2013, Vol. 10 No. 2(20)

  1. Прибатурин Н.А., Меледин В.Г. Екіфазалы ағыстардың құрылымы мен эволюциясын тәжірибелік зерттеудің көп ақпаратты әдістемелері.
    [Жүктеу]
    Аннотация

    Газ-сұйық фаза аралық шекарасының фиксациялау негізіндегі жаңа тәжірибелік әдістемелер сипатталған. Ұсынылған әдістемелер екіфазалы ағыстардың 2D мен 3D эффектілерін сипаттау мен бақылауға мүмкіндік береді. Дабылды өңдеудің алгоритмі екіфазалы ағыстарда көпіршік пен сұйық тамшысының тәртібі туралы көп ақпаратты алуға мүмкіндік береді: оның үшөлшемді траекториясы, жылдамдықтың үш құраушысының пульсациялары, дисперстік фазаның контуры мен көлемі. Екіфазалы көпіршіктік ағыстарды зерттеу үшін өңделген әдістемені қолдану мысалдары келтірілген.

  2. Кұсаиынов К., Алпысова Г.К., Танашев Е.Т., Толынбеков А.Б., Тлеубергенова А.Шұбаркөл көмірінің қалдықтарынан сулы-көмірлі қосылыстарын алу үшін реагентті-пластификаторлардың қолданылуымен жүргізілген тәжірибелік зерттеулер.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Қазіргі заманғы жылуэнергетиканың дамуы – мұнай өңдеу өндірісінде бағалы шикізат болып табылатын, қымбат сұйық отынның қолдану үлесінің шектелуімен және қатты отынның қолданылуының ұлғаюымен сипатталады. Қатты отын өндірісінің артуы салдарынан жоғары сапалы көмір аймақтарының қоры жүдейді. Сонымен қатар, шахталық тәсілмен өндірілетін, қатты отынның сапасының нашарлауы байқалады. Ашық әдіспен өндірілетін қуатты көмірді дайындау үшін, оны энергия қондырғылары мен басқа да отынды қолдану құрылғыларында пайдалану кейбір қиындықтарды тудырады. Яғни, ол – жоғарғы баға мен отынды дайындау кезіндегі энергия мөлшерінің артуы болып табылады.

  3. Шәймерденова Г.М., Бұлқайырова Г.А., Саденова К.К., Сағымбекова М.Н. Табиғи кварц минералының ұсақталынуына су асты электр разрядының әсерін зерттеу.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада электрогидраликалық әдістің табиғи кварц минералының ұсақталуына әсерін зерттеу нәтижелері қарастырылды. Кварц минералының түрлері мен өндірісте қолдану аймағы қарастырылды. Табиғи минералдарды бөлшектеу мен ұнтақтаудың тиімді əдістерінің бірі — электроимпульстік технология. Фракцияның әр түрлі мәндерінде алынған зертхана сынақтарының қорытындылары көрсетілген. Ұсынылып отырған технология арқылы табиғи кварц минералын ұнтақтау жұмыстары кезінде алынған мəліметтер келешекте өндіріс орындарында қолданыс табуы мүмкін.

  4. Сақыпова С.Е., Қамбарова Ж.Т., Тургунов M.M., Кұсаиынов E.K., Кұсаиынова A.K. . Аз жел жылдамдықтарына арналған жел турбинаны өңдеп шығару.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Мақала беттері динамикалық түрде өзгеретін қалақтарды қолдануымен электрлік энергияны өңдеп шығаруға арналған аз қуатты көпқалақты желқозғалтқыштарын жобалау және жасап шығаруға арналған. Беттері динамикалық түрде өзгеретін қалақтарға ие жел турбинасының тәжірибелі үлгісі жасалды. Жел турбинасының динамикалық түрде өзгеретін пішінді қалақтарының аэродинамикалық сипаттамалары зерттелінген. Жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде жел турбинаның аэродинамикалық тарту күшінің жел ағынның жылдамдығы мен нысан бұрышынан тәуелділіктері алынды.

  5. Кұсаиынов К., Тургунов М.М., Танашева Н.К., Дюсембаева А.Н., Қалыкова А Кеуектіліктің айналмалы цилиндрдің аэродинамикалық сипаттамаларына әсері.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Бұл жұмыста айналу саны тұрақты кеуек бетті айналмалы цилиндрдің ауа ағынының жылдамдығының 5…13 м/с (Re=40000…105000) диапазонындағы маңдайлық кедергісі мен көтеру күшін анықтау бойынша жасалған эксперименттік зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Сонымен қатар жеке айналмалы цилиндрдің тұрақты жел жылдамдығында 400…1400 айн/мин аралығындағы майдайлық кедергісін және көтеру күшін зерттеу нәтижелері берілген. Маңдайлық кедергі коэффициенті мен көтеру күші коэффициентінің Рейнольдс саны және цилиндрдің айналу санынан тәуелді болатыны көрсетілген. Аэродинамикалық сипаттамалардың коэффициенттерінің айналмалы цилиндр бетінің кеуектілік дәрежесінен тәуелділігі орнатылды.

  6. Мамырбаева Е.Е., Хобосян М.А., Кумеков С.Е., Мартиросян К.С. Литий иондық аккумуляторларда қолданылатын наноқұрылымды катод материалын LiCoO2 синтездеу.
    [Жүктеу]
    Аннотация

    LiCoO2 был получен методом сжигания с использованием наночастиц углерода в качестве основного горючего. Было показано, что главный реагент синтеза углерод не входит в состав конечного продукта, а выделяется в виде газа CO2. Показано, что концентрация углерода в реакционной смеси и способность проникновение кислорода в реакционную зону, являются основными параметрами образованию слоистой структуры LiCoO2, и на размеры частиц. Синтезированные кристаллические наночастицы имели сферическую форму, и диаметр частиц составлял от 60 до 200 нм. Был проведен термогравиметрический анализ для определения особенностей в процессе синтеза с использованием следующих систем LiNO3-Co3O4 и углерод. Цель данной работы заключалась в разработке метода получения наноразмерных материалов для литий-ионных аккумуляторов с применением CCSO.

  7. Юров В.М., Лауринас В.Ч., Гученко С.А., Завацкая О.Н. Ионды-плазмалық қабыршақтарының көпфазалы физикалық қасиеттері.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Бұл мақалада келесі сұрақтар қарастырылған: көпкомпонентті плазмалы ағындар тұнбасының жағдайында алынған қабыршақтардың құрылымдарын зерттеу; көпфазалық қабыршақтардың құрылымдары мен қасиеттеріне иондық және лазерлік сәулеленудің әсері. Ионды-плазмалық тұнбаның әдісімен алынған, қабыршақтардың физикалық қасиеттеріне және құрылымдарына ықпалсыз әсер етуі келесі параметрлерге ие болады, оны эксперимент жүзінде анықталды: жұмыс камерасындағы реакцияланған газдың қысымы, потенциал негізі, доғалық разрядтың тогы, катод материалының касиеттері, астының қызуы. БҒМ ҚР 055 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет» бағдарламасы бойынша жұмысы орындалған, 101 бағдарлама астында «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру».

  8. Сақыпова С.Е., Нүсіпбеков Б.Р., Айтпаева З.К., Хасенов А.К., Оспанова Д.А., Стоев М. Электроимпульстік өңдеу нәтижесіндегі металқұрамды және техногенді шикізат қасиеттерінің өзгерісі.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада металқұрамды шикізатты өндеу үшін электроимпульстік технологияны қолдану нәтижелері қарастырылған. Қазақстанның Нұрқазған және Анненск кең орындарынан алынған кең үлгілерінің электроимпульстік өндеуге дейінгі және одан кейінгі элементтік құрамдарының талдалу нәтижелері көрсетілген. Үлгі қасиеттерінің өзгеруі және ондағы кейбір элементтің массалық концентрацияларының, сонымен қатар электроимпульстік өңдеуден кейін сирек металдардың ұлғаюы туралы анықтамалар алынды. Металқұрамды және техногенді шикізаттарға электроимпульстік өндеуді қолдану анықталған параметрлері бар дисперсті материалдарды алуға және құнды компоненттерді эффективті бөліп алу қабілеттілігін артыруға мүмкіндік береді. Өңдеудің электроимпульстік технологиясы металқұрамды шикізаттарды байыту процестерінің тәжірибесінде қолдануға болатыны орнатылды.

  9. Жаутиков Б.А., Айкеева А.А., Жаутиков Ф.Б., Мухтарова П.А. Электромагниттік көтергіш қондырғысын жасау жолымен тау –кен массасын тасымалдау үшін энергия үнемдеу технологиясың өңдеу.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық Стратегиясында және 2010-2014 жылдардағы Қазақстан Республикасы дамуының индустриалды-инновациялық форсирленген Мемлекеттік бағдарламасында ескірген технология, техника және құрылғыларды соңғы ғылыми және инженерлік жетістіктермен жаңарту курсы қарастырылған. Тау–кен массасын терең горизонттардан жаңа шахталық және карьерлік машиналарсыз алу мүмкін емес. Сондықтан жаңа көтергіш қондырғыларды жасау тау–кен массасын көтерудің эффективті әдісі болып табылады.

  10. Колесников В.А., Байсагов Я.Ж. Қазіргі заманғы салмақ өлшеуіш кешеннің негізінде ақпараттық өлшеуіш жүйесін құрастырудың технологиялық принциптері.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Мақала салмақтық кешенінің негізіндегі ақпараттық өлшеуіш жүйені құрастырудың негізгі принциптеріне арналған. Таразы және салмақтық кешендерінің салыстырмалы сипаттамалары берілген. Жаңа салмақ өлшегіш кешені мен ақпараттық жүйені құрастырудың сипаттамалары келтірілген. Жүйенің құрылымдық сұлбалары көрсетілген. Жүйе түйіндерінің үшөлшемді модельдері мен жұмыс істеу алгоритмдері келтірілген.

  11. Колесников В.А., Байсагов Я.Ж. Импедансты өлшеуіштегі тесттік дабылдаржы құру үшін бағдарламалық логикалық интегралдық сұлбаны қолдану.

    [Жүктеу]
    Аннотация

    Берілген мақалада импедансты көпірлік өлшеуіш үшін қазiргi заманғы тез әсер ететiн құраушыларды қолдануымен тесттік дабылдарды құру тәсiлі сипатталды. Мақалада өлшеуiш сұлбаны таңдау, негiзгi элементтiк базаны таңдау негізделген, бағдарламалық логикалық матрицаны қолдануымен алға қойылған есептiң іске асырудың тәсiлі сипатталған. Жұмыс барысында Verilog тiлінде бағдарламаланған логикалық матрицаның жұмысының алгоритмі іске асырылған, бағдарламалаудың мысалдары келтiрiлген. Нәтижеде импедансты өлшеуiшi үшiн тестiлiк дабылдың сандық генераторы жобаланған