2015, Vol. 12 No. 1(23)

  1. Потапов А. А., Рассадин А. Э. Фейнманның интегралдары, фракталдық парадигма және гидроакустикаға жаңа көзқарас.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Параксиал жақындауда дыбыс толқынының қысымы гидракустикалық жүйелердің квазибөлшегінің ықтималдылық амплитудасы ретінде интерпретацияланған. Бұл квазибөлшекті «гидрон» деп атадық. Бұл интерпретацияның негізі қысым үшін Грин теңдеуінің функциясын траектория бойынша интегралмен бейнелеу болып табылады. Сондай ақ осы аргументтер дабыл спектрімен жұмыс істейтін бүкіл гидроакустикалық жүйелердің «табиғи» фракталдылығы туралы қорытындыға әкелді. Гидрондар жиын импульстерінің кванттық-механикалық орташа мәндерінің өрісі Риманның векторлық теңдеуіне бағынатындығы дәлелденді. .

  2. Бактыбеков К.С., Бекмухамедов Б.Э., Муратбеков М.М., Алтынбек С.А. Дәйекті бассейндерге негізделген сандық моделін пайдалану әдісімен су басқан аудандарды есептеу әдісі.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Бақылау сапасын және қауіпті бағалауды жетілдірудің ажыратылмайтын бөлігі жоғарыланған қатерлі аймақтарда сұрапыл апаттардың дамуының мүмкін болатын динамикасын болжай алатын математикалық модельдерді жасау болып табылады. Жұмыста рельефтің цифрлік моделін колданып, су нысандарындағы төтенше жағдайлар кезінде аймақтың су басу аумақтарын модельдеу үшін қысымды толқын параметрлерін есептеу әдісі ұсынылған. Бұл әдіспен ағынды суды модельдеу үшін қуатты аппараттық мүмкіндіктерді талап ететін сандық шешімді қажет ететін өте күрделі көпфакторлы сызықты емес дифференциальдық теңдеулерді қолданбай ағынды судың бағытын және су басу аумақтарын модельдеуге мүмкін болады.
  3. Рыстығұлова В.Б., Хамраев Ш.И. Өшетін тербелістердің шешімі туралы.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Тербелістер, өзінің физикалық табиғаты бойынша алуан түрлі. Механикалық, электрмеханикалық, электрмагниттік, химиялық, термодинамикалық тербелістер бар. Бұл тербелістердің дифференциалдық теңдеуінің шешімі түрлі математикалық әдістермен алынған. Жұмыста сызықты емес дифференциалдық теңдеулерді бөліктеп дискретизациялау әдісімен Льенар дифференциалдық теңдеуінің аналитикалық шешімі алынған. Алынған шешімнің графигі тұрғызылған, ол қарастырылып отырған процесті сипаттайды және өшетін тербеліске сәйкес келеді.

  4. Асылбекова С.Н., Саулебеков А.О., Камбарова Ж.Т. Ойыс сыртқы электродқа ие гексапольді-цилиндрлік зарядталған бөлшектерінің талдағышын сандық модельдеу.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Жұмыста ойыс сыртқы электродқа ие гексапольді-цилиндрлік өріс негізіндегі ұзын тоғысты электрстатикалық энергия талдағышының сандық модельдеуінің нәтижелері келтірілген. Берілген энергия талдағышының электронды-оптикалық сұлбасында зарядталған бөлшектер қозғалысының траекториялық талдауы жүргізілген. Энергия талдағыштың электронды-оптикалық параметрлері сандық түрде анықталған. Жарық күші мен аппараттық функция есептелінген. Энергия талдағыштың электронды-оптикалық сұлбасының сандық есептелуі кез келген конфигурациялы электродтарға ие корпускулалық оптиканың аксиалды-симметриялы жүйелерін модельдеуге арналған «Фокус» бағдарламасы көмегімен жүргізілген.

  5. Калытка В.А., Камарова С.Н., Краснюк A.И. Қосымша – төмен температуралар спектрінде поляризация уақыты кезіндегі миграциялайтын сызықты емес кванттық эффектілер.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Деполяризацияның термостимуляцияланған тоғын есептеудің соңғы-айырым сұлбасы көмегімен төмен температуралы релаксаторлар үшін өлшем эффектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Берілген эффектілер термодеполяризация тоқ тығыздығының теориялық максимумының төменірек температуралар облысына (12-14) К- ге аномальды ығысуымен шартталған, сонымен бірге сутегі байланысқа ие кристалдардың нанометрлі қабаттарындағы амплитуда максимумының бір-екі реттілікте артуы байқалды. Кристалл шекараларындағы омдық контактілер кезіндегі тікбұрышты пішінге ие көп шұңқырлы потенциалды рельеф моделі мысалында потенциалды шұңқырлардың саны кемуімен энергия аймағы енінің кемитіндігі көрсетілген. Қалыңдығы 30 мкм кристалдармен салыстырғанда 3 нм нанометрлік қабатттарда кристалл шекарасындағы қорғаныс контактілері кезінде термодеполяризация тоғының теориялық максимумының төменірек температуралар жағына қарай (65 – 75) К-ге ығысумен төмен температуралы релаксаторлардың энергияның байланысқан деңгейлерінің максималды саны 99 % ға кемитіндігі көрсетілген.

  6. Ершина А.К., Әбішева С., Бижанова А. Карусель типті жел агрегаттарын қолайсыз метеожағдайлардан қорғау мүмкіндігі.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Баламалы энергия көздеріне көшу дүниежүзілік басым бағыттардың бірі және көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының кең саяси қолдауының нәтижесінде болып отыр. Осыған байланысты қатал метеожағдайларда да үздіксіз жұмыс істейтін энергетикалық қондырғыларды пайдалану ісін шешу қажет. Қыcтыгүні Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда жел электр қондырғыларының жұмыс істеуі климаттың қатаңдығына байланысты күрделі болып келеді. Ондағы көп күндік соққан борандар аппараттың ашық беттерінде қар мен мұз араласқан қалың мұз қабатының пайда болуына әкеледі. Қатты аяздарда подшипниктер қатып қалады да, нәтижесінде жел электр қондырғысы желдің екпінінен бұзылып, істен шығады. Мақалада бұл мәселені шешу Қазақстанда жұмыс істейтін жел қондырғыларының мысалы ретінде қарастырылған

  7. Стоев M., Құсайынов Қ., Шуюшбаева Н.Н., Жумабеков Б.К., Бектурганов Ж.С., Уалиев Е.Б.Суасты электр разрядтары кезінде электродтар бетінің микроқұрылымдарының өзгерісі.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Мақалада электрогидравликалық бұрғылау әдісінің артықшылықтары қарастырылған. Бұрғы электродтарының желіну үдерісі мен электрогидравликалық бұрғының электродтар жүйесінің металдық бөлігінің эрозиялану үдерісі зерттелген. Электродтың желіну жылдамдығының импульс санына тәуелділігі алынды. Тәжірибелік зерттеулердің негізінде авторлар өңдеуден кейінгі, әр түрлі қалыңдықтағы тау жыныстарының қарқынды ұсақталуы басталатын разрядтар энергиясы мен санына тәуелділігін сипаттайтын электрлік параметрлердің шекарасы анықтады. Қалыңдығы әр түрлі тастардың ұсақталу үрдісі басталатын разряд саны мен энергиясына тәуелділігін сипаттайтын сандық тәуелділіктер зерттелді.
  8. Құсайынов Қ., Сакипова С.Е., Камбарова Ж.Т., Тургунов М.М. Бір-біріне тік бұрышпен орналасқан желкенді жел дөңгелектеріне ие жұптасқан жел турбинасын жасау.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Беті динамикалық түрде өзгеретін қалақшаларға ие жеке жел турбинасының желдің тұрақты бағыты жоқ кезіндегі жұмыс істеу тиімділігін жоғарылату мәселесін шешу мақсатында бір-біріне тік бұрышпен орналасқан желкен типті жел дөңгелектерге ие жұптасқан жел турбинасы зерттелді. Бұл жағдайда жел бағыттарының бүкіл «дөңгелегі» екі жел турбинамен жабылады. Әрбір жел турбинасынан келетін қосынды үлес шығарылатын қуат бойынша тұрақты нәтижені береді. Аэродинамикалық сипаттамаларды анықтау бойынша жұптасқан жел турбинасы моделінің сынақ нәтижелері келтірілген.

  9. Айкеева А.А., Жаутиков Б.А., Жаутиков Ф.Б., Мухтарова П.А. Шахталық және карьерлік электрмагниттік көтергіш қондырғының скипіне түсетін жүктемелерді зерттеу.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Мақала жұқа қабырғалы конструкцияларды есептеу әдістермен сәйкес жүргізілген электрмагниттік көтергіш қондырғының скипіне түсетін жүктелерді зерттеуге арналған. Скиптің тиімді параметрлерін анықтау үшін оның көтергіш қабілетіне технологиялық факторлардың әсерін талдауы жүргізілді. Егер барлық берілген эксплуатация шарттарында, ол жоболауда бекітілген беріктік нормаларына сай болса, онда конструкция беріктігінен жұмысқа қабілетті деп санауға болады. Скипқа әсер ететін әр түрлі күштердің бірқатар есептеулері жүргізілді. Скиптің берілген қабырға қалыңдығы үшін сыни кернеулері анықталған.

  10. Құсайынов Қ., Сатыбалдин А.Ж., Саденова К.К., Сагимбекова М.Н. Мұнай қалдықтарының және құрамында мұнайы бар техногенді шикізаттарды электрогидроимпульстік өңдеу технологиясы.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Мұнай кендерінде заманауи технологиялар мен мұнайды өндіруде үлкен көлемде қалдықтар қалшып жатады. Соңғы жылдарда өндіріске мұнай өндіруші кәсіпорындар ретінде оларды пайдалануға арналған, әр түрлі технологиялық шешімдер енгізіліп жатыр. Алайда, залалсыздандыру және пайдалану мақсатында, мұнай қалдықтары мен құрамында мұнайы бар техногенді шикізатты өңдеудің сәйкестендірілген әдісі жоқ. Осыған орай, авторлармен ұсынылған, мұнай қалдықтары мен құрамында мұнайы бар техногенді шикізатты электрогидроимпульсті өңдеу технологиясын жасау жобасы өнеркәсіптік шарттарда мұнай қалдықтарын қалдықсыз пайдалану кешенді технологиясының мәселесін және мұнай қалдықтарының қоймасын жою мәселесін шешеді. Мұнай қалдықтарына электрогидроимпульстік соққы толқындарының әсері алынған оптималды параметрлер құрамында мұнайы бар техногенді шикізаттан тазаланған мұнай мен минералды қоспаларды бөліп алу үшін электрогидроимпульсті өңдеу технологиясын жасауда қолданылады.

  11. Дюсембекова А.С., Исмаилов Ж.Т., Кубаева У.С. Апериодтық кері байланысты пайдаланып автоматты реттеу жүйесінің динамикалық қасиеттерін арттыру.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Мақалада автоматты реттеу жүйесінің динамикалық қасиеттерін апериодтық кері байланысты енгізу арқылы жоғарылату жолдары қарастырылады. Қадағалау жүйесінің жұмысын тұрақтандыруға, теріс кері байланыспен қамтылған принципті пайдаланатын қадағалау жүйесі сипатталады. Қадағалау жүйесінің динамикалық қасиеттерін апериодтық кері байланысты енгізу арқылы жоғарылату жолдары қарастырылады. Зерттелетін жүйе алдын-ала берілген қателік диапазонында жұмыс жасау үшін апериодтық кері байланыстың параметрлері анықталған. Автоматты жүйелердің тұрақтылығына әсер етуші кері байланыстың көрсеткіштері және сипаттамалары келтіріледі, пайдалану сипаттамаларын анықтайтын формулалар қорытылып шығарылған.
  12. Амочаева Г.П., Омарбекова Г.И., Сейсенбаева Г.С. Темір жол автоматикасын компьютерлік желілерді қолдана отырып жетілдіру.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Берілген мақалада өндірістік және магистрлік транспорт үшін поезд қозғалысын жедел басқарудың компьютерлік жүйесі қарастырылған. Бұл бағдарламалық контроллер және микроЭВМ негізіндегі диспетчерлік орталықтандырылған жүйесі мен таратылған бақыланатын пункт базасындағы жүйе болып табылады. Қарағанды бөлімшесінің АҚ «Темір Жолы» станцияларында іс тәжірибе жүзінде қолдану мақсатымен функционалдық мүмкіндіктеріне, олардың құрамына талдау жасалынды. Келекшектегі электрлік орталықтандыру жүйесі релелік жүйеден микропроцессорлыққа өтумен анықталады. Микропроцессорлық жүйені енгізу интеграция есебінен жоғары тиімді көрсеткішке ие болатын, поезд қозғалысының автоматтандырылған басқару жүйесін құруға қаблетті, диспетчерлік тұлғаның операциясын автоматтандыруға көмектеседі.