырмасын түрлендіру арқылы өзгертілген. Зерттеу барысында фазалық құрамның өзгеруі, CuBi2O4 фазасының үстемдігі және құрылымдық реттілік дәрежесінің жоғарылауы нәтижесінде жабындардың тығыздығының артуына әкелетіні анықталды. Экрандау тиімділігін анықтауға бағытталған сынақтар барысында кристалдық деңгейінің ең үлкен төмендеуі мыс жабындары үшін байқалатындығы анықталды, олар үшін максималды сәулелену флюенсі кезінде құрылымның аморфизациясы 12 %-дан жоғары болды, ал CuBi2O4 негізіндегі жабындарда аморфизация мәні бастапқы мәннен 1,2 %-дан аспайды. Жоғары сәулелену дозалары кезінде дәндердің ұсақталуы мен аморфизациясы экрандау тиімділігінің төмендеуіне, сонымен қатар ΔU ауытқу мәнінің артуына әкеледі.

Юров В.М., Гученко С.А., Салькеева А.К., Кусенова А.С.

Гидроцилиндрлер штоктарын азоттау.

DOI 10.31489/2020No2/25-30

Жүктеу

Аннотация

Жұмыста гидроцилиндрлердің жылтыратылған штоктарын ионды-плазмалық азоттау әдісі қарастырылған. Иондық азоттау кезінде бөлшектердің беттік беріктенуі айқын көрінеді. Бұл бөлшектің бетттік қабатының 20 нм-ден аспайтындығымен байланысты, яғни ол наноқұрылым болып табылады. Бұл наноқұрылымда азоттың диффузия процестері көлемдік процестерден айтарлықтай ерекшеленеді. Наноқұрылымдағы өлшемдік әсерлер қабатта Фиктің «классикалық» теңдеулерінің  жұмыс істемейтіндігіне және бұл қабаттағы азоттың диффузиясы болаттың қасиеттеріне байланысты логарифмді тәуелділігіне әкеледі. Нанопласттағы диффузия массивті үлгінің Д0 диффузия коэффициенті арқылы пластинаның материалына да, өлшемдік факторға да байланысты екендігі теориялық тұрғыдан алынған. Классикалық жағдайда мұндай тәуелділік жоқ.

Суржиков А. П., Чичерина Н.В., Рогачев, А.В. , Ярмоленко М.А. , Руденков А.С., Рогачев А. А., Wang Jicheng

Электрондармен иницирленген эндотермиялық процестердің ағымында тұндырылған металл оксидтері және  ПТФЭ негізіндегі композициялық жабындардың құрамы мен құрылымы.

DOI 10.31489/2020No2/31-38

Жүктеу

Аннотация

Металл нитраттары, металдар негіздегі нысан құраушылары арасындағы физика-химиялық процестердің электрондардың төмен энергиялы ағынмен инициирленген ағынның ерекшеліктері анықталған, олардың ұшпа өнімдердің пайда болу кинетикасына әсері, тұндырылған жабындардың химиялық құрамы мен құрылымына әсері анықталды. Электрондар алюминий нитраты мен дисперсті алюминий қоспасына әсер ету  кезінде  құрамында мырыш наноөзекшелері бар мырыш оксиді жабындарының түзілуі анықталды. Темір нитраты ұнтақтары мен дисперсті алюминий ұнтақтарының механикалық қоспасына электрондар ағынының әсері нысананың жарылғышты булануымен қатар жүреді және металл оксидтері мен нанобөлшектеріне ие жабын бетіндегі нысананың беткі қабаттарында экзотермиялық реакциялар ағымының соңғы сатысында тұндырылатын көптеген микротамшылы түзілімдер тіркелген. ПТФЭ, алюминий және темір нитратының механикалық қоспасының электронды-сәулелік диспергирленуінің ұшпа өнімдерінен тұндырылған жабындардың құрылымының, химиялық құрамының ерекшеліктері анықталды. Мұндай газ фазасының генерациясы жағдайларында полимерлі матрицадан тұратын және құрамында оксид, бос металл және белгілі бір мөлшерде бастапқы ыдырамайтын тұздарға ие жабындар пайда болатындығы көрсетілген. Тигельдегі экзотермиялық реакциялардың салдары ішінара дефторлану және фторопласт матрицасының молекулалық құрылымындағы жоғары ақаулығы болып табылады.

Жанабаев З.Ж., Икрамова С.Б., Тілеу А.О., Тұрлықожаева Д.А.

Нанокеуекті шалаөткізгіш қабықшалардың энергетикалық тыйым салу зонасының ені.

DOI 10.31489/2020No2/39-44

Жүктеу

Аннотация

Жұмыстың мақсаты шалаөткізгіш нанокеуекті құрылым жадтары мен ток мәндерінің секірістерінің пайда болу себептерін тәжірибеде анықтау болып табылады. Кеуекті наноқұрылымдар электрохимиялық жеміру арқылы алынды. Үлгілердің вольт-амперлік сипаттамасы кеуекті кремний және жұқа қабықшалы халькогенді шынытәріздес шалаөткізгіш үшін өлшенген. Лазер сәулесін түсірген кезде кеуекті кремний наноқабықшаларында токтың гистерезисі мен секірмелі ажыратылып-қосылуы болатыны тәжірибеде көрсетілген. Ажыратылып-қосылу кернеуі мәнінің тыйым салу зонасы енінің наноқабықша кеуектілігінен тәуелділігі бойынша байланысы анықталды. Бұл нәтижелер екінші ретті фазалық ауысу теориясының ережелеріне сүйене отырып токтың ажыратылып-қосылу  және оның гистерезис теориясын құруға мүмкіндік береді.

Ержанов А.Б., Досмагамбетова С.С.

Мембраналықсүзу арқылы сұйық радиоактивті қалдықтарды тазалау үшін тректі мембраналарды гидрфобизациялау.

DOI 10.31489/2020No2/45-54

Жүктеу

Аннотация

Берілген мақалада полиэтилентерефталаттан жасалған гидрофобты тректік мембраналарды қолдана отырып, тікелей контактілі мембраналық сүзу әдісімен сұйық төмен деңгейлі радиоактивті қалдықтарды тазарту нәтижелері келтірілген. Тректік мембраналарды гидрофобизациялау ультрафиолет сәулелену әсерінен триэтоксивинилсиландыстиролмен егу полимерлеу және фторы бар силандармен арқылы жүзеге асырылды. Гидрофобты мембраналар сканерлеуші электронды микроскоп, Фурье түрленуімен инфрақызыл спектроскопиясы, жанасу бұрышын өлшеу және сұйықтықтың серпіндік қысымын талдау арқылы зерттелген. Алынған мембраналар сұйық төменгі деңгейлі радиоактивті қалдықтарды мембрана сүзу арқылы тазартуда сыналды. Кеуектер мөлшерінің өнімділікке және тұздардан тазару дәрежесіне әсері зерттелген. Тазарту дәрежесі кондуктометриялық және атомдық эмиссия әдістерімен бағаланды. Гамма-спектроскопия көмегімен 60Co, 137Cs және 241 Am үшін есептелген дезактивтендіру коэффициенттері – полистирол және триэтоксивинилсилан модификацияланған мембраналар үшін 85,4, 1900 және 5,4 (кеуекдиаметрлері 142 нм), 85,0, 1462 және 4 перфтородецилтрихлорсиланмен модификацияланған мембраналар 150 нм кеуек диаметрі мен үшін сәйкесінше құрайды.

Аймуханов А.К., Зейниденов А.К., Омарбекова Г.И., Плотникова И. В.

NIO/PEDOT:PSS композиттік қабықшаларының оптикалық және электрофизикалық сипаттамаларын зерттеу.

DOI 10.31489/2020No2/55-60

Жүктеу

Аннотация

Жұмыста Nickel Oxide/poly(3,4-ethylenedioxythiophene) polystyrene sulfonate (NIO/PEDOT:PSS) композиттік қабықшаларының морфологиялық, оптикалық және электрофизикалық параметрлерін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Төсеменің айналу жылдамдығының артуы NiO қабықшалар  бетінің кедір-бұдырлығын азайтуға әкелетіні көрсетілген. Никель оксиді бетінің кедір – бұдырлығы төмендеген кезде PEDOT:PSS қабыршағының кедір-бұдырлығы да төмендейді. Төсеменің айналу жылдамдығының жоғарылауы NiO қабыршақтарының, сондай-ақ NIO/PEDOT:PSS композиттік қабыршақтарының жұтылу спектрлерінің оптикалық тығыздығының төмендеуіне алып келеді. NIO/PEDOT:PSS композиттік қабыршақтарының морфологиясының өзгеруі инжекциялық кемтіктердің сыртқы электродқа жылдам тасымалдануына және кері рекомбинация ықтималдығын азайтуға ықпал ететіндігі анықталды.

Турмухамбетов А.Ж., Айтманова К.А., Отегенова С.Б.

Турбуленттік ортадағы конвективтік жылуалмасуды фракталды – құрылымдық тұрғыдан талдау.

DOI 10.31489/2020No2/61-68

Жүктеу

Аннотация

Турбулентті ортадағы денелердің конвективті жылу алмасуының ерекшеліктері қарастырған.  Тәжірибелік зерттеулер нәтижелері талқыланған. Тәжірибелік зерттеулер жылуалмасу қарқындылығына табиғи конвекция, ортаның жылуфизикалық қасиеттері, ағынның қысаңшылық дәрежесі сияқты көп факторлар әсер ететіндігін көрстекен. Сондықтан конвективті жылуалмасу процесін сипаттайтын белгілі математикалық өрнектер құрамында тура физикалық мағынасы жоқ көп тұрақтыларға ие және күрделі, сондықтан олар практикалық қолданыстар үшін қолайсыз. Жұмыста конвективтік жылуалмасуды тәжірибелік зерттеулер нәтижелері  фракталдар теориясы көмегімен сарапталып, жылуды турбуленттік тасымалдау қарқындылығын өзіндік қауымдасу дәрежесі критерийлерімен байланыстыратын сандық қатыстар алынған.

Каян В.П., Лебeдь А.Г.

Басқарылатын қалақшарға ие Дарье типті жел турбинасы.

DOI 10.31489/2020No2/69-72

Жүктеу

Аннотация

Жел энергиясын пайдалану тиімділігін арттыру және тік қалақшаларға ие Дарье типті жел турбинасының динамикалық сипаттамаларын жақсарту мүмкіндігін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Турбина білігіндегі айналу моментінің шамалары турбина қалақшаларының ағынға қатысты орнын басқару арқылы қалай оңтайландыруға болатындығы көрсетілген. Қалақшаларды басқару желідегі арнайы пішінді цилиндрлік жолмен қамтамасыз етіледі. Желідегі жолдың пішіні қалақшаның дөңгелектік жолының әрбір бөлігінде оңтайлы шабуыл бұрышын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл Ср энергиясын пайдалану коэффициентін 1,5 есе арттыруға және жел турбинасының өздік старт алу болатын жел жылдамдығының мәнін төмендетуге мүмкіндік берді.

Ершина А.К., Сакипова С.Е.

Жел турбинаның тиімділігін арттыру әдісі.

DOI 10.31489/2020No2/73-77

Жүктеу

Аннотация

Мақалада жел турбиналарының энергетикалық тұрғыдан тиімділігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылған. Баламалы энергетиканың, атап айтқанда Қазақстандағы жел энергетикасының қазіргі даму жағдайына қысқаша талдау берілген. Есептік зерттеулер көрсеткендей, Бидарье-2 қос роторлы жел электр қондырғысының қуатын арттыруға жұмысшы қалақшалары көтеру күшінің айналу моментін білікке жіберетін серперлерінің өзіндік оригинальді конструкциясын қолдану арқылы қол жеткізіледі. Жел ағынынан алынатын қуатты едәуір арттыра алатын Бидарье-2 жел турбинасы конструкциясының қысқаша сипаттамасы келтірілген. Концентраторды қолдана отырып, Бидарье-2 жел турбинасының тиімділігін, ПӘК одан әрі арттыру мүмкіндігі талқыланды. Жел турбинасының сапаттамаларын желдің жоғары жылдамдығында жақсарту үшін бағыттаушы концентратордың жылжымалы қақпақтарын қолданып, жел ағынының жылдамдығын реттеудің ерекше әдісі ұсынылған.

Безродный М.К., Мисюра Т.О.

Артық ылғал бөлуімен  өндірістік бөлмені желдету мен кондиционерлеудің жылу сорғыш жүйесі.

DOI 10.31489/2020No2/78-86

Жүктеу

Аннотация

Мақалада жылдың жылы мезгілінде артық ішкі ылғалға ие өндіріс аймағы ішіндегі қолайлы жағдайларды сақтау үшін жылу сорғысы бар желдету және ауаны баптау жүйесінің пайдалану мүмкіндіктері мен энергия тиімділігі зерттелген. Осыған байланысты пайдаланылған ауаның ішінара қайта айналымы және таза сыртқы ауаның ауыспалы үлесімен жылу сорғыш жүйесіне термодинамикалық талдау жүргізілген. Кейін температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың өзгеруінің және желдету, сонымен бірге кондиционерлеу объектісінің сипаттамаларының жүйесінің параметрлеріне әсерін бағалау үшін сандық талдау жүргізілген. Бұл берілген жүйенің өндірістік аймақтағы қолайлы жағдайларды сақтау үшін потенциалды мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ауаны кондиционерлеу қажеттіліктері үшін бөлменің кіреберісіндегі ауаны қосымша салқындатуды қарапайым коэффициенттің көмегімен анықтауға болатындығы көрсетілді және мақалада оны есептеу әдісі келтірілген. Температура мен ылғалдылықты сақтаудың жылу сорғыш жүйесі қоршаған ортаның салыстырмалы төмен температуралы аймақатарда ең жоғары энергия тиімділігіне ие және көбінесе сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығынан тәуелді. Бұл зерттелген жүйе қоңыржай континенталдік климаты бар елдерде қолдануға жарамды дегенді білдіреді.

Витюк В.А., Витюк Г.А., Скаков М.К., Жагипарова Л.К.

Импульстік графит реакторында сынақ объектілеріндегі берілген энергия шығарылуын іске асырудың есептік негіздемесі.

DOI 10.31489/2020No2/87-95

Жүктеу

Аннотация

Мақалада модельдік твэлдерде және жылу шығарғыш жиынтықтарда энергия шығарылуын берілген аксиалдық және радиалдық таратуын қамтамасыз ету үшін импульстік графит реакторында сынақтарды дайындау тәжірибесінде қолданылатын техникалық шешімдері және тәсілдері ұсынылған. Бөлінетін заттарды жаңғырту үшін пайдаланылатын кемітілген ураны бар отынның қабатымен байытылған отынды екі аймаққа биіктіктік бөліну принципі қолданылған, гетерогендік жылу бөлетін құрастырма мысалында сынақ объектісінде берілген энергия шығарылуын көлемдік таралуын қамтамасыз ететін шешімдердің есептік негіздемесінің тәртібі қарастырылды. Белгіленген тәртіпті іске асыруы және сәйкес техникалық шешімдерді қабылдауы сәулелендіру құрылғысын жобалау сатысында модельдік жылу бөлетін құрастырма энергия шығарылуын аксиалды және радиалды таралуын берілген профильде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері бойынша 90,6 Вт/г (UO2) және 74 Вт/г (UO2) сәйкес деңгейде алынуы мүмкін эксперименттік жылу бөлетін құрастырманың үстіңгі және астыңғы бөлу аймақтарда біркелкі радиалды шығару мен белгіленген орта энергия шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берген шаралар кешені көрсетілді. Бұл шаралар жылу бөлетін құрастырма қатарлары бойынша отынды таблеткаларды байытуды қалпына келтіруді, аймақтардың шет жақтарында жұтқышы бар отындарды пайдалануды және реактор биіктігінде сәулелендіретін құрылғыны белгілі тұрғыландыруды енгізеді.

Хасенов А.К., Нусупбеков У.Б., Карабекова Д.Ж., Стоев M., Болатбекова M.M.

Сулы көмір отынына қажетті ұсақ дисперсиялы өнімді алудың электроимпульсті әдісі.

DOI 10.31489/2020No2/96-99

Жүктеу

Аннотация

Өзекті мәселелердің бірі – қабатты немесе шаңды жағумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие көмірді су көмірлі отын түрінде жағуды тиімді пайдалану. Көмір отыны бірқатар экономикалық, пайдалану және экологиялық артықшылықтарға ие. Мақалада электр импульсі әдісі көмір отынының ұсақ дисперсті өнімін алу көзі ретінде қарастырылған. Көмірді ұнтақтаудың ұсынылған әдісі сұйықтықтағы ұшқын электр разряды нәтижесінде пайда болатын импульстік соққы толқынының энергиясын пайдалануға негізделген. Көмір отыны құраушыларының қажетті гранулометриялық құрамын алу үшін электримпульсті разряд параметрлері орнатылған.

Нижегородов A.И., Гаврилин A.Н., Мойзес Б.Б., Кувшинов K.A.

Ковдор кен орнының ірі өлшемді вермикулит слюдаларын қайта өңдеуге арналған технология және құрал-жабдық.

DOI 10.31489/2020No2/100-109

Жүктеу

Аннотация

Ковдор кен орнының тау-кен қалдықтарынан алынған ірі көлемді вермикулит слюдаларын қайта өңдеуге арналған технологиялар мен құрал-жабдықтарды әзірлеу – өңдеу өнеркәсібіне ірі көлемді вермикулитті қайтаруға мүмкіндік береді. Берілген мақалада 20 мм және одан да көп өлшемдерге ие ірі көлемді слюданы қайта өңдеу технологиясын дамыту аспектілері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – габаритті бөлшектерді ұнтақтау арқылы ірі өлшемді вермикулит шикізатын ұнтақтау технологиясын зерттеу, технологиялық құрал-жабдықты әзірлеу және оны пайдалану процестерін зерттеу болып табылады. Зерттеу нысаны – ірі өлшемді вермикулит шикізатын ұсақтауға арналған кесу қондырғысының жұмыс процесі және оның конструкциясы. Зерттеу әдістері кесілген ірі өлшемді бөлшектердің қозғалысын аналитикалық модельдеуге және осы негізде кесу қондырғысының жұмыс процесінің негізгі сипаттамаларын анықтауға негізделген. Кесу қондырғыларында ірі бөлшектерді майдаламай күйдіруі – электр пештерінің өнімділігін төмендетуге әкелетін күйдіру уақытын едәуір арттыруын қажет ететіні анықталған Кесу агрегатының қабылдау барабандарының тіліктеріне бөлшектердің түсу уақыты анықталды, соның негізінде қабылдау барабандарының айналу жылдамдығы мен оның пайдалану өнімділігі есептелген.

Хайралиев С.И., Кайшубаева Н., Спитас К., Джундибаев В.Е.

Қалыпты күштің әсерінен тегіс емес беттердің статикалық өзара әрекеті.

DOI 10.31489/2020No2/110-115

Жүктеу

Аннотация

Машина жасаудың қазіргі заманғы конструкциялары (және басқалары) үйкеліс бар түйіндердің  математикалық модельдерін жасауға көбірек талап қояды. Фрикциялық байланыстың қасиеттерін зерттеуді едәуір қиындататын шарт оның екі байланысатын дененің әр түрлі геометриялық параметрлерімен дискреттілігі болып табылады, соның нәтижесінде түйісу тек үйкелетін денелердің (негізі және сырғанауы) бір бөлігінің арасында ғана пайда болады. Жанасатын беттердің геометриясы кездейсоқ функциялармен анағұрлым дәл сипатталады, алайда кездейсоқ функциялар негізінде үйкеліс түйіндерін есептеу әдістері өте күрделі. Бұл жұмыс тегіс емес параметрлері бар кедір-бұдырлы дененің түйіспелі өзара әрекеттесу моделін құрудың бастапқы кезеңі болып табылады, бірақ әр дене үшін тұрақты. Бұдан басқа, байланыс жазықтығында сыртқы көлденең күш болмаған жағдайда байланысатын денелерді қысатын айнымалы күшпен байланыс моделі қарастырылады және бұл жұмыс осы беттердің өзара әрекетінің салыстырмалы қарапайым сұлбасымен үйкеліс беттерінің өзара әрекеттесу моделінің құрылу дәлдігін тексеруге мүмкіндік береді.

Рахадилов Б.K., Скаков М.K., Миниязов A.Ж., Журерова Л.Г., Нугуманова A.Б., Хасенов A.K., Карабекова Д.Ж.

Жоғары температуралы плазмалық сәулелендіру кезінде вольфрам үлгілерінде дейтерийді қармап алуы.

DOI 10.31489/2020No2/116-122

Жүктеу

Аннотация

Бұл жұмыс дейтерийдің жинақталып шоғырлануын, сондай-ақ плазмалық шоғырмен сәулелендіру кезінде вольфрам үлгілерінде дейтерийді қармап алу үдерісін зерттеуге арналған. Сәулелендіргеннен соң үлгінің бетіндегі өзгерістер, бірқалыпсыз бедерлеу үдерісінің нәтижесінде пайда болған беткі бедерлер түрінде бақыланды. Сәулелендірілетін үлгілердің беткі қабатының құрылымы мен бедерінің өзгеру дәрежесі сәулелендіру температурасына тәуелді. Плазмамен сәулелендірген кезде вольфрамда дейтерийдің жинақталып шоғырлануы эмиссиялық және термодесорбциялық спектрометрия әдістерімен зерттелінген. Алынған нәтижелерге сәйкес қармап алынған дейтерийдің көп мөлшері 7 мкм тереңдікте жинақталып шоғырланатындығы анықталды.

Матвеев И. Г., Карпов К. А., Юрченко А. В., Сименс Э.

Геометриялық белгілерге негізделген анықтау әдісін қолдануымен көше ортасындағы нысандарды бақылау алгоритмі.

DOI 10.31489/2020No2/123-127

Жүктеу

Аннотация

Мақалада геометриялық белгілерге негізделген анықтау алгоритмін қолдануымен көше ортасындағы нысандарды бақылау әдісі ұсынылған. Нысандарды бақылауға арналған функционалдылықтан басқа, ұсынылған алгоритм геометриялық белгілерге негізделген анықтау алгоритмінің дәлдігін арттырады. Объектілерді қадағалау үшін ұсынылған тәсіл ұялы топология желісі болып табылатын бірнеше бейнебақылау камераларынан алынған анықтау ақпаратын пайдаланады. Нақты жағдайларда жүргізілген эксперименттер 10-40% жоғары анықтау дәлдігін көрсетті, бұл ұсынылған тұжырымдаманы растады. Бақылау алгоритмі кішігірім есептеу ресурстарын қажет етеді, бұл оны әсіресе интернет-заттардың өнімділігі төмен инфрақұрылымына қолдануға мүмкіндік береді.

Бақтыбеков К. С., Курманбай А., Саханов К., Сыздыков А., Мухамедиев А.

Жеке жылжытылған бөлшектермен және ішінара көлеңкелеу жағдайында максималды қуатпен сенімді бақылау нүктесімен бөлшектердің үйіндісін оңтайландыру.

DOI 10.31489/2020No2/128-137

Жүктеу

Аннотация

Қуатты басқарудың тиімді әдістері фотоэлектрлік жүйелерді жобалаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Қуаттылықты басқару құралдарының бірі – тұрақты тоқ түрлендіргішінің жұмыс циклін тұрақты тоққа әр түрлі алгоритмдерді қолдана отырып, тек қуат максималды болатын нүктелерде жұмыс істеу. Қуат шығынын азайту үшін, әсіресе динамикалық өзгеретін жарықпен, іздеу мүмкіндігінше тез жүргізілуі керек. Есептің күрделілігі ішінара көлеңкелеу жағдайында фотоэлектрлік жүйенің сызықтық емес тәртіпте тұрады. Фотоэлектрлік панельдердің мөлшері мен құрылымына байланысты бөлшектердің үйіндісі әдісі көптеген жергілікті максимумдары бар P-V қисықтарының үлкен санын жасайды, бұл оңтайлы жұмыс нүктесін анықтайтын ақылды алгоритмді қажет етеді. Бірнеше шыңдарды өңдей алмайтын қолданыстағы ең жоғары қуат нүктесін бақылау алгоритмдері және осы мақалада біз белгілі бір тапсырма үшін бөлшектердің үйіндісін оңтайландыруға бейімделуді ұсынамыз.

Суржиков А.П., Лысенко Е. Н., Малышев А. В., Қасымов С. С.

Радиациялық және радиациялы-термиялық жағдайларда күйдіру кезінде ферриттердің магниттік қасиеттері мен микроқұрылымдарының өзарабайланысы.

DOI 10.31489/2020No2/138-145

Жүктеу

Аннотация

Зерттеулер литий алмастырылған феррит үлгілерінде жүргізілген. Радиациялы-термиялық күйдіру дайындамаларды (1.5-2.0) МэВ энергиялы электрондардың импульсті шоғымен, (0.5-0.9) А  импульстегі шоғыр тогы, сәулелену импульсінің ұзақтығы – 500 мкс, импульстердің жүру жиілігі – (5-50) Гц, дайындамаларды қыздыру жылдамдығы – 1000 °C/мин сәулелендіру арқылы жүзеге асырылды. Термопештерде қақтау (Т-қақтау) алдын ала қыздырылған камералық электр пешінде жүргізілді. Жұмыста магниттік индукцияның феррит дәнінен тәуелсіздігі көрсетілген. Бұл жағдайда коэрцитивті күш дән мөлшеріне кері пропорционал және феррит үлгілерінің ішкі кеуектілігінен тәуелді. Термиялық қақтаумен салыстырғанда радиациялы-термиялық қақтау  өсіп келе жатқан дәндермен дәндер арасындағы қуыстардың қармауына әкелмейді және дән ішілік кеуектердің коагуляциялауға ықпал етеді.

Архипов В.В., Арынгазин А.К., Кудусов А.С.

Электродинамиканың және салыстырмалылықтың жалпы  теориясының когомологиялық модельдерінің құрылымы туралы.

DOI 10.31489/2020No2/146-152

Жүктеу

Аннотация

Ұсынылған жұмыста Риман алуан түрлілігіндегі күрделі скаляр өріс қарастырылып, өріс теориясының лагранжиандарын  құрудың когомологиялық әдісі және дифференциалды геометрияның сәйкесті аспектілері зерттелген. Толық лагранжиан моделі Риман алуан түрлілігінде 4-форма түрінде ұсынылады. Әдіс-тәсілді жүзеге асыру үшін дифференциалдық (p, q)-формалар мен Ходждың жұлдызды операторларының ішкі скалярлы көбейтіндісі қолданылған. Модель әрекетінің құраушылары, оның ішінде гравитациялық құраушысы, материя өрістерінің квадраттық формалары және негізгі тетрадты өрістері ретінде ұсынылуы мүмкіндігі  көрсетілген. Зерттеу Леви-Чивита метрика жағдайымен шектелді. Модельдің ерекшелігі жалпыланған сыртқы дифференциалдың нильпотенттілік қасиетінің жоғалуымен байланысты. Модель аясында Клейн-Гордон, Максвелл және жалпы салыстырмалылық әрекеттері жаңғыртылған.