«Eurasian Physical Technical Journal» физика мен техниканың өзекті мәселелері бойынша өзіндік жұмыстарды жариялауға арналған ашық рұқсатты сарапталынатын ғылыми журнал болып табылады.

«Eurasian Physical Technical Journal» 2004 жылдан бастап ағылшын тілінде шығарылады.

Тақырыптық бағыты – физика мен техниканың іргелі және қолданбалы мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялау.

Барлық мақалаларға DOI нөмірлері беріледі.

2019 жылдың мамыр айынан бастап «Eurasian Physical Technical Journal» Scopus базасында төрт ғылыми бағыт бойынша индекстеледі:

1) Energy: General Energy

2) Engineering: General Engineering

3) Materials Science: General Materials Science

4) Physics and Astronomy: General Physics and Astronomy

және Scopus базасы бойынша нөлдік емес импакт-факторға ие.

 ISSN (баспа) — 1811-1165 

Қысқартылған негізгі атауы: Eurasian phys. tech. j. (Print)

ISSN (электрoнный) — 2413-2179

Қысқартылған негізгі атауы: Eurasian phys. tech. j. (Online)

2021 жылдан бастап мерзімділігі – жылына 4 шығарылым.

2020 жылдың қазан айында «Eurasian Physical Technical Journal» eLibrary.ru сайтында тіркелді, eLibrary ID: 73915.

2020 жылдың 15 желтоқсанында «Eurasian Physical Technical Journal» Web of Science платформасындағы Russian Science Citation Index (RSCI)  индекстелу базасына енгізілгені туралы Сертификат алынды!

Мақсаты мен міндеттері

Eurasian phys. tech. j. негізгі мақсаты – зерттеулер сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін және ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға ықпал ете алатын физика және техниканың өзекті мәселелері бойынша жаңа нәтижелерді, сонымен бірге іргелі және қолданбалы зерттемелерді талқылағысы келетін ғалымдар,  зерттеушілер және инженерлер үшін жылдам жарияланымдарды қамтамасыз ету.

Eurasian phys. tech. j. теориялық және / немесе эксперименттік зерттеулердің жаңа нәтижелерін қамтитын іргелі және қолданбалы физиканың ең өзекті мәселелері бойынша мақалалар жариялайды.

Eurasian phys. tech.j. үшін қосымша мақсат – халықаралық конференцияларда ұсынылған, бірақ әлі жарияланбаған және автордың авторлық құқықтары болған жағдайда жұмыстарды жариялау.

Таралымдылығы

Eurasian phys. tech.j. толық мәтінді нөмірлерінің электрондық нұсқалары  Республикалық  жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананың www.rmeb.kz (2010 жылдан бастап нөмірлер), Қазақстан Ұлттық электрондық кітапхананың kazneb.kz (2010 жылдан бастап нөмірлер), Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың, Нұр-сұлтан қ. www.nabrk.kz (2017 жылдан бастап нөмірлер), www.elibrary.ru ғылыми электрондық кітапхананың (2019 жылдан бастап нөмірлер) сайттарында орналастырылған.