2011, Vol. 08 No. 2(16)

  1. З.Ж. Жанабаев, A.A. Темирбаев, С.Б. Тарасов, Е.Д.Налибаев. Глобалды және бейсызықты байланысқан осцилляторлар ансамблін эксперименттік зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Шекті кезеңдік тербелістер беретін радиотехникалық генераторлар популяциясының бірлескен динамикасы қарастырылған. Генераторлардың глобалды кері байланыс тізбегіне сызықты немесе бейсызық фазаығыстырғыш қосылған. Физикалық эксперимент жасалып, осы жүйенің математикалық моделі алынған. Сызықты байланыс кезіндегі стандартты Курамото өткелі, сондай-ақ, [M. Rosenblum and A. Pikovsky, Phys. Rev. Lett., 98, 064101 (2007)] болжаған квазипериодтық өзқауым күйіне өту жағдайы көрсетілген. Бұл күйде ансамблдегі осцилляторлардың жиіліктері ортақ өріс жиілігінен өзгеше болады және рет параметрінің байланыс күшіне тәуелділігі монотонды болмайды. Эксперимет нәтижелерінің ілгеріде дамытылған теория нәтижелерімен жақсы сәйкестігі көрсетілген.

  2. В.Романов, А.Ж.Турмухамбетов. Үйкеліс кезінде диссипативтік құрылымдардың қалыптасуы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Шекаралық түйісу бетіне май жағуға байланысты салыстырмалы тозуға шыдамдылықтың жүктемеге сызықты тәуелді болатыны белгілі. Беттік қабаттағы диссипативтік құрылымда беттік атомдардың еруі материалдың тозу заңдылығын өзгертеді. Ұсынылып отырған басылымда үйкеліс кезінде диссипативтік құрылымдардың қалыптасуын жүзеге асыру қарастырылған. Диссипативтік құрылымдар шекаралық майлаумен салыстырғанда бірдей жүктеу параметрлері үшін тозу минимумы 2-3 рет төмен болатын минималды диссипация аймағы қалыптасу кезіндегі талғамды тасымалдау барысында пайда болады. Диссипативтік құрылымдардың бар, немесе тар ауқымда қалыптасуы және жұқа қабыршақ пайда болғанмен құрылымның болмауы сияқты үш жағдай талқыланған.

  3. К. С. Какенов. Газшаңдыауа қоспалардың жарылысты жану барысында жүктеменің мөлшерін анықтау үшін жүргізілген теориялық және ғылыми – тәжірибелік зерттеулер
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада газшаңды ауа қоспалардың жарылысты жану барсындағы жүктемені анықтау бойынша теориялық және ғылыми-тәжірібиелік зерттеулердің негізі нәтижелері келтірілген. Сонымен бірге өндірістік үй жайда көмір шаңының жарылысында пайда болатын ең жоғары жүктемені анықтау үшін есеп теңдеулері көрсетілген. Жарылыс барысында пайда болған жалының жылдамдығына әр түрлі факторлардың әсері талданған. Теориялық мағлуматтар тәжірібиелік нәтижелерімен дәлеленеді.

  4. К. Кусаиынов, С.Е. Сакипова, Д.А. Оспанова, К.Е. Ахмерова. Айнымалы қималы құбырлардағы газ сұйықты ағыс кезіндегі электрразрядының динамикасы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жұмыс айнымалы қималы арна бойынша сұйық ағысы кезіндегі суасты электр жарылысындағы гидродинамикалық сипаттамаларды тәжірибелік түрде зерттеуге арналған. Мұнда конфузорлы немесе диффузорлы құбырлардағы сұйық ағысы кезінде суасты электр разрядын тудыратын тәжірибелік қондырғысының қысқаша мазмұны келтірілген. Әртүрлі газқұрамы кезіндегі газсұйықты ағындар үшін тәжірибелердің нәтижелері көрсетілген. Газқұрамын арттырған сайын, таза судағымен салыстырғанда газсұйықты ағындарда импульстік қысым амплитудасы кемиді. Диффузорда импульстік қысым амплитудасының кемуі баяу болады, конфузорға қарағанда.

  5. А.Ж. Сатыбалдин, Д.А. Оспанова, К.К. Саденова, Д.А. Мамирбаев. Электрогидроимпульстік әсерету процесі кезіндегі мұнай асфальтенінің құрамының ыдырауының кванты-химиялық
    есептеуі

    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Соңғы жылдары заттардың қасиеттерін өзгерту мақсатында оларға аз энергетикалық әсер етуге қызығушылық туындап отыр. Заттың жеке ерекшеліктерін ескергенде және әсер ету типін дұрыс таңдағанда айтарлықтай энергия шығынысыз болуын және оның құрылымын қажетті бағытқа ауыстыруға болуын ойластыру қажет. Заттардың осындай қасиеттрін басқару мақсатында мұнайға электрогидроимпульстік эффекті құбылысы қолданылған Бұл жағдайдамұнайдың молекулалық құрылымдарын оңай реттеуге болады.

  6. А.К. Ершина. Ротор типті жел турбинасы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жел турбинасы конструкциясының түрі сан алуан, бірақ жұмыс істеу принципіне қарай оларды негізінен үш түрге бөлуге болады – желкенді ( Савониус ЖЭҚ), пропеллерлік және қанатшалы (Дарье аппараты). Қазіргі кезде жел турбинасының пропеллерлік түрі кең таралға н. Оларды өндіріс жақсы меңгерген және көптеген елдерде шығарылады. Турбиналарды бірдей жағдайда қарастырғанда ЖЭҚ арқылы өндірілетін қуат жел дөңгелегі орай өтетін ауданға тура пропорционал. Сондықтан мегаваттық пропеллерлік жел турбиналары қалақшаларының ұзындығы 40м –ден артық болып келеді. Осындай арнайы аэродинамикалық формалы қалақшаларды жасау жоғары квалификациялы инженерлік-техникалық мамандары бар авиазаводтардың қолынан ғана келеді. Соңғы кездері қанатша типтес жел турбинасына (Дарье ЖЭҚ) қызығушылық артуда. Конструкциясы жағынан олар қарапайым және жел энергиясын пайдалану коэффициенті жоғары (x = 0,45). Бұл ЖЭҚ жұмысының тиімділігі қанағаттанарлық болғанымен, осы коэффициенттің эффективтілік мәнін 1,3–1,6 есе арттыратын түрін жасап шығардық. Бұл аппарат Бидарье деп аталынды. Мақалада Бидарьенің конструкциясы, жұмыс істеу принципі және жел энергиясын пайдалану коэффициентін арттыру мүмкіншілігі қарастырылған. Сонымен қатар лабораториялық модельді аэродинамикалық трубада сынау нәтижелері мен аппараттың жұмысы туралы айтылған.

  7. В.В. Архипов, М.В. Колт. Кванттық жүйелердің талдауына термодинамикалық әдістерді қолдану туралы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Ұсынылып отырған жұмыс кванттық жүйелердің тұрақтылығы мәселесіне арналған. Энтропияны тұрақтылық критерийі ретінде қолдану мүмкіндіктері зерттеледі. Классикалық және кванттық теорияларда гармоникалық осциллятор мысал ретінде қолданылған. Термодинамикалық тұрғыдан кванттық үлестірілу классикалық үлестірілуге қарағанда тым пайдалы екені көрсетілген.

  8. А.О. Саулебеков, С.Н. Асылбекова, Ж.Т. Камбарова, А.К. Тусупбекова. Гексапольдік – цилиндрлік өрістегі зарядталған бөлшектер траекторияларын есептеу
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Гексапольдік-цилиндрлік өрістегі зарядталған бөлшектер траекторияларын есептеудің жуықтау-аналитикалық әдісі сипатталған. Траекториялар дәрежелі қатардың кесінділердің оптималды таңдалған суперпозициясы көмегімен анықталған, дәрежелі қатардың коэффициенттері үшін рекуренттік қатынас табылған. Әлі зерттелмеген гекспольдік-цилиндрлік өріс негізіндегі сұлба үшін зарядталған бөлшектердің траекторияларының егжей-тегжейлі есептелуі көрсетілген. Ұсынылған әдістеме көмегімен гексапольдік–цилиндрлік өрістің негізінде корпускулалы-оптикалық сұлбалар есептелінген. Ұсынылған жуықтау-аналитикалық әдіс қарастырылған өрістегі зарядталған бөлшектердің қозғалыс траекторияларын жоғары дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік береді.

  9. С.С. Касымов, Г.И.Омарбекова, И.Э. СулейменовТегіс емес ортадағы беттің сәулеленуін беріліс функциясы арқылы сипаттау
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Газ-сұйық фаза аралық шекарасының фиксациялау негізіндегі жаңа тәжірибелік әдістемелер сипатталған. Ұсынылған әдістемелер екіфазалы ағыстардың 2D мен 3D эффектілерін сипаттау мен бақылауға мүмкіндік береді. Дабылды өңдеудің алгоритмі екіфазалы ағыстарда көпіршік пен сұйық тамшысының тәртібі туралы көп ақпаратты алуға мүмкіндік береді: оның үшөлшемді траекториясы, жылдамдықтың үш құраушысының пульсациялары, дисперстік фазаның контуры мен көлемі. Екіфазалы көпіршіктік ағыстарды зерттеу үшін өңделген әдістемені қолдану мысалдары келтірілген.

  10. Б.А. Прмантаева, И.К.Тлеулесова. Гелийдің асқын нейтронды нуклидтері құрылымының талдауы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    6Не және 8Не ядроларының құрылымы түрлі үш бөлшекті моделдерінде зерттеу жасалды. Эффективті потенциалдың әр түрлі формалар кезіндегі нақты және эффективті қос әсерлесуі ескерілді. Басқа жақын (t+t) каналы және α-кордың поляризациясы да ескерілді. Аталған ядролар α-бөлшекті кор мен скинді құрайтын валентті нуклондардан тұрады деген қорытынды жасалды. Скиннің радиусы 0,9 фм тең.