2012, Vol. 09 No. 1(17)

  1. Жаңабаев З.Ж. Наноэлектроникадағы және нейродинамикадағы фракталды өлшемдер.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Аддитивті физикалық шаманың (өлшемнің) кеңістік-уақыттық өзгерісін сипаттайтын объектінің фракталдық және топологиялық өлшемділіктерінің айырымына байланысты теңдеу ұсынылған. Бұл теңдеу өлшем туындысының таңбасын ескеретін екі айнымалы үшін бейнелеу түрінде жазылған. Өлшеу масштабы өлшемнің өзіне және сыртқы параметрге байланысты болатын бейсызық фрактал түсінігі енгізілген. Фракталдық өлшем ретінде экситондық құрылымдардың энергиясы және нейрондар әсерінің потенциалы алынған. Теория нәтижелері тәжірибемен салыстырылған.

  2. Архипов В.В., Дюсембекова А.С., Зубарева Ю.Е. Тыныштық массасының толқындық интерпретациясы туралы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Берілген жұмыс кванттық теорияның әдіснамалық аспектілерін зерттеуге арналған. Нақтырақ айтсақ, жұмыста элементар бөлшектердің негізгі динамикалық өлшемдерінің толқындық параметрлерінің арақатынасы принциптері мәселелері зерттеледі. Тыныштық массасы кейбір құрылымдық толқындық параметр болып қарастырылуы мүмкін. Мақалада бұл амалдың сыртқы күштер өрісімен жалпылау мүмкіндігі қарастырылады. Сондай- ақ модель үшін анықталмағандық принципінің орындалуы тексерілді.

  3. Бекмырза К.Ж., Мырзахмет М.К., Бактыбеков К.С., М.Никл, Джери В., Бейтлерова A.Таллимен активтендірілген LiKSO4 кристалдарының 77-495 К температуралық аралықтағы люминисценттік қасиеттері жайлы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Сульфаттар жақсы термолюминисценттік материалдар болып табылады. LiKSO4:Tl кристаллдарының негізінде жасалған материалдар иондаушы сәулелендірудің термолюминисценттік дозиметриясының термолюминисценттік төзімділі жоғары люминофорларлар екендігі анықталған. Соңғы жылдары, термолюминисценттік иондаушы сәулелендіруде қолданылатын кейбір қасиеттерге ие болатын сульфаттардың негізінде жасалған люминофорларбойынша жұмыстар жарық көруде. Аталған зерттеулер таллимен активтендірілген LiKSO4 кристалдары LiF кристалдарына қарағанда сезімталрақ болатындығын көрсетті. Осы мақалада таллимен активтендірілген LiKSO4 кристалдары негізінде жасалған люминофорлардың оптикалық қасиеттері қарастырылған.

  4. Сәулебеков А.О., Асылбекова С.Н., Қамбарова Ж.Т., Түсіпбекова А.Қ. «Қоскаскадты цилиндрлік айна» типті ЕSA-12 электрондық спектрометрін спектрограф жұмыс режиміне көшіру мүмкіндігін зерттеу
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада «қоскаскадты цилиндрлік айна» типті ЕSA-12 электрондық спектрометрін спектрограф жұмыс режиміне көшіру мүмкіндігі зерттелінген. Модернизацияланған сұлба спектрограф режимінде жұмыс істей алатын «ось-ось» типті тоғыстауға ие болатын үш коаксиал цилиндр негізінде құрылған конструкция болып табылады. Корпускулалық оптика жүйелерін модельдеуге арналған «Фокус» сандық бағдарламасының көмегімен модификацияланған энергоанализатордың электронды-оптикалық сұлбасының модельдеуі жүргізілген. Ұсынылып отырған сұлба зарядталған бөлшектер ағынадырының бұрыштық және энергиялық таралуын зерттеулер шапшаңдығы мен дәлдігін айтарлықтай арттыруын қамтамасыз етеді.

  5. Мехтиев А.Д., Жамлиханова Ю.С., Ким П.М., Гольнева А.В. Вакуум радиаторының қолдануымен жылумен жабдықтаудың жүйелерiнiң жұмыстың тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Айтылмыш мақалада игерушіліктің өзектілігі инновациялық энергия сақтаулы технологияларының тұрғын ғимараттың және индустриялық ғимараттың жылу жарылқаушылықтың жүйелерінде арқылы электр вакуумды радиаторлар тиімді жылу тасығыш көрсетіледі. Сындарлы жылумен камтамасыздандыру берілген аспап сияқты әдеттегі радиаторлар майы орында. Айырмашылық – оның ішінде ысыт-су өтіп кетпейді, анда вакуум және тиімді жылу тасығыш (жылының реагент бас негіз эфир майлардың), құралады нешінші электротенмен алымдылықпен 300 вт қызады. Жылумен жабдықтауды жүйедегi тиiмдi жылу шығаратын заты бар автономды автоматты энергиясақтау вакуум радиаторы енгiзулерi, мүмкiндiк мақсатпен тұрғын үйлердiң жылытуы үшiн энергияның тұтынуы едәуiр қысқартуға болып табылады. Қарапайым математикалық есептеу осы өңдеудi қолдануданғы экономикалық артықшылықтары дәлелдеуге мүмкiндiк бередi.

  6. Корабейникова В.К., Воронов Е.Н. Том – 1 жылыту цилиндрлік жылу алмастыру модулінің энергия сақтау моделі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Кузнецкийдiн төменгі сортты көмiрi тиiмдi өртелуi үшiн, Е.Н. Вороновтың ұсынысы бойынша өкiл болатын энергия сақтау технологияларының жылытқыш цилиндрлiк жылу алмастырғыш ТОМ-1 модулін жасап апробациялады. Айырмашылық ерекшелiгi фракциялы көмiрдi жiгiнде өртеу үшiн керегемен және жүктеушi сақинамен оттық жылжымайтын непровальноймен сүйiр оттық болып табылады. Сонымен бiрге қазан айналдыра қалап тастауын орындайтын сулы жейделер коллекторлары құрама – таратушы су перiлерi бар жылытқыш керней элементтерiнiң жылу алмастырғыш секцияларының түрiндегi конструкциясы. Кiрбiк корунданы жылулық изоляция ретiнде қолданылады. Айтылмыш конструкция энергияүнемдеуші технологияның өкілімен болып табылады.

  7. Құсайынов К., Сақыпова С.Е., Құсайынова А.К., Дүйсембаева А.Н., Таңсықбаева Н.К Турбуленттік ағынындағы айналмалы цилиндрлардың жүйесiнiң аэродинамикасы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада айналмалы цилиндрлардың жүйенiң жел турбинаның элементі ретiнде қолдануының мүмкiндiгi қарастырылды. Эксперименталдық қондырғымен өлшеу әдiстемесi сипатталған. Турбуленттік ағынын айналмалы цилиндрлардың жүйесiн көлденең айналып өтуiнде аэродинамикалық күштері өлшенген. Цилиндрлардың жүйесiнiң көлденең айналып өтуiнде олардың арасындағы ұтымды қашықтықты анықтауды әдiстеме жасалған. Магнустiң эффектiнiң әсеріне байланысты көтергiш күштi ең үлкен мәнге дейін күшейтуге мүмкiндiк туғызатын және сәйкесiнше жел турбинаны тиiмдiлiгiң дамытатың шарты эксперименталдi түрде анықталған.

  8. Нариманова Г.Н., Нариманов Р.К. Төмен көмiртектi болат сызатының төбесiндегi пластикалық деформацияның дамуы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Созылуға сыналған төмен көмiртектi болаттан жасалған үлгiлердің сызатының төбесiндегi пластикалық аймаққа in situ зерттеуi жүргізілді. Үлгілердегі сызат циклдік жүктеу арқылы өсірілген. Зерттелетiн материал әртүрлi күйлерде болды: бастапқы күйде, электр импульсты өңдеуден кейiн және қыздыру өңдеуiнен кейiн. Деформацияның өрiстерiнiң кернеулер концентраторының аймағындағы сандық есептеу жүргiзiлдi. Өздiгiнен ұйымдастырылатын құрылымдар материалдың пластикалық ағымы процесінде сызаттың төбесінде орнатылды. Өздiгiнен ұйымдастырылатын құрылымдар деформациялау үдерісінде жоғалып қайта көрiнiп қалу қабiлетіне ие болады.

  9. Панас А.И.Аса кең жолақты жоғары жиiлiктi сызықты емес генераторы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Зерттелетiн материал әртүрлi күйлерде болды: бастапқы күйде, электр импульсты өңдеуден кейiн және қыздыру өңдеуiнен кейiн. Деформацияның өрiстерiнiң кернеулер концентраторының аймағындағы сандық есептеу жүргiзiлдi. Өздiгiнен ұйымдастырылатын құрылымдар материалдың пластикалық ағымы процесінде сызаттың төбесінде орнатылды. Өздiгiнен ұйымдастырылатын құрылымдар деформациялау үдерісінде жоғалып қайта көрiнiп қалу қабiлетіне ие болады.