2013, Vol. 10 No. 1(19)

  1. Жанабаев З.Ж., Ибраимов М.К., Сагидолда Е. Фракталды кеуекті кремний наноқабыршақтарының электрондық қасиеттері.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Электрохимиялық әдіспен алынған кеуекті кремний қабыршақтары зерттелген. NTegra Therma сканирлеуші зондық микроскопы арқылы үлгілердің морфологиясы алынды. Кремнийдің кеуекті жұқа қабыршақтарына әр-түрлі факторлар, мысалға қабыршақ арқылы өтетін ток күшінің әсері бақыланды. Кернеудің белгілі бір аралығында кеуекті кремнийдің вольт-амперлік сипаттамасы бейсызық хаосты болатыны көрсетілді. Токтың кернеуден тәуелділігі, яғни, электрондардың көп реттік туннелденуі кеңжолақты спектрлі хаос генераторын жасауда қолданылуы мүмкін.

  2. Лежнин С.И. Гибридті ядролы-термоядролы жүйелер және бөлшектердің тасымалдауын статистикалық модельдеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Әр түрлі гибридті жүйелердің сипаттамаларының салыстырмалы талдауы келтірілген. Келесі жүйелер зерттелген: ADS жүйелер; ТОКАМАК негізіндегі нейтрондар көздеріне ие болатын жүйелер; ашық плазмалық торлар негізіндегі нейтрондардың көздері бар жүйелер. Техникалық қарапайымдылығымен, нейтрондар көзінің төмен құнымен, нейтрондарды қолданудың жоғары коэффициентімен ерекшеленетін қазіргі заманғы өндірулер бойынша мәселелерге көп назар аударылған. Газдыдинамикалық тор негізіндегі нейтрондардың плазмалық көзін, нейтрондардың тасымалдауын, изотопты кинетиканы модельдеуге арналған кодтардың өңделген жүйесі гибридті жүйелердің әр түрлі параметрлерін оптимизациялау үшін қажетті есептеулерді жүргізуге және мұндай жүйелердің техникалық және экономикалық эффективтілігін талдау үшін қажетті сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді

  3. Омарқұлов Қ.А., Омарқұлов Е.Қ., Баймұханов З.К., Акимбеков Е.Т. Төрт қозғалмайтын центрлер туралы есеп.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Аспан механикасының жаңа «модельдік» есебі қарастырылды. Бұл есеп екі центрі осінде, ал екі центрі осінде бір-бірінен кез келген ара-қашықтықта орналасқан төрт қозғалмайтын центрлері туралы жазық есеп болып табылады. Есеп квадратураларға қиындастырылған, сонымен бірге табиғи және жасанды аспан денелерінің қозғалыс теориясына салдар қатары көрсетілген.

  4. Сәулебеков А.О., Абдрахманов Н.Г., Қамбарова Ж.Т.,Сағындыкова Г.Е. Гексапольді-цилиндрлік өріс негізіндегі зарядталған бөлшектер ағындарының талдағыштары.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Зарядталған бөлшектер траекторияларын есептеудің жуықтау-аналитикалық әдістің көмегімен гексапольдік-цилиндрлік өріс негізіндегі айналық анализатордың корпускулалы-оптикалық параметрлері анықталған. Цилиндрлік өріс пен гексапольдің әр түрлі үлестерімен жүйелерінің сипаттамаларының талдауы келтірілген. Бұрын қарастырылған сұлбаларының ішінен параметрлері бойынша оптималды жүйе анықталып көрсетілген.

  5. Усеинов А.Б., Акылбеков А.Т., Даулетбекова А.К. Цинк тотығы кристалының полярлы емес және беттерінің релаксациялану механизмі: Ab initio есептеулер.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Берілген жұмыста цинк оксидінің полярсыз және беттерінің ab initio есептеулері келтірілген. беті бетіне қарағанда тұрақты екендігі көрсетілді. Электронды релаксация химиялық байланысқа коваленттілік үлкен маңызға ие бетте зарядтың қайта таралуын тудырады. Вертикаль ығысуларды талдау релаксацияның қарапайым бейнесін көрсетті: релаксациядан соң Zn иондары кристалл ішіне қарай терең ығысып, ал О иондарының кристалл ішіне ығысуы әлсіз болады. Осылайша, аниондар катиондарға қарағанда биік орналасады. Әдетте, мұндай жағдайлар металл-оксидті беттерде бақыланады.

  6. Көкетай Т.Ә., Ким Л.М., Нұрпеиісов Р.А., Тағаева Б.С. Литий сульфаты моногидридінде су молекулаларының рекомбинациялық үдерістерге әсері.

    [жүктеу]

    Аннотация

    Li2SO4H2O термоынталандырылған люминесценция қисықтары зерделенді. Алынған нәтижелерді түсіндіру үшін кванттық-химиялық есептеулер жүргізілді. Су молекулалары радиолизінің өнімдері сульфатты аниондардың ыдырауына алып келетіні көрсетілді. Екінші жағынан олар рекомбинациялық үдерістерден сульфаттық ішкі жүйелердің ақауларын «жояды».

  7. Бактыбеков К.С., Баратова А.А. Компьютерлік модельдеу көмегімен бимолекулалық әсерлерді зерттеу.

    [жүктеу]

    Аннотация

    Бастапқы таралуы әр түрлі реагенттердің матрицаларындағы бимолекулалық әсерлерді компьютерлік модельдеу нәтижелері көрсетілген. Мультифракталдық талдаудың көмегімен зерттелінетін бетте реагенттердің таралуының өзгеруі қарастырылған. Алынған нәтижелер кинетикалық режимдері әр түрлі реттелген көрсеткіші үлкен матрицаларда кинетика кемуінің баяулайтыны байқалатыны көрсетілген.

  8. Амочаева Г.П., Омарбекова Г.И., Закиев Д.М D-LINK қондырғысы негізінде телекоммуникациялық бағыттағы мамандарды даярлау.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада, D-Link әлемдік өндірушінің қондырғылары негізінде радиотехника және телекоммуникация негіздері лабораториясы құрылғандығы туралы айтылған. Бұл лабораторияда әртүрлі телекоммуникациялық жүйелерді сымды және сымсыз технологиялардың көмегімен үлгілеуге болады. Бұл лабораторияда РЭТ мамандығының барлық арнайы пәндері бойынша сабақтар жүргізіледі. Сонымен қоса осы қондырғылардың көмегімен административті локальді желілер бойынша арнайы курс ұйымдастырып, курсы аяқтағандарға D-Link фирмасының сертификатын алуға болады.

  9. Айкеева А.А. Скиптің қозғалыс кезіндегі пневмокөтергіш қондырғылардың нығыздаушы құрылғылардың серпімді элементерің динамикалық талдауы.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Қазіргі замандағы ақпараттық әдістер жүйелік талдауда негізденіледі және де машиналарды моделдеу негізінде жасау мен эксплуатацияның технология өзгешеліктерді, оның деформацияланудың линейлық емес механика әдістерімен жүзеге асуының еске алады. Сондықтан, осы әдістерді шахталық және карьерлік пневмокөтергіш қондырғының скипінің есебіне, оның жұмысының сенімділігінің қамсыздандыруының, теориялық жолмен табылған нәтиженің эксперименталді тексерісіне қолдануы актуалды есеб болып табылады. Сонымент қатар, әр түрлі бұйымның және конструкциялардың есеп пен жобалау қазіргі замандағы теориялық әдістердің негізінде бірі ақырлы элементтер әдісі колданылады. Бүгінгі күні аса кең таралған программалық кешендердің бірі ақырлы элементтер әдісін пайдаланатын, ANSYS қолданбалы программалар пакеті болып табылады. Бүл жағдайда ANSYS қолданбалы программалар пакетін теориялық, аналитикалық зерттеулерде пайдалануға болады.

  10. Құсайынов Қ., Сакипова С.Е., Нүсіпбеков Б.Р., Айтпаева З.К., Хасенов А.К. Aқшатау техногендік шикізатының сапасына электроимпульсті өңдеудің әсері.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Жұмыста кенді және техногенді шикізатты электроимпульсті әдіспен өңдеудің артықшылығы негізделген. Соққы толқындарының қысымының энергиясы қолданылатын электроимпульсті технологияның негізгі сипаттамалары жазылды. Ақшатау кенін қарқынды бөлшектеу үшін электроимпульсті қондырғының тиімді параметрлері тәжірибелік тұрғыда анықталды. Техногенді шикізаттың электроимпульсті өңдеуге дейінгі және өңделгеннен кейінгі спектралдық талдауларының нәтижелері келтірілді. Электроимпульсті өңдеу шикізаттағы мыс пен күмістің құрамын артыруға мүмкіндік беретінін көрсетті.