Vol. 12, No. 2(24), 2015

  1. Панас А. И., Максимов Н.А. Динамикалық хаостың ашылуы ғылым мен техникаға қандай мүмкіндіктер ашты
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Динамикалық хаосты қолданудың қолданбалы аспектілері қарастырылған. Хаостық дабылдарды қолданатын құрылғылардың мысалдары келтірілген. Жұмыста кеңжолақты және аса кеңжолақты хаостық дабылдарды қолдануымен ақпаратты тасымалдау жүйелеріне көп көңіл аударылған. Белгіленуі әр түрлі сымсыз сенсорлы жүйелерге ұсынылған хаостық дабылдарды қолдануымен ақпаратты тасымалдау мүмкіндігі көрсетілген. Жақын уақытта динамикалық хаостың практикалық қолданыста қолдану перспективасы талданған.

  2. Жанабаев З.Ж., Ахтанов С.Н.Динамикалық жүйенің реализациясы арқылы бифуркациялық режимдерді зерттеудіің жаңа әдісі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Эволюциялық тәртіп параметрі –хаостың жаңа сипаттамасы ұсынылды. Бұл параметр бифуркациялық режимдерді динамикалық жүйенің реализациясы арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Бифуркациялық диаграммаларды тұрғызудағы бар әдістерден айырмашылығы берілген әдіс динамикалық жүйенің күйін дәлірек анықтайды. Сигналдар генераторы ретінде логистикалық бейнелеу, Хенон бейнелеуі, жаңа «жинақталу- лақтыру» бейнелеуі, түрлендірілген Лоренц жүйесі сияқты динамикалық жүйелер таңдалынып алынды. Олардың эволюциялық тәртіп параметрі арқылы тұрғызылған бифуркациялық диаграммалары келтірілген.

  3. Юров В.М., Кубич В.И. Жұқа майлаушы қабаттардан құрылатын трибологиялық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруының кейбір сұрақтары.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жұмыста майдың жұқа қабаты бар кездегі трибологиялық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы туралы сұрақ қарастырылған. Екі дененің үйкеліс процестерінде анықтаушы рөлді фазалардың бөліну шекарасындағы беттік керілудің атқаратындығы көрсетілген. Таза металдар мен олардың қоспаларының беттік керілуін бағалау мысалдары келтірілген. Трибологиялық жүйелердің ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін Александров-Боголепов критерийі қолданылады. Трибологиялық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыру жағдайында басқарушы параметрлердің саны күрт кемитіндігі көрсетілген, ал бұл үйкеліс процесінің теориялық қарастырылуын, оның практикалық қолданысын және басқаруын жеңілдетеді.

  4. Жаңабаев З.Ж., Тұрмұхамбетов А.Ж., Гревцева Т.Ю., Асилбаева Р.Б. Шалаөткізгіш наноқұрылымдарды динамикалық хаос әдістерімен модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Өлшемнің фракталдық эволюциясы теңдеуінің негізінде наноқұрылымды шалаөткізгіш қабыршақтар беттері морфологиясының модельдері алынды. Теория әр түрлі, кванттық өлшемді құрылымдардан тұратын қабыршықтар құрылысын, оның ішінде, кванттық нүктелер, кванттық жіптер және кванттық шұңқырларды сипаттауға мүмкіндік беретіндігі көрсетілді. Әр түрлі параметрлердің нанокластерлі шалаөткізгіш қабыршақтар бетінің морфологиясына әсері зерттелді. Шалаөткізгіш наноқұрылымдардың биіктік бойынша таралу гистограммасы тұрғызылды. Сандық талдау нәтижелері сәйкес тәжірибелік деректермен салыстырылды.

  5. Айкеева А.А., Жәутіков Б.А., Роговая К.С., Жәутіков Ф.Б., Мухтарова П.А.«Скип-электромагнит» жүйесінің элементтерін 3-D модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл жұмыс электромагниттік көтергіш қондырғының жүйесінің элементтерін моделдеуіне арналған. Жұмыста электромагниттік көтергіш қондырғының жұмыс істеу принциптері көрсетілген, сонымен бірге «скип-электромагнит» жүйесінің имитациялық 3-D моделдеуі жасалған. Тұрақты магниттер және электромагниттер скипте және бағыттауыш құрылғыларда орналасқан. Әр кезен моделдеу элементері көрсетілген суреттермен бейнеленеді. 3-D моделдеу нәтижесінде жұмыста өзекшенің үш элементінің талдауы жасалып, олардың салыстырма диаграмассы құрыстырылған.

  6. Колмаков А. Г., Опарина И.Б., Севостьянов М.А., Аржаков М.С., Луковкин Г.М. ZrO2 бөлшектерінің фракталдық кластеріне ие полиметилметакрилат негізіндегі композит.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жұмыста полиметилметакрилат (ПММА) матрицасында таралған ZrO2 наноқұрылымды микробөлшектердің үшөлшемді фракталдық құрылымына ие жаңа композициондық материал ұсынылған. Композит үлгілерін алу шарттары мен тәсілдері сипатталған. Үлгілер құрылымдарын зерттеулерін және механикалық сынақтарды өткізудің әдістемесі келтірілген. ПММА-матрицасында ZrO2 бөлшектердің құрамы 0,1-ден 5-ке дейін мас. % болғанда алынған композит толтырмасы жоқ ПММА –сымен салыстырғанда жақсығырақ беріктілік сипаттамаларына, яғни кіші үйкеліс коэффициенті мен жоғары төзімділікке ие екендігі анықталған. Композит әр түрлі техникалық аспаптарды шыңылау бөлшектерінде ПММА –ны алмастыру үшін қолдануға болады.

  7. Юров В.М., Сыздыкова А.Ш., Еремин Е.Н. Плазмалық жабулардың құрылуы кезіндегі диссипативті құрылымдардың түзілуі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Плазмалық жабулардың құрылуының үш сатысы қарастырылған. Жаңа фаза ұрығы құрылуының бірінші сатысында беттік энергияның өлшемдік тәуелділігін ескеру ұсынылған. Жабулар құрылуының үшінші сатысы үшін теңдеу алынған. Плазмалық жабулардың құрылуы автотолқындық заң бойынша жүретіндігі көрсетілген, ал бұл заттың өзін-өзі ұйымдастыру режиміне сәйкес келеді. Жұмыста плазмалық жабулардың құрылуы кезіндегі диссипативті құрылымдардың түзілу шарттарын талдау әдістері ұсынылған.

  8. Еремин Е.Н., Юров В.М., Гученко С.А., Сыздыкова А.Ш. Шұбаркөл көмірінен алынған сулы-көмірлі отынның бүрку үдерісін ANSYS FLUENT бағдарламасы көмегімен модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жұмыста 12Х18Н10Т+Al жабуларының құрылымдарын және қасиеттерін эксперименттік түрде зерттеу нәтижелері келтірілген. Жабулар вакуум ішінде 45 болаттан жасалған негіздемеге жағылған, бір уақытта болат және алюминий катодтардың тозаңдырылуы жүрген. Жабулардың құрылымдары мен қасиеттері аргон мен азоттың газ орталарында зерттелінген. Микроқаттылықтың артуы мен жабуларүйкелісінің бір уақытта кемуі байқалған. Мұндай нәтиже 45 болаттан жасалған бөлшектердің эксплуатациялық сипаттамаларын арттыру үшін маңызды практикалық мәнге ие.

  9. Рягузов А.П., Алпысбаева Б.Е., Немкаева Р.Р., Алиаскаров Р.К., Юхновец О.И., Мамырбаева Д.М.. Иондық-плазмалық әдіс арқылы аргон атмосферасында синтезделген аморфты көміртек пленкаларының құрылымдарының ерекшеліктері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Аргон атмосферасына тұрақты токта қатты теңгерілмеген деп аталатын магнетрондық ионды-плазмалық әдіс арқылы алынған жұқа аморфты көміртек пленкаларын жан-жақты зерттеулерінің нәтижелері келтірілген. Атомдық-күштік микроскопияны қолданудың нәтижесінде а-С пленкаларының құрылымы және морфологиясы газ қысымына, плазмалық разрядтық қуатына және төсеніштің температурасына тәуелді болатыны анықталды. Пленкалардың негізінде шар тәріздес құрылым болады, шар өлшемдері синтез жағдайларына байланысты 20 нм-ден 100 нм-ге дейін жетеді. Алынған пленкалардың Раман спектроскопиясы арқылы жасалған анализи нәтижесінде аймақтық құрылымның тәкелділігі дәлелденеді. sp3 гибридтелінген өміртек байланыстарының пайыздық құармы синтез жағдайларына байланысты. Өткізу және шағылудың оптикалық спектрлері арқылы төсеніштің температурасынан айтарлықтай тәуеді болатын көміртек пленкаларының тиым салу аймағы есептелген болатын.

  10. Аймуханов А.К., Канапина А.Е., Ибраев Н.Х. Әр түрлі ортада көлемді нысананың лазер абляциясымен алынған алтын нанобөлшектердің қасиеттері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Мақалада сұйық еріткіштерде абляция әдісімен алтын нысананың Au нанобөлшектерін алу ерекшеліктерінің эксперимент нәтижелері келтірілген. Ортаға байланысты алтын нанобөлшектерінің диаметрлері әр түрлі болып келетіні анықталды. Au нанобөлшектердің плазмон жұтылу максимумы ортаның қасиеттеріне байланысты. Нанобөлшектердің шашырау спектрінің қысқатолқынды максимумы шағын бөлшектердің жарық шашырауымен, ал ұзынтолқынды ірі бөлшектердің шашырауымен байланысты.

  11. Васенин И.М. , Шрагер Э.Р. , Крайнов А.Ю. , Крайнов Д.А. Атмосферадағы қозғалыстағы гипердыбысты тура нақты ауа-реактивті қозғалтқыштағы ішкі баллистикалық процестерді есептеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Екпінді ағынның Мах сандары 6.7-10 болған кездегі гипердыбысты тура нақты ауа-реактивті қозғалтқыштың (ГТАРҚ) каналында және қоршаған атмосферасындағы қозғалыс кезіндегі процестердің физика-математикалық моделі және модельдеу нәтижелері келтірілген. Математикалық модель газтәрізді жанармайдың жануын ескеруімен екі өлшемді жақындауда жазылған газ динамикасының теңдеулеріне негізделген. ГТАРҚ қозғалысының бағытына жүргізілген жалпы аэродинамикалық күшінің проекциясының оның қозғалыс жылдамдығынан және жанармайды берудің массалық жылдамдығынан тәуелділіктері талданған.

  12. Құсайынов Қ., Сақыпова С.Е., Қамбарова Ж.Т., Әлкенова А.М.Желкен типті желқозғалтқыштарының аэродинамикалық сипаттамаларын салыстырмалы талдау.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Мақалада әр түрлі ауа ағыны жағдайларында желкен типті желқозғалтқыштардың әр түрлі макеттерінің аэродинамикалық сипаттамаларын зерттеу бойынша эксперименттер нәтижелері келтірілген. Аэродинамикалық күштерді өлшеу және сынақтарды өткізу әдістемесінің сипатталуы келтірілген. Ауа ағынының әр түрлі жылдамдықтары мен шабуыл бұрышы кезіндегі тарту күші мен маңдайлық кедергі күшінің тәуелділік графиктері алынған. Рейнольдс санының өзгеруі кезіндегі маңдайлық кедергі күші коэффициенті мен тарту күшінің коэффициентінің тәуелділіктері анықталған. Желкен типті желқозғалтқыштарының үш макеттерінің аэродинамикалық сипаттамаларын салыстырмалы талдауының нәтижелері келтірілген.