2014, Vol. 11 No. 1(21)

  1. Стоев М., Құсаиынов Қ., Шуюшбаева Н.Н., Турдыбеков К.М., Ахмадиев Б.А Электрогидроимпульстік технологиямен ұңғыларды бұрғылаудың бірегей ерекшеліктері.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Зерттеудің мақсаты – өңдірістік, қоғамдық және тұрғын мекемелерді жылумен, суықпен жабдықтау үшін дәстүрлі емес және қайта қалпына келетін энергия көздері ретінде энергияны үнемдеуші жылу сорғыш технологияларын ғылыми тәжірибе негізінде енгізуді өңдеу болып табылады. Жер койнауындағы жылуды қолдануға жылу сорғыштағы жылу алмастырғышты ұңғыға орналастырады. Ұңғы алуда жиі қолданылатын әдістердін бірі – бұрғылау. Электрогидравликалық бұрғылау принципиалды бұрғылаудын жаңа әдісі болып табылады. Электрлік энергия механикалық жұмысқа ауысу арқылы тау кен тастары бұзылады. Жұмыста қатты және шамадан тыс қатты тау минералдарына электрогидравликалық әсердің нәтижелері келтірілген.

  2. Құсаиынов Қ., Танашева Н.К., Толынбеков А.Б., Алпысова Г.К., Тлеубергенова А.Ж. Шұбаркөл көмірінің қалдықтарынан алынған сулы-көмірлі отынды жағу технологиясын зерттеу.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада Шұбаркөл көмірінің қалдықтарынан алынған сулы-көмірлі отынды жағу технологиясы келтірілген. Аэродинамикалық үрдіс есебінен сулы-көмірлі отынды жағу кезінде сұйық отынды бүрку үшін форсунка дайындалды. Зертханалық жағдайда сулы-көмірлі отынды жағуға арналған кіші-қазандық жасалды. Тәжірибелік тұрғыда сулы-көмірлі отынды жағу бойынша зертханалық зерттеу жұмыстары ұсынылды. Уақыт аралығына тәуелді сулы-көмірлі отынның температурасы анықталды.

  3. Насакина Е.О., Колмаков А.Г., Севостьянов М.А., Заболотный В.Т., Сергиенко К.В. Титан никелидінің коррозиясының сызықты емес процестерінің және биологиялық ортаға никель иондарының өту динамикасы.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Наноқұрылымдық титан никелидінің және вакуумда физикалық тұндыру әдісімен алынған Та беттік қабаты бар оның биомедициналық композитінің коррозиялық беріктілігі зерттелінді. Үлгілер рН 1,68-ден 9,18-ге болатын физиологиялық сұйықты имитациялайтын ортаға орналастырылған. Нитинол үлгілерінің 3 типі қолданылды: бастапқы күйде, термиялық (босаңдату) және беттік механикалық өңдеу кейінгі үлгілер. Никель иондарының ең үлкен шығуы ең қышқыл орта мен босаңдатудан кейінгі үлгілерден құрылатын ерітіндіде бақыланды. Ерітіндіде никель иондарының композит үлгілерімен шығуы бақыланбады

  4. Озерной А.Н., Верещак М.Ф., Манакова И.А., Шоканов А.К., Русаков В.С., Кадыржанов К.К. Криптон иондарымен сәулелендірілген Fe-Be қабатты жүйеде магниттік реттіліктің радиациялық стимулденген бұзулар.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мессбаур спектроскопия әдісімен 57Fe ядроларда энергиясы 280 кэВ криптон иондарымен сәулелендіріп, кейін изохронды босаңдатудан кейін Be–Fe–Be үшқабатшалы жүйенің құрылымдық-фазалық күйінің зерттеулері келтірілген. Қабатшалы жүйедегі үлгілердің беттік қабатын сәулелендірген кезде бериллий атомдарының локальді баюы байқалады. Мұндай байыту беттік қабатындағы Fe атомдарының айтарлықтай бөлігінің магниттік реттіліктен парамагниттік күйге көшуіне әкеледі. Сәулелендіруден кейінгі изохронды босаңдатулар сәулеге шалдыққан беттік қабат құрылымының және құраушыларының имплантациялық локальді концентациясының толық түрде қайта қалпына келуге әкеледі. Жұмыста көрсетілген эксперименттік нәтижелер имплантацияланған криптонның қабатшалы жүйенің фазалық күйіне жоғары дәрежеде әсер ететіндігін көрсетеді. Алынған нәтижелер нейтрондық өрістердегі газдард шығуларының атомдық және термоядролық қондырғылардың конструкциялық материалдарындағы радиациялық эффектілеріне әсерлерін жақсы түсіну мен болжау үшін пайдалы болуы мүмкін.

  5. Зейниденов A.K., Ибраев Н.Х., Михаловски С.В., Аймуханов A.K. Родамин 6Ж ерітінділерінің генерациясына күміс нанобөлшектерінің әсері.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Родамин 6Ж молекулаларының судағы ерітінділеріндегі спонтанды және еріксіз люминесценцияға күміс нанобөлшектерінің әсері зерттелді. Бояғыш ерітіндісін лазерлік фотоқоздыру кезінде толтыруды ұлғайтқан сайын, еріксіз лазерлік сәулеленуге және суперлюминесценцияға түрленетін спонтанды флуоресценция пайда болатыны орнатылды. Родамин 6Ж ерітіндісіне күміс нанобөлшектерін қосқан кезде люминесценцияның барлық түрлерінің күшеюі және еріксіз сәулеленудің екі түрінің де генерация шегінің азаятыны байқалады. «Шағылуға» жүргізілген ерітінділердің жарқырау спектрлерін өлшеу кезінде родамин 6Ж бояғышының суперлюминесценциясы бақыланды. Лазерлік генерация мен суперлюминесценцияның қарқындылығының күміс нанобөлшектері концентрациясынан тәуелділігін спонтандық флуоресценция нәтижелерімен сәйкестендіреді.

  6. Ибраев Н.Х., Афанасьев Д.А., Ильясов Б.Р. Наноқұрылымды цинк оксиді қабыршақтарының синтезі және оның құрылымдық әрі оптикалық қасиеттерін зерттеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мырыш оксиді наноөзектерінің массиві кварц төсемелерде ZnO қабаты бар алдын-ала золь-гель технологиямен жағылған гидротермальді әдіспен синтезделген. Наноөзекшелер әдеттегі вюрцитті құрылымға ие екенін және төсемеге перпендикуляр с осінің бойымен басымдылықпен бағытталғанын рентгенқұрылымдық талдау көрсетті. ZnO қабыршақтарының бетін сканерлеуші зондтық микроскопиямен зерттеу кезінде ZnO – ның гексагональді көлденең қимасы бар вертикаль наноөзекшелерді көрсетті. Наноөзекшелер массивінің люминесценция спектрі спектрдің көрінетін аймағында кең жолаққа ие және жіңішке ультракүлгін жолақтан тұрды. Сонымен қатар люминесценцияның уақыттық сипаттамалары өлшенді.

  7. Кажикенова С.Ш. Кремний, селен, теллур, германий органикалық емес металдарда кернеу мен көлемдік модульдерді теориялық бағалау
    [жүктеу]
    Аннотация

    Кластерлік және атомдық құраушыларына ие екіқұрылымдық модель негізінде және кластерлердің термиялық ыдыраудың екі механизмі арқылы қоспалардың құрылымдық қасиеттері бойынша эксперименттік және теориялық нәтижелер интерпретацияланған. Ұсынылған екі құрылымды модельдің мүмкін түсіндірілуі екінші реттіліктен жоғарырақ реттілікке ие электрон-иондық өзараәсерлесу мүшелерін ескермеуден құрылады. Одан басқа Хартри энергиясына салынатын түзету арқылы псевдопотенциал модификациясының қанағатсыздануының болуы ұзынтолқынды шекте ғана дұрыс нәтижеге әкелетіндігі көрсетілген. Келтірілген қатынастар қоспалардың сығылуын есептеуге мүмкіндік береді. Селен, теллур, германий мен кремний үшін сығылу политермалары теориялық түрде есептелінді.

  8. Айкеева А.А., Жаутиков Б.А., Айдарханов А.М., Жанасбаева А.С., Жаутиков Ф.Б., Бельгибаев А.С. Электромагниттік жүйелерді модельдеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақала ANSYS қолданбалы бағдарламасының пакетінде жүргізілген электромагниттік жүйелерді модельдеуге арналған.ANSYS-ақырғы элементтік анализге арналған универсалды бағдарламалық жүйе болып табылады. Көптеген өндірістік аймақтарда модельдеу және талдау қымбат әрі ұзақ уақыт жүргізілетін «жобалау- құрастыру – сын жүргізу» типті әзірлеу жұмыс циклдерін жүргізбеуге мүмкіндік береді. Жүйе геометриялық элемент негізінде жұмыс жасайды. Әрбір элемент типі материалдың сипаттамаларын қолданады.

  9. Амочаева Г.П., Закиев Д. М. Жоғарғы С ++ деңгей тіліндегі электрлік фильтрлердің анализдері
    [жүктеу]
    Аннотация

    Бұл мақалада сызықты беріліс функциясының математикалық үлгісі негізіндегі белсенді электр сүзгіші синтезінің жүйесі көрсетілген. Әрбір сүзгіш операционды күшейткіштен, резистордан және конденсатордан жасалады. Барлық сүзгіш элементтері сызықты болып табылады, сүзгішті синтездеу үшін бастапқы полиэтникалық мәліметтерді инвариантты түрге келтіреді. Қиып алынған жиілікті үлгі динамикалық байланысқа және оське қатысты иілу бұрышына жауап береді. Сүзгіштерге есептеу жүргізу үшін бастапқы мәліметтер – сәйкесті файлда сақталатын конденсаторлардың бастапқы мәні болып табылады. Құрылған жүйе файлдарды жаңарту есебінен кеңею қабілетіне ие болады, олар белсенді сүзгіштердің қарапайым ұяшықтары мен бастапқы конденсаторлар ұғымынан тұрады.

  10. Шрагер Э.Р., Танашева Н.Қ., Тургунов М.М., Дюсембаева А.Н., Кусаиынов Е.К. Жұмыстық режимдегі екі қалақшалы желқозғалтқышының мандайлық кедергісін зерттеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Бұл жұмыста цилиндрлерінің айналу саны тұрақты, Магнус эффектісіне негізделген тегіс бетті айналмалы цилиндрлі екі қалақшалы желқозғалтқышының маңдайлық кедергі күші мен маңдайлық кедергі коэффициентінің ауа ағыны жылдамдығының 4÷13 м/с аралығындағы тәжірибелік зерттеу нәтижелері келтірілген. Әрбір цилиндрдің диаметрі 5 см, 10 см және ұзындығы 20 см болғандағы тегіс бетті айналмалы цилиндрлі екі қалақшалы желқозғалтқышының маңдайлық кедергі күшінің ауа ағыны жылдамдығынан тәуелділіктері алынған. Әрбір цилиндрдің диаметрі 5 см, 10 см және ұзындығы 20 см болғандағы тегіс бетті айналмалы цилиндрлі екі қалақшалы желқозғалтқышының маңдайлық кедергі коэффициентінің ағын жылдамдығына әмбебап тәуелділіктері зерттелген. Алынған нәтижелер Рейнольдс санының артуы маңдайлық кедергі коэффициентінің азаюына алып келетінін көрсетті, себебі маңдайлық кедергі коэффициенті маңдайлық кедергі күшіне тура пропорционал болғанымен, ағын жылдамдығының квадраттық мәніне кері пропорционал.

  11. Құсайынов Қ., Жақатаев Т.А. Жел генераторының дөңгелек контурында магнит өрісін есептеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Өндірілген э.қ.к. негізінде электр машинаның ауалы қуысында магнит өрісінің индукциясын жəне В(у) таралуын есептеуге итерациялық модель ұсынылды. Сол бойынша магнит өрісінің Ф ағыны есептелді. Модель ротордағы магнит жəне статордағы ферромагниттік сақина арасындағы жанасқан механикалық күшті есептеуге арналды. Есептеулер көлемдік пондеромоторлы күштерді ескерді. Темір–неодим–бор қоспадан жасалған қуатты дискілі магниттер негізінде жел генераторының тиімді жобасы құрастырылды.