Vol. 13, No. 1(25), 2016

1 Кучеренко М.Г. Металл компонентері бар азғындалған электронды газымен нанокомпозиттерде плазмондық резонанстар және олардың молекулалық гибридті жүйелерді байқалуы.
[жүктеу]

Аннотация

Металл нанобөлшектерінің плазмондық резонанс спектрлерінің металдың электрондық газының азғындалу дәрежесінен айтарлықтай тәуелді екендігі көрсетілген. Томас-Фермидің сызықталған теңдеуінің негізінде азғындалған электрондық газы бар екі компонентті сфералық бөлшектердің дипольдік динамикалық поляризациялануы үшін өрнектер алынды. Поляризациялануы екінші рангты тензор болатын екі бөлшектік кластердің жағдайы жеке қарастырылған. Квазистатикалық жақындауда бөлшектер-композиттердің негізгі сипаттамаларының жиіліктік тәуелділіктерінің есептеулері жүргізілген. Кешігуші эффектілерді ескеру жағдайы үшін модельді жалпылауының жолдары көрсетілген. Бұл типті нанокомпозиттердің маңында орналасқан молекулалардың радиациялық сипаттамалары қалай өзгеретіндігі, сонымен бірге электрондық-қозған орталықтарынан энергияны өшу орталықтарына сәулеленусіз тасымалдау процестерінің дамуы қалай жүретіндігі көрсетілген.

2 Кубич В.И. Модельдік жақындаудағы майлау қабаттарының күйін қайта жаңғыртудың жалпыланған кешендері.
[жүктеу]

Аннотация

Мақалада майлау материалдарын беру тоқтатылғанда және үйкеліс зонасының баспалдақты жүктеуі кездегі трибологиялық жүйелердегі майлау қабаттарының функционалдылығын бағалау критерийін модельдеуге жақындау ұсынылған. «Қозғалмалы диск-қозғалмайтын қалып» триботүйіндестегі үйкелістің минималды коэффициентінің тұрақтылығының меншікті уақыты және әр түрлі трибологиялық белсенділігі мен агрегаттық күйдегі материалдардың байланыс қабаттарындағы ауыспалы процестердің жүруімен шартталған жалпыланған кешендері арасындағы байланысты орнататын регрессия теңдеуінің түрі анықталған. Мұнда модельдік трибологиялық жүйелердің триботехникалық сынақтарының нәтижелері қолданылған.

3 Асылбекова С.Н., Саулебеков А.О., Камбарова Ж.Т., Оракбай А. Сфералық айна негізінде зарядталған бөлшектер шоқтарының электрстатикалық коллиматорын модельдеу.
[жүктеу]

Аннотация

Сфералық айна негізінде зарядталған бөлшектер шоқтарының электрстатикалық коллиматорының модельдеуі жүргізілген. Сфералық айнада зарядталған бөлшектер шоғының сыртқы шағылуы кезінде коллимирлеу шарттары анықталған. Зарядталған бөлшектер шоғының сыртқы шағылуы режимінде электрстатикалық сфералық айнаны коллиматор ретінде қолдануға болады. Сфералық айна шоқтардың коллимерлеудің жоғары сапасын қамтамасыз етіп, әр түрлі құрылғыларда қосымша элемент ретінде қолданылуы мүмкін.  Электрондық-оптикалық сұлбаны есептеу әр түрлі геометрияға ие электродтардан құралатын корпускулалық оптиканың аксиалды-симметриялық жүйелерін модельдеуге арналған «Фокус» бағдарламасы көмегімен жүрігізлген.

4 Юров В.М., Еремин  Е.Н., Гученко С.А., Лауринас В.Ч. Наноматериалдар мен наноқабыршақтарының физикалық қасиеттерінің өлшемдік тәуелділіктері.
[жүктеу]

Аннотация

Нанобөлшектердің, наноқабыршақтары мен наноматериалдардың физикалық қасиетттерінің эксперименттік түрде бақыланған өлшемдік тәуелділіктердің талдауы бақыланатын өлшемдік эффектілерді сипаттайтын әмбебап теңдеудің бар екендігін жоғары дәлдікпен көрсетті.  Өлшемдік фактордың әмбебап шамасы екендігін және тек қана наноматериалдың атомдың құрылысымен анықталатындығы көрсетілген. Анықталған әмбебап қатынастар кіші бөлшектердің және жұқа қабыршақтардың физикалық қасиеттерін (механикалық, электрлік, магниттік, жылуфизикалық және т.б.) есептеуге мүмкіндік береді. Наноөлшемді қалыңдықты пластинаның жаңа фазасының ұрығының пайда болуы мен температуралық өріс негізінде класскалық теорияның барлық физикалық параметрлерінің (балқу температурасы, балқу жылуы, беттік керілу, жылуөткізгіштік коэффициенттер және т.б.)  өлшемдік тәуелділіктерін ескеру кезінде қолдануға болатыны көрсетілген.

5 Витязь П.А., Ильющенко А.Ф., Сенють В.Т., Хейфец М.Л., Черняк И.Н., Колмаков А.Г., Клименко С.А. Жоғары қысым жағдайында алюминий-шунгит композициондық материалды алу.
[жүктеу]

Аннотация

Жоғары қысым жағдайында термоөңдеуден кейін, шунгитті көміртегі қосымшаларымен модификацияланған, алюминий негізіндегі композициондық материалдың құрылымының зерттеуі жүргізілген. Шунгиттік толықтырманы енгізудің алюминий дәндерінің өсуін тежейтіндігі және композиондық материалдың микроқаттылығын арттыратындығы көрсетілген. Шунгиттік көміртегі бөлшектерінде алюминий қабатының түзілуі оның балқымамен өзара әрекеттесуін жақсартып, матрицада толықтырманың ұстап тұруына ықпал етеді. 1,5 – 5 мас.%.  шегінде шунгитті мөлшерімен Al –шунгит композициондық материалды алудың технологиялық сұлбалары құрылып жасалған. Алынған алюминий композиттерінің сынықтарының құрылымын мөлшерлі түрде сипаттау үшін құрылымдарды мультифракталдық параметризациялаудың өзіндік әдістемесі қолданылған.

6 Дюсембаев С.А., Алмасов Н.Ж.,Yang Ruifeng, Приходько О.Ю., Толепов Ж.К., Максимова С.Я., Сазонов А.Ю., Кунафина Д.Т., Турманова К. Висмутпен модификацияланған Ge2Sb2Te5 қабыршақтарының құрылымы мен электрондық қасиеттері.
[жүктеу]

Аннотация

Берілген жұмыста электрондық сәуле түсіру микроскопия мен рамандық спектроскопия әдістерімен  иондық-плазмалық жоғары жиілікті тозаңдандыру жолымен алынған висмутпен модификацияланған Ge2Sb2Te5 қабыршақтарының құрылымын зерттеу нәтижелері келтірілген. Жоғарыдағы әдіспен алынған модификацияланған Ge2Sb2Te5 қабыршақтарының раман спектрлері басқа әдістермен алынған қабыршақтарының спектрлерімен сапалы түрде ұқсастығы бар. Бірақ айтарлықтай айырмашылықтар байқалды. Яғни пиктердің арасындағы айтарлықтай орын ауысулар және қарқындылықтарының қатынастарының өзгеруі байқалады. Алынған эксперименттік мәліметтер пирамидальді SbTe3-де Sb атомдарды висмутпен изоморфты түрде орын басуымен түсіндірілуі мүмкін. Қабыршақтарының электрөткізгіштігінің температуралық тәуелділігін зерттеулерінен бөлме температурасы кезінде өткізгіштік шамасының  және висмутпен модификацияланған Ge2Sb2Te5 қабыршақтарының өткізгіштігінің активация энергиясының кемитіндігі анықталған.

7 Ибраев Н.Х., Афанасьев Д.А., Мирзоев К.Ю., Смагулов Ж.К. Перовскитті CH3NH3PBI3 қабыршақтарының микроқұрылымы мен спектрлі-люминесцентті қасиеттерін зерттеу.
[жүктеу]

Аннотация

Осы жұмыста перовскитті CH3NH3PbI3 қабыршағының микроқұрылымы мен спектрлі-люминесценттік қасиеттері зерттелінді. Перовскитті қабыршақтар кеуекті TiO2 қабыршағын пайдалану арқылы екі сатылы әдіспен дайындалды. Микроскопиялық өлшеулер барысында CH3NH3PbI3 қабыршағының TiO2  қабыршағына ену тереңдігі 275 нм болатындығын көрсетті. Синтезделген қабыршақтың люминесцентті спектрі TiO2 қабыршағының бетінде CH3NH3PbI3 қабыршағының қалыптаcатыны анықталды.  Бірнеше ақаулары бар сапалы перовскитті қабыршақтар концентрациясы 35 мкл болатын CH3NH3I қолдану кезінде калыптасады. Қыздыру температурасының CH3NH3PbI3 қабыршағының люминесцентті қарқындылығы әсері зерттелінді.

8 Рягузов А.П.,  Алпысбаева Б.Е., Немкаева Р.Р., Алиаскаров Р.К., Мамырбаева Д.М., Юхновец О.И. Сутектендірілген көміртек пленкаларының Ar+CH4+H2 плазмасының атмосферасында синтездеу жағдайларына байланысты құрылымы және қасиеттерінің тәуелділігі.
[жүктеу]

Аннотация

Берілген жұмыста тұрақты токта Ar+CH4+H2 газдардың қосылысының атмосферасында тазалығы жоғары графит нысанасының магниттік иондық-плазмалық әдіс арқылы тозаңдандырылу жолымен алынған а-С:Н сутектендірілген аморфты пленкаларын зерттеудың нәтижелері келтірілген. а-С:Н пленкаларының өсуі өзінің негізгі болып келетін термодинамикалық параметрлерімен қатар төсеніш бетінде атомдардың конденсациясының физика-химиялық процесімен де теңгерілмеген жағдайлармен ерекшеленеді. Төсеніш бетінде атомдардың конденсация хаосында өздігінен қалыптасу процесіне жауап беретін негізгі параметрлерді анықтау үшін атомды-күштік микроскопия, раман спектроскопиясы және оптикалық спектрофотометрия арқылы синтездеудің әр түрлі жағдайларында (қысым, разряд қуаты, төсеніштің температурасы) алынған а-С:Н пленкаларының бет бедерінің морфологиясы, аймақтық атомдық құрылымы және оптикалық сипаттамалары зерттелген болатын.

9 Сериков Т.М., Ибраев Н.Х., Аманжолова Г.С. Наноқұрылымды TiO2 қабыршақтарының беттік ауданының фотовольтакалық ұяшықтардың эффективтілігіне әсері.
[жүктеу]

Аннотация

Берілген жұмыста гидротермалды әдіспен нанотүтікшелер негізіндегі қабыршақтар синтезделді.  Нанотүтікшелердің бетіне титан диоксидінің нанобөлшектері тұндырылды. Азот газының адсорбциясы (БЭТ) әдісмен нанотұтікшелердің (NRs) және нанотүтікшелердің бетіне тұндырылған нанобөлшектер негізіндегі (NRs+NPs) қабыршақтардың меншікті беттік ауданы, кеуектердің көлемі, қабыршақ бойымен таралған кеуектердің көлемі өлшенді. Сканерлеуші электронды микроскопия әдісінің көмегімен синтезделген қабыршақтардың морфологиясы зерттелді. Синтезделген қабыршақтар негізінде органикалық бояғыштармен сінірілген күн ұяшықтары құрастырылды. Олардық ПӘК жіне вольт-амперлік сипаттамасы өлшенді.

10 Аймуханов А.К., Ибраев Н.Х., Есимбек A.M. Этанолдағы оксазин 1 бояғышының жұтылу және люминесценция қасиеттеріне Сu нанобөлшектерінің әсері.
[жүктеу]

Аннотация

Жүргізілген зерттеулерде Cu С= 5*10-6 моль/л нанобөлшектерін бояғыш ерітіндісіне қосқан кезде жұтылудың максимумында оптикалық тығыздықтың мәні 1,14 есе артатыны көрсетілген. Флуоресценсия максимумының қарқындылығы 1,1 есе артады. Сондай-ақ, жолақтың максимумы және жолақтың жартылай ендері өзгермейді. Мәжбүрленген люминесценцияның табалдырығы 1,6 есе азаяды. Генерацияның импульс ұзақтылығы 0,3 нс-қа қысқарады.

11 Көкетай Т.Ә., Тусупбекова А.К., Балтабеков А.С., Ганюкова А.А., Нукыгазы С.А. KDP-MnSO4 кристалындағы қоспа орталықтарының табиғатын зерттеу.
[жүктеу]

Аннотация

Жұмыста KDP-MnSO4 кристалындағы қоспа орталықтары зерттелген. KDP кристалдарын Mn2+ сульфат тұздарымен белсендірген кезде матрицада қоспа орталықтарының екі типі түзіледі. Бірінші типті қоспа орталықтары жұту спектрінің ұзынтолқынды облысында жұту жолағын береді де радиациялық-ынталандырылған процестерге қатыспайды. Екінші типті қоспа орталықтары сыртқы әсер салдарынан зарядтық күйдің өзгерісімен сипатталады. Алынған нәтижелер теориялық мәліметтермен жақсы сәйкес келеді.

12 Агельменев М.Е., Братухин С.М., Поликарпов В.В., Бектасова Г.С., Саденова М.А., Түсіпжанов А.Е. Наножүйелердегі сұйық кристаллдар әрекетінің кейбір қасиеттері.
[жүктеу]

Аннотация

Осы жұмыста әр түрлі конфигурациядағы наножүйелердің температура әсеріндегі сұйық кристаллдардың әрекетіне тигізетін ықпалына арналған зерттеулердің нәтижелері көрсетілген. Т-сияқылды нанотүтіктерлердың орналасуы сұйық кристаллдардың түтіктердің бетінде тұрақтандыруын мүмкін ететіндігі анықталған. Басқа конфигурациялардағы сұйық кристаллдардың наножүйелердің бетіндегі қозғалуы көрсетілген. Жүйелердің құрылысына тәуелді молекулалардың қозғалу динамикасының ерекшеліктері орнатылған. Нәтижелер нанотүтікшелердің сұйық кристаллдардың матрицадағы орналасуының бақылау маңыздылығы көрсетілді. Нанокомпозиттердің топологиясының осындай әсері жаңа технологиялық тәсілін көрсетеді.

13 Крайнов А. Ю., Моисеева К. М., Миньков Л. Л. Екі өлшемді жақындауда инерттік ішкі қоспасы бар саңылаулы жанарғыдағы  метан-ауалық қоспаның жану есебін есептеу.
[жүктеу]

Аннотация

Екі өлшемді жақындауда инерттік ішкі қоспасы бар тар саңылаулы жанарғыдағы метан-ауалық қоспаның жану есебі шешілген. Шешім жылулық кеңеюі, жылумассаалмасу мен бірқадамды химиялық реакцияларды ескеретін теңдеулерді шешуге арналған AnsysFluent пакеті көмегімен алынған. Қыздырылған ішкі аралықтың процесін бастамашылық ету кезінде орнықты жанудың пайда болу мысалы көрсетілген. Алынған нәтижелер бір өлшемді модель бойынша есептеу нәтижелермен сәйкестендірілген.

14 Прибатурин Н.А., Меледин В.Г., Главный В.Г. Электримпеданстық датчиктер негізінде сұйық ағысының локальдік параметрлерін өлшеу.
[жүктеу]

Аннотация

Сұйықтың кешенді өткізгіш пен диэлектрлік өтімділігінің параметрлерінің кеңістіктік таралуын бірмезгілде тіркеу негізінде сұйықтың ағыс параметрін өлшеу әдісі қарастырылған.  Өлшеуіш түйіндерінің жиынында өлшеулер синхронды түрде жүргізілуі мүмкін. Датчик екі параллель жазықтық бойынша кеңістікте орналасқан сым электродтардың екі тобынан құрылып, тор принципі бойынша жасалған. Электродтардың қиылысу орнының проекциясы өлшеуіш түйіндерін түзеді.  Әдіс жақсы кеңістіктік пен уақыттық локализацияға ие. Өлшеу жылдамдығы бір секунд ішінде бүкіл өлшеуіш түйіндері бойынша оң мың көрсеткіштерге дейін жетуі мүмкін. Ал бұл жылу мен масса тасымалдаудың стационар емес процестерін зерттеуге мүмкіндік береді. Басқа сұйықтың көлемінде сұйық тамшысының эволюциясын өлшеуге әдіс сынағы жүргізілген.

15 Онищук А.А., Палеев Д.Ю., Бакланов А.М., Дубцов С.Н., Замащиков В.В., Коржавин А.А. Тау-кен қазбасы атмосферасындағы көмір шаңының наноөлшемді бөлшектері мен олардың болу қауіптілігі.

[жүктеу]

Аннотация

Тазалағыш комбайнмен және зертханалық жағдайдағы ағынды диірменде көмірдің механикалық бұзылуы кезіндегі наноөлшемді аэрозольдің пайда болу механизмі зерттелген. Зертханалық диірменде пайда болған бөлшектердің спектрі мен морфологиясы шахтада пайда болған наноаэрозольдің  спектрі мен морфологиясына сапалы түрде сәйкес келеді. Көлемі 10 л сфералық реакциялық ыдыста жүргізілген метан-ауа-наноаэрозоль қоспасының жалындануын зерттеуі мұндай қоспаның айтарлықтай дәрежеде жарылыс қауіпті екендігін көрсеткен. Бұл жарылыс кезіндегі максималды қысымның жоғарылауы мен оның жоғарылауының жылдамдығының айтарлықтай артуымен байқалады. Жүргізілген зерттеулер наноаэрозольдің пайда болу көзі көмірде болатын және тазалағыш комбайнның тілшелерінде көмірді локальді қыздыру кезінде газалық фазаға бөлінетін органикалық компоненттер болып табылады.

16 Сакипова С.Е., Камбарова Ж.Т. Кіші жылдамдықтар үшін желкен типті желқозғалтқышы.
[жүктеу]

Аннотация

Мақалада гранттық жобаны (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0113РК01001)  орындау барысында алынған ең маңызды нәтижелерге шолу жүргізілген. Берілген жобаның көлемінде Қарағанды облысындағы төмен жылдамдықты желдің энергиясын қолдану мүмкіндіктері зерттелген.   Желдің энергиясын түрлендіруге арналған кіші қуатқа ие желкен типті көп қалақшалы желтурбинасының әр түрлі макеттері жасалып шығарылған. Ұсынылған желтурбинаның жаңалығы бет пішіні динамикалық өзгеретін қалақшаларды қолдануында болып табылады. Зертханалық қондырғы мен әр түрлі климаттық жағдайлары кезінде табиғи жел жағдайларында жел турбина макеттерінің аэродинамикалық сынақтарының нәтижелеріне талдау жүргізілген.

17 Айкеева А.А., Роговая К.С., Танскожанова А.Р., Мухтарова П.А., Оспанов А.Е.  Ansys Maxwell бағдарламалық ортада скип қозғалысының имитациялық моделін жасау.
[жүктеу]

Аннотация

Берілген жұмыс электромагнитті көтергіш қондырғысы жүйесінің элементтерінің имитациялық моделін жасауына бағытталған. Жұмыста «скип-тұрақты магнит-катушка» электромагнитті көтергіш қондырғысының элементтерінің жұмыс істеу принципі ұсынылып келтірілген. Модельдеу ANSYS Maxwell бағдарламасы арқылы жүргізілді. Модельдеудің мақсаты қондырғы элементтерінің негізгі магниттік параметрлерін анықтау болды: Лоренц күшін, магнит өрісінің кернеулігін және магнит индукциясын. Есептелінген параметрлер бойынша графиктік диаграммалар тұрғызылып, бірнеше айнымалылары бар теңдеулер түрінде инженерлік функциялар тұрғызылды.

18 Айкеева А.А., Жаутиков Б.А., Роговая К.С., Жаутиков Ф.Б., Мухтарова П.А., Танскожанова А.Р., Оспанов А.Е. Электромагнитті көтергіш қондырғы элементтерінің негізгі сипаттамаларының динамикалық талдауы.
[жүктеу]

Аннотация

Берілген жұмыс электромагнитті көтергіш қондырғысының «скип-тұрақты магнит-катушка» жүйе элементтерінің имитациялық моделін құрастыруына бағытталған. Жұмыста электромагнитті көтергіш қондырғысының элементтерінің жұмыс істеу принципі ұсынылып сипатталған. Модельдеу үшін ANSYS Maxwell программасы қолданылды. Модельдеу тапсырмалары: қондырғы элементтерінің негізгі магниттік сипаттамаларын анықтау (Лоренц күші, магнит өрісінің кернеулігі мен магнит индукциясының). Жұмыста есептелінген параметрлері бойынша жалпы графикалық диаграммалары тұрғызылған бес эксперимент сипатталады. Эксперименттер нәтижесінде бірнеше айнымалылары бар инженерлік теңдеулер құрастырылды. Алынған теңдеулер жұмыста есептелінетін магнит өрісінің сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік береді.