2014, Vol. 11 No. 2(22)

  1. Стоев М., Құсаиынов К.К.,Нүсіпбеков Б.Р., Хасенов А.К., Шуюшбаева Н.Н., Тодоров Т. Жасыл қонақжай кешені: Жаңартылған энергия және тиімді энергия көздерімен интеграцияланған жүйелерге ие күн архитектурасы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Мақалада энергияны аз тұтынатын алдыңғы қатарлы жасыл мотелдер кешенінің келешектегі дизайны қарастырылған. Сонымен бірге тұрғылықты жердің күн энергиясы, жылуоқшаулағышы бар күн архитектурасының дизайны, энергия үнемдегіш жүктемелер, құрылыс-интегралдық фотоэлектрлік энергетикасы, су жылытуға арналған белсенді жылулық желілер мен энергия-смартын басқарудың аудиті келтірілген. Valentin Energy бағдарламасымен қамтамасыз етілген белсенді күн жүйелерінің дизайны жасалды. Жасыл мотелдер кешені пассивті күн архитектурасының негізгі принциптеріне сәйкес жобаланған. Мақалада ішкі энергетикалық баланста жасыл энергияның үлесі талқыланады.
  2. Сақыпова С.Е., Якович А., Генделис С., Қамбарова Ж.Т., Құсаиынов Е.Қ. Жергілікті климат ерекшеліктерін ескеруімен автономды энергия қамсыздануы үшін желкен типті желтурбинасын жасау.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жаңартылған ресурстар негізінде электрқамсызданудың автономды жүйесін құру мәселесі талқынады. Қазақстандағы және Латвиядағы желдің энергетикалық потенциалын және климат сипаттамалары, сонымен бірге желдің төмен жылдамдықтары кезіндегі жел энергиясын түрлендіру үшін құрылғыны құру мүмкіндігі зерттелген. Мақалада иілгіш желкендерге ие жел турбинасының эксперименттік моделі сипатталады. Қалақтардың пішіні динамикалық түрде өзгеретін желкен типті жел турбинасының алғашқы сынақтары аэродинамикалық құбырда жүргізілді. Әр түрлі жылдамдықтар мен ауа ағынының әр түрлі бағыттар кезіндегі кедергі күш пен тарту күшінің тәуелділіктері алынған. Жеке энергия қамсыздануы үшін кіші жел турбиналарын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
  3. Малышев В.П., Макашева А.М. Кластерлердің ассоциаттары – сұйықтың тұтқырлықты ағысының бірліктері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Хаотизирленген бөлшектер концепциясына негізделген тұтқырлықтың кластерлі-ассоциатты моделі қарастырылған. Кластерге енетін саны бойынша, ассоциаттардағы кластерлердің орташа интегралдық саны бойынша, сұйықтағы ассоциаттар үлесі бойынша ассоциаттардың таралуын есептеу үшін формулалар анықталған. Сұйықтың тұтқырлықты ағысының кластерлі-ассоциатты моделін тексеру үшін шарттар ұсынылған. Сұйықтың қозғалысы кезінде бұзылған кластерлердің ассоциаттарға кері агрегациясы есебінен температураның жоғарылуын тіркеумен сұйық ағынының лезде тоқтауы кезінде энергияның сақталу мен түрлену заңдарына модель негізделген. Температураның қос әсерін ескеру балқу нүктесінен критикалық нүктеге дейін сұйықтың бар болуының бүкіл температуралық интервалын ең қатаң түрде сипаттауға мүмкіндік береді.
  4. Агельменев М.Е., Мулдахметов З.М., Братухин С.М., Поликарпов В.В., Иргашева О.Б., Ибраева А.Д. Бір қабырғалы нанотүтіктердің және нематикалық сұйық кристалдарың қатысуымен болатын электрикалық өрістің нанокомпозиттер қасиеттеріне әсерін зерттеу
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Берілген жұмыста бір қабырғалы нанотүтіктердің қатысуымен болатын, нематикалық сұйық кристалдардың тәртібінің компьютерлік модельдеуінің нәтижелері келтірілген. Өріссіз cұйық кристалдардағы молекуланың тәртібі Фредерикс өтуіне сәйкес болатыны анықталды. Көміртек нанотүтікшілердің бар болуы сұйық кристалл тәртіптілігін артуына әкелетіне көрсетілді. Электрлік өрістің әсер ету инверсиясы электр терістілікті кеміту жолымен жүруі мүмкін. Екі осьті қалыптардың пайда болуы анықталды.

  5. Сақыпова С.Е., Сақыпова Ш.Е., Нүсіпбеков Б.Р., Оспанова Д.А., Ахмерова К., Хасенов А. Электроимпульсті өңдеу нәтижесіндегі техногенді шикізат үлгілерінің құрылымдары мен қасиеттерінің өзгерістері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Органикалық емес материалдарды бөлшектеу мен ұсақтау үшін электроимпульстік технологияны қолданудың дамуы мен мәселелері қарастарылады. Сканерлеуші электрондық микроскоп көмегімен Нұрқазған кең орнынан алынған техногенді шикізат үлгілерінің механикалық ұсақтаудан кейінгі және электроимпульстік өңдеуден кейінгі спектрлік талдаулары жүргізілді. Рентгенспектрлік микроталдау нәтижелері ZAF әдістерін қолдану арқылы алынды. Электроимпульстік өңдеу нәтижелерінде техногенді шикізат үлгілерінің микроқұрылымдары мен элементтік құрамдарының өзгерісі көрсетілді. Органикалық емес материалдарды бөлшектейтін және ұсақтайтын электроимпульстік технологиясы берілген өлшемдегі дисперсті бөлшектердің дайын өнімдерін алып қана қоймай, сонымен қатар олардың физика-химиялық қасиеттерін өзгертетініде анықталды. Спектрлік талдау нәтижелері арқылы электроимпульстік өңдеудің әртүрлі тәртіптерінің шикізат құрылымы мен элементтік құрамына байланысты бірмәнді емес әсерлері көрсетілді.

  6. Жаңабаев З.Ж., Гревцева Т.Ю., Иманбаева А.К., Жаңабаева А.Е. Кванттық наножіптері бар шалаөткізгіш беттерді модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жұмыста кванттық өлшемді құрылымдарға ие болатын жартылай өткізгіш қабықшалардың морфологиясының модельдеу мүмкіндігі көрсетілген. Мақсатқа жетуде фракталдық өлшемнің ұсынылған жаңа теңдеуі, сонымен бірге мәліметтердің бірөлшемді тізбектелуі бойынша динамикалық хаостың реконструкция әдісі қолданылды. Қазіргі заманғы микроскопия әдістерінің көмегімен алынған жартылай өткізгіш қабықшалар беттерінің кескіндері үшін сипаттты заряд тасымалдаушылардың концентрациясының алмасатын таралуы алынған. Зарял тасымалдаушыларының таралуы фазалық жазықтықта көрсетілген. Ұсынылған жақындауды қолдану горизонталды және вертикалды кванттық наножіптерден құрылатын жартылай өткізгіш беттерді модельдеуге мүмкіндік береді.

  7. Сәулебеков А.О., Камбарова Ж.Т. Электростатикалық өрістерді синтездеу үшін мультпольдік жақындауды қолдану.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Цилиндрлік өріс пен дөңгелектік мультипольдің әр түрлі үлестері үшін мультипольді-цилиндрлік өріс қарастырылған. Электрстатикалық гексапольді-цилиндрлік және декапольді-цилиндрлік өрістердің эквипотенциалдық суреттері есептелініп, тұрғызылған. Гексапольді-цилиндрлік және декапольді-цилиндрлік өрістерге ие энергия талдағыштардың сұлбалары үшін сол өрістердегі кеңістіктік таралуын анықтайтын ауытқушы сыртқы электродтың пішіні анықталды. Электрстатикалық гексапольді-цилиндрлік және декапольді-цилиндрлік өрістердің негізіндегі айналық энергия талдағыштарының нақты сұлбалары ұсынылды. Ұсынылған сұлбалардың электронды-оптикалық сипаттамалары есептелінген.

  8. Айкеева А.А., Жаутиков Б.А., Жаутиков Ф.Б., Мухтарова П.А. Электромагниттік көтергіш қондырғының жүктелі скиптің ауырлық ортамының ықтимал ығысу облысын зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Өте ескірген, тиімділігі төмен шахталық көтеру құралдарын пайдалану пайдалы қазбаларының өзіндік бағасын бірнеше рет өсіруге алып келеді. Берілген мәселені шешу электрмагнитік көтергіш қондырғыны құруға алып келеді. Оның көмегімен аса үлкен массаларды қазіргі кездегі технологияларға қарағанда энергетикалық ресурстарды аз жұмсау арқылы транспорттау мүмкін. Электрмагниттік көтергіш қондырғыны жасауға қойылған мақсаттарға сәйкес шахталық және карьерлік электрмагниттік көтергіш қондырғылардың скиптер жұмысының ең жүктелі периодтарың анықтап зерттеуге қажет. Скиптің конструктивтік параметрлерің анықтаған кезде бағыттаушы құрылғылардың электрмагниттердің электрмагниттік күштерінің реакциялармен жасалатын сыртқы локалдық күштерді еске алуға қажет.

  9. Құсаиынов Қ.Қ., Сатыбалдин А.Ж., Танашева Н.K., Сәденова К.К., Рустамова Л.К., Карагаева М.Б. Шұбаркөл көмірінен алынған сулы-көмірлі отынның бүрку үдерісін ANSYS FLUENT бағдарламасы көмегімен модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақала Шұбаркөл көмірінен алынған сулы-көмірлі отынды жағудың ерекшелігіне арналған. Сулы-көмірлі отынды жағу кезіндегі бүрку үдерісінің модельдеуі жүргізілген. Қондырғының геометриялық аймағының моделі алынды. Форсунка жазықтығындағы температура өрісінің суреті келтірілген. Көмір бөлшектерінің және СКО тамшыларының әртүрлі параметрлерден тәуелді температура өзгерісінің графигі көрсетілген.