Журнал жайлы

«Eurasian Physical Technical Journal» журналы массалық ақпараттың мемлекеттік құралдарында есебіне тіркелген:

  • Куәлік № 4382-Ж 07.11.2003 ж.;
  • Жазылу индексі 75240 АҚ «Қазпошта» № 09-1865 15.12.2004 ж.

2008 жылдан «Eurasian Physical Technical Journal» журналы топ бойынша 01.00.00-физика-математикалық ғылымдар мамандықтар тобы бойынша ғылыми іс-әрекеттеліктердің негізгі нәтижелерін және кандидаттық және докторлық PhD диссертациялардың негізгі материалдарын жариялау үшін ұсынылатын ҚР Білім және Ғылым министрлігі Бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдар тізіміне қосылды. Берілген журнал дәрежесі Комитеттің № 532 бұйрығы бойынша 15.03.2013 жылдан бастап ұзартылған.

Редакция алқасы

«Eurasian Physical Technical Journal» журналы массалық ақпараттың мемлекеттік құралдарында есебіне тіркелген:

  • Куәлік № 4382-Ж 07.11.2003 ж.;
  • Жазылу индексі 75240 АҚ «Қазпошта» № 09-1865 15.12.2004 ж.

2008 жылдан «Eurasian Physical Technical Journal» журналы топ бойынша 01.00.00-физика-математикалық ғылымдар мамандықтар тобы бойынша ғылыми іс-әрекеттеліктердің негізгі нәтижелерін және кандидаттық және докторлық PhD диссертациялардың негізгі материалдарын жариялау үшін ұсынылатын ҚР Білім және Ғылым министрлігі Бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдар тізіміне қосылды. Берілген журнал дәрежесі Комитеттің № 532 бұйрығы бойынша 15.03.2013 жылдан бастап ұзартылған.

Редакция алқасы

Жоба жетекшісі – Кубеев Eркин Киноятович, заң ғылымдарының докторы, профессор, ЖМ ҒКА академигі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ Ректоры

Бас редактор – Сакипова Сауле Еркешовна, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Молекулалық нанофотоника институтының директоры, Қазақстан

Бас редактордың орынбасары – Сакипова С.Е., физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Редакциялық алқасының мүшелері:

  1. Арынгазин А.К., Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Астана, Қазақстан*
  2. Бактыбеков К.С., У.М.Сұлтангазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты, Астана, Қазақстан
  3. Чокин К.Ш., ҚР ҒА Физика-техникалық институты, Алматы, Қазақстан
  4. Кумеков С.Е., Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университет, Алматы, Қазақстан
  5. Кусаиынов К., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан
  6. Саулебеков А.О., М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы, Астана, Қазақстан
  7. Жанабаев Ж.З., әл Фараби Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Алматы, Қазақстан
  8. Джуманов С., Ядролық физика институты, Ташкент, Өзбекістан
  9. Дик И.Г., Эрланген-Нюрнберг университеті, Эрланген, Германия
  10. Кидибаев М.М., К.Тыныстанов атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университеті, Қаракөл, Қырғызстан
  11. Мэй Ж., Аэронавтика мен астронавтика департаменті, Cheng Kung Ұлттық университеті, Тайнань, Тайвань
  12. Педрини С., Клод Бернар Университеті, Лион, Франция
  13. Прибатурин Н.А., РҒА СБ Жылуфизика институты, Новосибирск, Ресей.
  14. Рахимов Ф.К., Тәджік мемлекеттік ұлттық университеті, Душанбе, Тәджікістан.
  15. Сакович Г.В., Химия-энергиялық технологиялардың мәселелер институты, Бийск, Ресей.
  16. Стоев Митко, «Неофит Рильский» Солтүстік- батыс университеті, Благоевград, Болгария.
  17. Чой С, Технология мен білім берудің Корей университеті, Сеул, Оңтүстік Корея
  18. Шрагер Э.Р., Томск мемлекеттік университеті, Томск, Ресей.
  19. Цыбин А.С., Мәскеу энергетикалық институты, Мәскеу, Ресей
  20. Эпик Э.Я., Инженерлік жылуфизика институты, Ұлттық ғылым академиясы, Киев, Украина
  21. Якович Андрис, Латвий университеті, Рига, Латвия

Редакциялық кеңес:

  1. Омаров Хылыш Бейсенович, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс бойынша проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, omar_hb@ksu.kz
  2. Көкетай Темиргали Абильдинович – техникалық физика мен экология мәселелері институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
  3. Нусупбеков Бекболат Рахишевич – физико-техникалық факультеттің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
  4. Сакипова Сауле Еркешевна – EAPhTJ бас редактордың орынбасары
  5. Щанина Вера Николаевна – ҚарМУ баспасының директоры.

Эксперттер мен рецензенттер:

  1. Агельменев Максут Ельтаевич, химия ғылымдарының докторы, профессор, зертхана меңгерушісі, Органикалық көмірсинтез ҒЗИ, Қазақстан
  2. Бимурзаев Сейткерим, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан
  3. Гревцева Татьяна Юрьевна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қарамағындағы ашық типті Ұлттық нанотехнологиялық зертханасы және эксперименттік пен теориялық физика ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан.
  4. Ершина Айнагуль Капасовна, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, Қазақстан
  5. Кошумбаев Марат, техника ғылымдарының докторы, БҰҰ КА академигі, “Академик Ш.Ч.Чокин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ” АҚ Басқару Төрағасының орынбасары, Қазақстан.
  6. Куртник Игорь Петрович – профессор, техника ғылымдарының докторы, Бельско-Бяла Университетінің электроника мен автоматика каедрасының меңгерушісі, Польша
  7. Нариманова Гуфана Нурланбековна, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, ТУСУР инноватика институты, Томск, Ресей
  8. Палеев Дмитрий Юрьевич, техника ғылымдарының докторы, профессор, РҒА СБ Көмір институты, Кемерово, Ресей
  9. Супрун Татьяна, техника ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкері, Украинаның ҰҒА жылутехника институты, Киев
  10. Трубицын Андрей Афанасьевич, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Рязань мемлекеттік радиотехникалық университеті, Рязань, Ресей.
  11. Турмухамбетов Акылбек Журсунович, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, К.Сатпаев атындағы Ұлттық политехникалық университеті, Қазақстан
  12. Щепанский Михаил –PhD докторы, ғылыми қызметкер, VTPMML зертханасы, Латвий университеті, Рига, Латвия

Техникалық хатшы:
Ахмерова К.Е., Камбарова Ж.Т., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан.

Баспа саясаты

Журналдың тақырыптық бөлімдері

Eurasian Physical Technical Journal журналы іргелі және қолданбалы
зерттеулерлердің әр түрлі облыстарындағы және келесідегідей бағыттағы
мақалаларды жариялайды:

  • Жылу физикасы және энергетика
  • Гидродинамика, сұйық және газ физикасы
  • Конденсирленген күй физикасы (Материалтану)
  • Жаңа материалдарды жасау технологиясы
  • Физикадағы сызықсыз құбылыстар
  • Сызықсыз физикалық процестерді модельдеу
  • Техникалық физика, физикалық эксперименттердің әдісі мен аспаптары
  • Жаңа заманғы технологиялардың экологиялық көріністері
  • Қазіргі заманғы технологиялардың экологиялық аспектілері

Кедергісіз кірудің саясаты

«Eurasian Physical Technical Journal» журналының мақалалары барлығына бірдей қол
жетімді, ашық кедергісіз кіру зерттеулер нәтижесінде жалпыға бірдей білімді
арттырады.

Ұйымдастырушылар

Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

Жоғары мектептің Ұлттық Академиясы, Мәскеу, Ресей

Техникалық физика және экологиялық мәселелер Институты, Қазақстан

Сараптау

 

  • «Eurasian Physical Technical Journal»
    журналының редакциясына түскен барлық мақалалар әрі қарайғы қарастыру үшін (мысалы,
    дұрыс формат, қызықтыру облысы), яғни оның жарамдылығын анықтау үшін Редактормен/Редактор
    Орынбасарымен алдын-ала іріктеледі. Құжат кем дегенде екі рецензентпен тәуелсіз
    экспертизадан өткен жағдайда жарамды болып табылады. Барлық мақалалар міндетті
    түрдегі «біржақты соқыр» (анонимді) сараптаудан өтеді (рецензент қолжазбаның
    авторларын біледі, ал авторлар рецензентті білмейді).

 

 

  • Мақалаларды рецензиялауды Қазақстан, Ресей және басқа елдердің физика
    саласына сәйкесті арнайы шақырылған жетекші мамандар – рецензенттер жүзеге
    асырады. Мақаланы сараптамадан өткізу үшін рецензентті таңдау туралы шешімді бас
    редактор, бас редактордың орынбасары және берілген ғылыми бағытқа жауапты
    редактор қабылдайды. Рецензиялау мерзімі 2-4 аптаны құрайды, бірақ рецензенттің
    өтініші бойынша ол ұзартылуы мүмкін.

 

 

  • Рецензент қолжазба материалдарды қабылдау мен түсіндіруінде көрсететін
    қызығушылықтардың нақты даулары бар болған жағдайда рецензиядан бас тартуға
    құқылы. Қолжазба қарастырылған соң, рецензент мақаланы әрі қарай ұсынысқа береді
    (рецензенттің әрбір шешіміне негіздеме беріледі):

    • мақала осы қазіргі түрдегі жарияланымға ұсынылады;
    • мақала рецензент көрсеткен қателерді түзеткеннен соң жарияланымға ұсынылады;
    • мақала басқа мамандардың қосымша сараптауын қажет етеді;
    • мақала журналда жариялау мүмкін емес.

    4. Егер рецензияда мақаланы түзету және өңдеуге
    қатысты ұсыныстар бар болса, онда журнал редакциясы авторға рецензенттің мәтінін
    жіберіп,оған мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде оларды ескеруге немесе
    оларды дәлелді (бөліктеп немесе толықтай) теріске шығаруға мүмкіндік береді.
    Автордың электронды поштасына рецензия жібергеннен кейін мақаланы қайта өңдеу
    мерзімі 2 айдан аспауы тиіс. Автормен түзетілген мақала сараптамаға қайта
    жіберіледі.

    5. Автор материалдарды қайта өңдеуден бас тартқан
    жағдайда олар жазбаша немесе ауызша түрде өз мақаласын жариялаудан бас тарту
    жөнінде редакцияға ескертуі қажет. Егер автор өңделген жұмысты рецензия
    жіберілген күннен бастап 3 ай мерзімі өтіп кеткен соң, тіпті автор өз мақаласын
    өңдеуден бас тартпаса да редакция оны есептен шығарып тастайды. Мұндай
    жағдайларда авторға қайта өңдеуге жіберілген мерзімнің өтіп кетуіне байланысты
    қолжазбаның тіркеуден алып тасталуына сәйкес ескерту жіберіледі.

    6. Егер автор мен рецензентте қолжазбаға қатысты
    шешілмейтін қарама-қайшылықтар туындаса, онда редакция коллегиясы қолжазбаны
    қосымша рецензиялауға бағыттауға құқылы. Даулы жағдайларда шешімді редакциялық
    алқасының отырысында бас редактор қабылдайды.

    7. Қолжазбаны жарияламау туралы шешімді редакциялық
    алқасының отырысында рецензенттің ұсынысы бойынша қабылданады. Редакциялық алқа
    шешімімен жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарастырылмайды. Жарияламау
    жөніндегі хабарлама авторға электронды пошта арқылы жіберіледі.

    8. Журнал редакциялық алқамен мақаланы жариялау
    туралы қабылданған шешімінен кейін редакция бұл жайында авторға хабарлайды және
    шығару мерзімін белгілеп көрсетеді.

    9. Оң сараптаманың болуы мақаланы жарыққа шығарудың
    жеткілікті негізі болып табылмайды. Соңғы шешімді редакция алқасы қабылдайды.
    Даулы жағдайларда шешімді бас редактор қабылдайды.

    10. Рецензияның түпнұсқалары журнал редакциясында 3
    жыл бойы сақталады.

    Ақпараттың ашықтығы және Индекстеу

    «Eurasian
    Physical Technical Journal» нөмірлердің электрондық нұсқалары 2009 жылдан бастап
    www.elibrary.kz

    кітапханасының электронды дерекқорына

    ҚарМУ-дің кітапханасының
    www.elibrary.ksu.kz

    электронды дерекқорына


    www.rmeb.kz
    жоғары оқу
    орны аралық базаға

    енгізілген.

    Жарияланған нөмірлер материалдары ҚР ТАҰО АҚ
    www.inti.kz

    дерекқорына енгізіледі.

    Ғылыми баспалардың этикасы

    1.Кіріспе

    Сарапталынатын журналдарда материалдарды
    жариялау ғылыми қарым-қатынастың әдісі ғана емес, осы ғылыми білім берудің
    сәйкесті облысының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сол себепті жариялау
    процесіне қатысатын барлық жақ қатысушылары, яғни: Автор, Журнал Редакторлары,
    Рецензентер, «Eurasian Physical Technical Journal» ұйымдастырған Баспа және
    Ғылыми қоғамдастықтың стандартты этикалық тәртіптің стандарттарын орнату маңызды
    болып табылады.

    2. Редактордың міндеттері:

    2.1. Жариялау туралы шешім:

    «Eurasian Physical Technical Journal» шығарушы редактор жарияланым туралы шешімді қабылдауға жеке жауапкершілікті.
    Қарастырылған жұмыстың дәлелдігі және оның ғылыми маңыздылығы әрқашан жарияланым
    туралы шешімінің негізінде жатуы тиіс. Редактор «EAPhTJ» редакциялық алқасының
    саясатына жетекшілік етіп, авторлық құқық, заңдылық пен көшірмелерге қатысты
    заңды талаптарды ұстанады. Редактор жарияланым туралы шешімді қабылдау кезінде
    басқа да Редакторлар мен Рецензенттермен (немесе Ғылыми қоғамның қызметкерлік
    тұлғалармен) ақылдаса алады.

    2.2. Әдептілік

    Редактор қолжазбаның интеллектуалды мазмұнын
    Авторлардың нәсілі, жыныс, жыныс ориентациясы, діни көзқарас, ата-тегі,
    азаматтық немесе саяси ұнатуларына тәуелісіз бағалауы тиіс.

    2.3. Құпиялық

    «Eurasian Physical Technical Journal» Редакция
    алқасы мен Редакторы еш қажеттіліксіз Авторлар, Рецензенттер, шақырылған
    Рецензенттер, Баспа мен ғылыми кеңесшілерден басқа тұлғаларға қабылданған
    қолжазба туралы ақпаратты ашпауы тиіс.

    2.4. Қызығушылықтардың даулары мен ашып көрсету
    саясаты.

    2.4.1. Қарастыруға ұсынылған қолжазбалардың ішінен
    алынған жарияланбаған мәліметте автордың жазбаша келесімінсіз жеке зерттеулерде
    қолдануға болмайды. Сараптау барысында алынған немесе мүмкін артықшылықтарға ие
    ақпараттар мен ойлар құпия түрде сақталуы және жеке мақсаттар үшін қолданылмауы
    тиіс.

    2.4.2. Қолжазбамен байланысты авторлармен,
    компаниялармен және мүмкін басқа ұйымдармен бәселекелесті біріккен және басқа
    өзара әрекеттесулер мен қарым-қатынастар салдарынан қызығушылықтардың даулары
    болған жағдайда Редакторлар қолжазбаны қарастырудан өз бетінше бас тартуы тиіс
    (жұмысты қарастыру кезінде жеке сараптау мен жеке баспен шешімді қабылдау орнына
    бірлескен редакторды, редактор көмекшісі немесе редакция алқасының басқа
    мүшелерінен сұрау салу)

    2.5.Жарияланымдарды бақылау

    Жарияланымда ұсынылған тұжырымдамалар мен
    қорытындылар қате деген нақты дәлелдерді ұсынған Редактор өзгертулер енгізуі,
    мақаланы алып тастау және сәйкесті жағдайларға қатысты т.б. өтінімдер туралы
    Баспаға (немесе сәйкесі ғылыми қоғамға) тез арада хабарлау керек.

    2.6.Зерттеулер аймағындағы еліктіргендік және
    ынтымақтастық.

    Редактор Баспамен (немесе Ғылыми қоғаммен) бірге
    қарастырылған қолжазбалар немесе жарияланған материалдарға қатысты этикалық
    претензиялар болған жағдайда дәлме-дәл жауапты шаралар қабылдайды. Жалпы алғанда
    қажетті шаралар қолжазба авторларымен өзара әрекеттесу мен сәйкес шағымдар мен
    талаптарды дәлелдеумен қатар, сәйкесті ұйымдар мен зерттеу орталықтарымен өзара
    әрекеттесу болып табылуы мүмкін.

    3. Рецензенттердің міндеттері

    3.1. Редакция алқасының шешіміне әсер ету.

    Сараптау Редакторға жарияланым туралы шешімді
    қабылдауға және Авторлармен сәйкес өзара қарым-қатынастық арқылы Авторға
    жұмыстың сапасын арттыруға септігін тигізеді. Сараптау – бұл мақаланы бағалаған
    кездегі ғылыми жақындаудың қажетті және негізгі буыны. Редакторлар мақалаға
    үлестерін қосқылары келетін барлық ғалымдар қолжазбаны сараптау бойынша жұмысты
    орындауға міндетті деген көзқараста болуы тиіс.

    3.2. Орындағыштық

    Егер белгіленген рецензент өзін қолжазбаны
    қарастыруға жеткілікті біліктілікке ие емеспін деп санаса және белгіленген
    мерзімге уақыты болмаса, онда «EAPhTJ» Редакторына хабарлап, сәйкесті қолжазбаны
    сараптау процесінен өзін алып тастауын өтінуі тиіс.

    3.3. Құпиялылық

    Сараптауға түскен кез келген қолжазба құпия құжат
    түрінде қарастырылуы тиіс. Берілген жұмысты Редактордан өкілділікке ие емес,
    кез-келген тұлғалармен ашуға және талқылауға болмайды.

    3.4. Әділдік

    Рецензент әділ бағаны беруге міндетті. Авторды
    дербес сынау қабылданбайды. Рецензент өз ойын нақты және дәлелді білдіруі тиіс.

    3.5. Түпнұсқаны тану

    Рецензент тақырыпқа сәйкесті және қолжазба
    библиографиясына енбеген маңызды жарияланған жұмыстарды айқындауға міндетті.
    Алдында шыққан кез келген тұжырымға (бақылау, қорытынды немесе аргумент)
    қолжазбада сәйкесті библиографиялық сілтемелер болуы тиіс. Сонымен қатар
    Рецензент өзінің ғылыми бақылау сферасында болатын кез келген басқа жарияланған
    жұмыс және қарастырылып отырған жұмыстың арасында ұқсастық бар екендігін тапса,
    ол Редакторға хабарлауы тиіс.

    3.6. Қызығушылықтардың даулары мен ашу саясаты.

    3.6.1. Қарастыруға ұсынылған қолжазбадан алынған
    жарияланбаған мәліметтер автордың жазбаша келісімінсіз өз жеке зерттеулерінде
    қолдануға болмайды. Сараптау барысында алынған және мүмкін жетістіктермен
    байланысқан ақпарат пен идеялар құпия түрде сақталу керек және жеке пайдасы үшін
    қолдануға болмайды.

    3.6.2. Рецензент кез келген Автормен, компаниямен
    немесе басқа да ұйымдармен бәсекелестік, бірлестік және басқа да
    қарым-қатынастар әсерінен қызығушылықтар даулары бар болған жағдайда Рецензент
    қолжазбаны қарастыруда қатыспауы тиіс.

    4. Автордың міндеттері

    4.1. Қолжазбаға қойылатын талаптар

    4.1.1. Өзіндік зерттеуі туралы баяндаманың Авторы
    жүргізілген жұмыстың дәлел нәтижелерді және зерттеу маңыздылығын дәлел
    тұжырымдауды ұсынуы тиіс. Жұмыстың негізінде жатқан мәліметтер қателерсіз
    берілуі тиіс. Жұмыста мүмкін қайта жаңғырту үшін қажетті нақтылаулар мен
    библиографикалық сілтемелер болуы тиіс. Жалған немесе әдейі қателі
    тұжырымдамалар этикалық емес тәртіп деп есептеліп, қабылданбайды.

    4.1.2. Ғылыми мақалалар мен шолулар нақты және
    дәлелді болуы тиіс, Автор мен Редакцияның көзқарастары нақты белгіленуі тиіс.

    4.2. Мәліметтермен танысуға рұқсат мен оларды
    сақтау

    Редакторлармен сараптау үшін қолжазбаға қатысы бар
    өңделмеген мәліметтер Автордан сұралуы мүмкін. Авторлар ақпаратқа ашық рұқсат
    беруге дайын болулары қажет (ALPSP-STM Statement on Data and Databases
    http://health.elsevier.ru/about/news/?id=990

    келісімімен), егер бұл жүзеге асырылса, кез келген жағдайда бұл мәліметтер
    жариялаудан кейінгі белгілі мерзім ішінде сақтауға дайын болуы тиіс.

    4.3. Өзіндік пен көшірме

    4.3.1. Авторлар шынымен өзіндік жұмыс ұсынылғанын
    куәләндіруі қажет және басқа Авторлардың пікірлері немесе қолданылған жұмыстары
    бар болса, соған сәйкес библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер көрсетілуі
    тиіс.

    4.3.2. Плагиат көптеген түрде кездесуі мүмкін,
    авторлық жұмыс ретінде басқа біреудің жұмысын көшіруге немесе басқаша өзгертіп
    айтуға дейін (авторлық нұсқаусыз) және басқа біреудің зерттеуінің нәтижелеріне
    жеке құқыққа арыз жазуға дейін. Плагиат қандай түрде болмасын, ол этикалық
    тәртіпке жатпайды және қабылданбайды.

    4.4. Көпшілік, артықтық және бірмезгілдегі
    жарияланым.

    4.4.1. Автор бір зерттеуге арналған қолжазбаны көп
    рет жариялауға болмайды, тек қана бір өзіндік мақаланы бір журналда ғана
    жариялау тиіс. Бір қолжазбаны екі баспаға ұсыну бұл этикалық тәртіпке жатпайды
    және қабылданбайды.

    4.4.2. Жалпы жағдайда Автор бұрында шыққан мақаланы
    басқа журналға ұсынылмауы тиіс.

    4.4.3. Белгілі түрдегі мақаланы бір журналдан артық
    журналдарда жариялау кейбір жағдайларда белгілі бір шарттар ұстанғанда этикалық
    болып есептеледі. Авторлар мен Редакторлар мақаланың бірінші жарияланымда
    интерпретация мен мәліметтер міндетті түрде екінші жарияланымда ұсынылғанда
    келісім беруі мүмкін. Бірінші мақаланың библиографиясы екінші басылымда
    көрсетілуі мүмкін. Екінші жарияланым жайында толығырақ
    http://www.elsevier.com

    (орысша
    http://health.elsevier.ru/about/news/?id=990
    )
    сайттан табуға болады.

    4.5. Түпнұсқаны тану

    Әрқашан басқа тұлғалардың үлестерін мойындаған
    дұрыс. Авторлар көрсетілген жұмыстың орындалуына қатысты жарияланымдарға
    сілтемелер беруі тиіс. Жеке алынған берілгендер, мысалы, әңгіме барысында,
    жазбаша сөйлескенде немесе үшінші жақпен процессті талқылағанда түпнұсқаның
    жазбаша келісімінсіз қолдануға немесе ұсынуға болмайды. Құпия көздерден алынған
    ақпарат, мысалы қолжазбаны бағалау немесе гранттарды ұсыну, Авторлардың жазбаша
    келісімінсіз қолданылмауы тиіс.

    4.6 Жарияланымның авторлығы

    4.6.1. Жарияланымның авторы ретінде жұмыстың
    орындалуына немесе көрсетілген зерттеудің интерпретациясының негізінің
    қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға ғана шыға алады. Қомақты үлес салған
    қалғандары соавторлар ретінде көрсетілуі тиіс. Зерттеу жұмысында белгілі бағыт
    бойынша зерттеуге өз үлесін қосқан қатысушылар осы зерттеуге белгілі үлес
    қосқандар тізіміне енгізілуі тиіс.

    4.6.2. Автор зерттеуге өз үлестерін қосқан барлық
    қатысушылар Автордың соавторлары ретінде, ал қатыспағандар Автордың соавторлар
    қатарына келтірмегенін және барлығы соңғы нұсқаны көріп және мақұлдап, оны
    жарияланымға беруге келіскендерін куәліндіруі қажет.

    4.7.Қызығушылықтардың даулары және ашу саясаты

    4.7.1. Авторлар жұмыста келтірілген нәтижелер мен
    қорытындыларға әсер еткен өз қолжазбасында қаржылық және басқа да
    қызығушылықтардың дауларын ашып көрсетуге міндетті.

    4.7.2. Ашып көрсетуге жататын қызығушылықтардың
    потенциалды даулары жалдау жұмыстары, кеңес алу, акционерлік меншіктің жекелігі,
    гонарарларды алу, экспертті қорытындылар көрсетілімдері, патентті сұраным немесе
    патентті тіркеу, грант немесе басқа да қаржылық қамтамасыз етулер болып
    саналады. Қызығушылықтардың потенциалды даулары ертерек ашып көрсетуілуі тиіс.

    4.8. Жарияланған жұмыстардың іргелі қателіктері

    Автор жарияланымда айтарлықтай жіберген қателікті
    тапқан жағдайда, Автор бұл туралы «Eurasian Physical Technical Journal»
    журналының Редакторына хабарлауы тиіс және қатені түзету немесе мақаланы алып
    тастау жайында ертерек Редактормен өзара әрекеттесуі керек. Егер Редактор немесе
    Баспа мақалада қателер бар екендігі жайында үшінші жақтан мәлімет алса, Автор
    максималды қысқа уақытта қателерді түзетіп немесе жұмысты алып тастауға
    міндетті.

    5. Баспаның міндеттері

    5.1. «ҚарМУ» баспасы «Eurasian Physical
    Technical Journal» журнал Авторының, Рецензенттің, Редактордың талаптарына сай
    этикалық міндеттерді жасайтын процедура мен принциптеріна сәйкес қызмет атқаруы
    тиіс. Баспа жарнама таратқаннан түсетін потенциалды пайда немесе қайтадан басып
    шығару өндірісі мазмұнының сапасына және Редактор шешіміне әсер етпейтіндігіне
    сенімді болуы керек.

    5.2. «ҚарМУ» баспасы зерттеу жүргізудің ұқыпты
    тәжірибесіне жағдай жасап, қателерді түзету мен жою, этикалық ұсыныстарды
    жетілдіру мақсатында салалық стандарттарды енгізуге тиіс.

    5.3. «ҚарМУ» баспасы керек жағдайда сәйкес
    мамандандырылған заңды қолдау мен (қорытынды немесе кеңес алу) қамтамасыз етуі
    тиіс.

    Бөлім


    Elsevier
    ғылыми
    әдебиеттер баспасының материалдары (
    https://www.elsevier.com/)
    және жарияланымдар этикасы бойынша

    COPE
    Халықаралық
    Комитет материалдары бойынша (
    http://publicationethics.org/)
    дайындалған.