2012, Vol. 09 No. 2(18)

  1. Макаров П.В., Евтушенко Е.П., Бектемиров Н.А. Шахтадағы қазып салу жұмыстарын жүргізу кезіндегі шатырдың отырғызуын модельдеу.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Тау жыныстарының деформация ерекшеліктерін, мысалы ішкі үйкелісті, дилатансияны, бұзылудың жиналуын ескеретін тау сілемі үшін геоортаның моделі өңделген. Көмірді ойлып алу кезіндегі таза тау өндірудегі шатырдың отырғызуы мен апат қиратуларының есептеу әдістемі ұсынылған. Кузбасс шахталардың мәліметтерін қолдана отырып, шалу қозғалысының әр түрлі жылдамдықтары үшін шатырдың алғашқы мен одан арғы отырғызуларының есептеулері жүргізілген. Шалу қозғалысының жоғары жылдамдықтары кезіндегі шатырдағы стационарлы емес тепе-теңсіз деформациялық процестердің зерттеуіне көп көңіл аударылды.

  2. Құсайынов Қ., Дүйсенбаева М.С., Алпысова Г.К.,Танашев Е.Т. Толынбеков А. Суасты ұшқын разрядының Шұбаркөл көмірінің құрылымына әсері
    [жүктеу]
    Аннотация

    Қазіргі кезде мұнай – органикалық шикізаттың негізгі көзі болып табылады, оның әлемдік қорлардың шектеулігі мен оны өндіру құнының тұрақты өсімі альтернативті органикалық шикізатты химиялық қайта өңдеудің жаңа процестерін құру бойынша жұмыстарды ынталандырады. Әлемдік қоры мұнай мен газдардікінен артық болатын көмір – органикалық синтездің мотор жанармай мен өнімдерін өндіру үшін шикізаттың негізгі түрлерінің бірі болып қарастырылады. Берілген жұмыста Шұбаркөл көмірін электрогидроимпульстік технология көмегімен өңдеу ұсынылады. Электрогидравликалық әдістерді қолдану айтарлықтай экономикалық пайда, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян шығарылымдарды кемітуге немесе өндірістің зиян қалдықтарды қайта өңдеуге әкеледі. Гетерогендік ортаға электрогидравликалық әсер етуін зерттеу қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауы мен энергиялық пен минералдық ресурстардың қымбаттау жағдайында қажетті мен өзекті болып табылады.

  3. Нүсіпбеков Б.Р., Карабекова Д.Ж., Жаргакова С.С., Бейсенбек А.Ж. Бақылау құбырларының диагностикасы
    [жүктеу]
    Аннотация

    Бақылаудың жылулық әдістемесі жерасты құбыр өткізгіштерінің жылулық оқшаулығышы кезіндегі талдаулары үшін кең қолданыс табуда. Бақылаудың жылулық әдістемесінде бақылау нысанасында таралатын жылулық энергия қолданылады. Объект бетінің температуралық өрісі жылу берілу процесінің ерекшеліктері туралы ақпарат көзі болып табылады. Бұл мақалада біз жасаған жылулық ағын құрылғыларының бірнеше модификациялары сипатталған. Бұл аспаптардың ортақ элементі жылулық ағынның жылуэлектрлік түрлендіргіш рөлін орындайтын арнайы конструкциялы батареялы жылуэлектрлі құрылғы болып табылады.

  4. Қ. Құсайынов, С.Е.Сақыпова, Б.А., Турдыбеков К.М., Ахмадиев, Н.Н.Шуюшбаева, Ж.А.Кужуханова. Жер қойнауынан жылу алуға арналған электроимпульсті технология арқылы жылуалмастырғышты құру.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Зерттеудің мақсаты – өңдірістік, қоғамдық және тұрғын мекемелерді жылумен, суықпен жабдықтау үшін дәстүрлі емес және қайта қалпына келетін энергия көздері ретінде энергияны үнемдеуші жылу сорғыш технологияларын ғылыми тәжірибе негізінде енгізуді өңдеу болып табылады. Жер койнауындағы жылуды қолдануға жылу сорғыштағы жылу алмастырғышты ұңғыға орналастырады. Ұңғы алуда жиі қолданылатын әдістердін бірі-бұрғылау. Электрогидравликалық бұрғылау принципиалды бұрғылаудын жаңа әдісі болып табылады, тау кен тастарын бұзу арқылы электрлік энергия механикалық жұмысқа ауысады. Мұның орындалуына электрогидравликалық бұрғылаудын әр түрлі типтері мен модификациялары қолданылады.

  5. T. Ниссель, И. Дик, E. Эндрес, Л.ЯкобКремний карбиді мен кремнийдің үгінділер қоқымдарын кәдіге жарату
    [жүктеу]
    Аннотация

    Фотоэлектрлік өнеркәсіп үшін кремний пластиналарын өндіруде моно- немесе поликристалдық кесектерді пластиналарға кесу процесі қолданылады. Бұл үшін фотоэлектрлік (PV) және жартылайөткізгішті (SC) салаларында SiC суспензиямен қолданылуымен мультиканаттық аралар қолданылады. Аралау процесі мөлшері үлкен үгінділерді береді. Кесетін сымның диаметрі мен пластина қалыңдығына байланысты үгінділер мөлшері кесектің бастапқы салмағының 30-50 %-ын береді. Бұл қалдықтар негізінен SiC мен Fe және басқа металдардың абразистерінен құрылады, ал ара сымы гликольдің полиэтилен суспензиясынан (PEG) құрылады. Олар фотоэлектрлік өнеркәсіп үшін бағалы материалдар болып табылады. Қалдықтарды кәдіге жарату есебін шешу экономикалық пен экологиялық тұрғыдан назар аударуды талап етеді. Бұл мақала Si мен SiC –дыларды кәдіге жаратуымен байланысты әр түрлі концепциялары және өзіміздің тәжірибе жайлы ақпарат береді.

  6. Нүсіпбеков Б.Р., Хасенов A.K., Бейсенбек A.Ж. Металлургиялық кремнийді ұнтақтау технологиясы
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада кремнийдің қолданылатын аймақтары, оны басқа жартылайөткізгіш материалдармен салыстырғандағы артықшылықтары келтірілген. Металлургиялық кремнийді электроимпульстік тәсілмен өңдеу мақсаты мен міндеттері түсіндіріліді. Өнімді электроимпульсті тәсілмен өңдеудің тиімді жолдары ұсынылған. Электроимпульстік тәсілмен ұсақталған металлургиялық кремнийдің құрамындағы қоспа элементтер анықталып, механикалық бөлшектегіштерде ұсақталған өніммен салыстырылды. және оның сапасына аса зиянды қоспалар қатарындағы элеметтердің құрамын жоюда қолайлы әдістердің бірі. Сонымен қатар, электроимпульсті қондырғыда металлургиялық кремнийді өңдеу керекті мөлшерде кремний ұнтағын алуда көп шығынды қажет етпейді.

  7. Медетов Н.А.Табиғи наноқұрылымды материал – хризотилдық таскендірдің құрылымын зерттеу
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада табиғи наноқұрылымды материал – хризотилдық таскендірдің қасиеттерін талқыланды. Зерттеу объектісі Қостанай облысының Жетіқара қаласындағы кенорнында табылды. Нанотүтікшілерден құрылған материал ретіндегі таскендірді қолданудың мүмкіндікті бағыттары келтірілген. Рентгендік әдістің хризотилдік талшықтары зерттелді, соның ішінде ренгтгендік дифракция мен кішібұрыштық шашырауды өлшеу жүргізілді. Берілген эксперименттер көпфункционалды рентгендік комбайнды қолдануда негізделген.

  8. Смирнов М.Б., Маженов Н.А., Aliouane N., Pierre Saint – Gregoire. Кварцтәрізді FePO4 кристалындағы анизотропты жылу параметрлері мен альфа – бета фазалық өтулер.
    [жүктеу]
    Аннотация

    FePO4 кристалл торында a-b фазалық өту барысындағы өтетін құрылымдық өзгерістердің механизмі келтірілген. Кристалл ішіндегі жүретін жылу параметрлерінің өзгерісін рентгенқұрылымдық әдіспен өте дәл зерттеулер жүргізілген. Осы микроскопиялық әдістер арқылы кристалл торы динамикасының дәл есептеулер келтірілген. Анизоторопты жылу параметрлерінің температураға тәуелділігі мен FePO4 кристалл торындағы атомдарды табу үшін ықтималдық таралу функциясын пайдалану есептелінген. Ландау, Лифшиц теориялары арқылы фазалық өту ретінің параметрдің микроскопиялық талдауын зерттеу қажет болды.

  9. Копбалина К.Б., Маженов Н.А. Оттегінің күрделі органикалық молекулалардың қозған күйіне әсері.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Кристалл ішіндегі жүретін жылу параметрлерінің өзгерісін рентгенқұрылымдық әдіспен өте дәл зерттеулер жүргізілген. Осы микроскопиялық әдістер арқылы кристалл торы динамикасының дәл есептеулер келтірілген. Анизоторопты жылу параметрлерінің температураға тәуелділігі мен FePO4 кристалл торындағы атомдарды табу үшін ықтималдық таралу функциясын пайдалану есептелінген. Ландау, Лифшиц теориялары арқылы фазалық өту ретінің параметрдің микроскопиялық талдауын зерттеу қажет болды.