Авторларға

«Eurasian Physical Technical Journal» журналы зерттеулер нәтижелері жайлы өзіндік мақалаларды, қысқаша хабарламаларды, шолуларды ағылшын тілінде келесі бағыттарда жарияланымдарды шығарады:

  1. Физикадағы бейсызықты құбылыстар
  2. Эксперимент аспаптары және әдістері
  3. Жылу физикасы және энергетика
  4. Конденсирленген күй физикасы
  5. Жаңа материалдарды жасау технологиясы
  6. Жобалаулар мен технологиялар
  7. Қазіргі заманғы технологиялардың экологиялық аспектілері
  8. Бейсызықты физикалық процестерді модельдеу

Редакторлардың жариялауға берілген мақалаларды қабылдауға немесе қабылдамауға құқықтары бар. Журналдың негізгі бағыттары бойынша ғылыми – техникалық ақпарат, ғылыми өмір тарихы, шыққан басылымдарға рецензиялар журналдың редакциясының алдын-ала келісімімен жарияланады.

Журнал редакциясы авторлардан төменде келтірілген ережелерді сақтауын сұрайды. Осы ережелерді сақтамаған мақалалар баспаға қабылданбайды.

Жарияланатын мақалаларда жұмыс жасалынған мекемесінің редакция ұжымының бір мүшесінің ұсынысы және бағыттамасы болу қажет.

Журнал редакциясына мақаланың екі данасы Times 12 шрифтмен басылған, А4 формат парағында бір жағы екі интервал болатын, төменнен, жоғарыдан, солдан алшақтығы 3 см, оң жағы 1,5 см.

Бірінші дананың соңында автордың тегін, зерттеулер орындалған мекеменің толық атауы, пошталық индекс, мекен-жайы, телефон нөмірлері, авторлардың е-mail және факс нөмірі көрсетілуі тиіс. Бірінші данада мақала авторларымен қол қойылуы тиіс. Хат алысуға берілетін авторды көрсету керек.

Мақаланың жариялануы туралы шешімді сәйкесті бөлім бойынша редакциялық қауым мүшесінің шешімімен қабылданады. Мақаланың қабылданбауының негізі ретінде оның көкейкестілігінің жеткіліксіздігі, ғылыми жаңалықтың болмауы, ерекше тақырыпнамада болуы мүмкін. Авторлар рецензент ескертулері бойынша мақалаға толықтырулар енгізгеннен кейін, қабылданбаған мақаланы қайта қарастыруы үшін қысқаша түсінікпен жіберуіне болады.

Ұсынылып отырған мақала кестелер мен суреттерді, қолданылған әдебиеттер тізімін қосқанда 16 беттен; кысқаша хабарламаларда 6 бет және 2 суреттен; шолуда 30 бет және 10 суреттен артық болмауы тиіс.

Мақала мәтінінің алдында мақаланың кіріспе мен қорытынды бөлімі қайталамайтын 200 сөзден артық көлемінде түйін жазылады. Түйін мәтінінде әдебиеттер тізіміне сілтемелер, қысқартулар, түсініксіз белгілер жазылмауы тиіс.

Түйін соңында осы жұмысты қаражаттандырған ұйым (грант № ) көрсетіледі (бар болғанда).

Автордар мен мақала атауы көрсетілген суреттердің атаулары мен суреттер жеке парақтарда екі данада ұсынылуы тиіс. Суреттердің атауларына графикалық элементтердің қосылуы (дөңгелектер, крестиктер және т.с.с) рұқсат етілмейді.

Кестелер мәтін ішіне енгізілген, нөмірленген болуы керек. Міндетті түрде шамалардың өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Кестедегі барлық сызбалардың тақырыбы және олардың вертикаль сызықтарымен бөлініп тұруы керек. Кестедегі сөздер қысқартылмауы тиіс.

Формулалар мақала бойынша тура нөмірленіп, жеке жолда қойылып тұруы қажет. Көрсеткіш функциясы үшін ЕХР қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер мақаланың соңында және мақала мәтініндегі нұсқаулар сілтемесінің реттік нөмері жазылуы керек. Әдебиеттер тізімі келесі тәртіппен жазылады:

Кітаптар:
L.V.Gurvitch, G.V.Karatshetsov, V.J.Kondratiev and alt. The potenziols of the ionization and the affinity with the electrons. 1974, M., Nauka, 134p.

Кітаптан тарау:
E.G.Avvakumov. The mechanical methods of chemical process activation. 1986, Novosibirsk: Nauka. p.290.

Журнал мақаласы:
D.L.Thorn, R.Hoffman. Inorg. Chem. V.17, №1, p.126 (1978).

Тезистер:
R.B.McKibben, “Gradients of Galactic Cosmic Rays and Anomalous Components”, Proc. From Conference on Interplanetary Particle Environment, JPL Publication 88-28, pp.135-148, April 15, 1988.

Патент:
Z.A.Mansurov, E.K.Ongarbaev, B.K.Tuleutaev. Kazakhstan Patent №7304, 1999. Method of cold asphalt concrete mixture production.

Басылған даналарға қосымша олардың электрондық түрін дискке немесе электрондық поштасы арқылы ұсынылуы керек.

Мақала article LATEX 2ε стилінде немесе Microsoft Word мәтіндік редакторда терілуі керек. Формулаларды тергенде Microsoft Equation формулалар редакторын немесе Computer Modern (CM) жиынының TEX’ a стандартты шрифтерін және Американдық математикалық қоғамның (American Mathematical Society – AMS) msam мен msbn шрифтерін қолдану ұсынылады. Суреттерді *.ps,*.eps,*.pcx, *.jpg немесе *.gif. форматтарында рәсімдеу керек. Суреттердің әрқайсысы жеке файлда қойылуы керек. Барлық графиктерді жақтауларда мүмкіндігінше Times шрифтін қолданып жасау керек; график осьтеріндегі өлшем бірліктері жақша ішіне жазылады.

Мақаланың электрондық түрі келесі файлдардан құрылуы тиіс:

  • мақала мәтіні бар файл (*.doc немесе *.tex);
  • суреттері бар файл (файлдың аттарында суреттің нөмірін көрсету керек, мысалы fig1. jpg, fig2. ps);
  • суреттердің атаулары жазылған мәтіндік файл;
  • авторлардың аты – жөндерінің тізімі, зерттеу орындалған мекеменің толық атауы, пошталық индексі, мекен-жайы, телефон нөмерлері, факс нөмері, авторлардың е-mail, мақаланың жариялау бөлімі (бағыты) көрсетілген мәтіндік файл.

Файлдарды жіберу кезінде тақырып ретінде мақаланың атын және бірінші автордың аты-жөні көрсетілуі керек. Мына файлдарды қолдануға болады *.rar немесе *.zip.

Мақаланың бірінші бетінің рәсімденуі

АТАУЫ

Авторлардың тегі, аты-жөні

Авторлардың жұмыс істейтін мекемелері

(қала және пошталық индекс, хат алысу жүргізетін бір автордың E-mail)

Түйін мәтіні

Негізгі мәтін