2011, Vol. 08 No. 1(15)

  1. В.И. Олешко, С.С. Вильчинская, С.Г. Горина. Мырыш селенид кристалының уақыт бойынша ажыратылған люминесценттік спектрометриясы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Ертінден өсірілген (Бриджмен әдісі) және бу фазасынан сублимация арқылы алынған (Давыдов-Марковтың әдісі) легирленбеген ZnSe монокристалдардың импульстік катодо-люминесценциясының спектрлік және кинетикалық сипаттамалары өлшенді. Мырыш селенидінің сәулелену рекомбинация спектрлерінде үш топ жолақтар: экситондық, шеткі сәулелену және терең орналасқан центрлеріндегі тасымалдаушылардың рекомбинациясымен шартталған жолақтар байқалатыны дәлелденді. Әр түрлі табиғатына байланысты ZnSe кристалының шеткі сәулелерінің спектрлік-кинетикалық қасиеттері қарастырылды. Шеткі сәулелерінің топтамаларының саны, олардың қарқындылықтардың қатынасы және спектрдегі орналасуы кристалдардың табиғатымен анықталатыны көрсетілген. (15-80)К аймағында температура жоғарылатуында шеткі сәулеленудің қарқындылығы бір реттілікке азаятыны көрсетілген. Алынған нәтижелер шеткі сәулелену қасиеттерінің донор-акцепторлық қос жұпты үлгi арқылы жақсы сипатталғанын көрсетедi.

  2. В.М.Юров Таза металдардың беттік тартылуы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жумыста қарастырылған сұрақтар массалық үлгілердің беттік тартылуының экспериментальді анықтамасы және таза металдың нанобөлшектері. Беттік тартылу-дың ұзындығын жақсы дәлдікпен анықтауға модель ұсынылған,ол температура және бөлшек пішініне қатысты. Есептеу нәтижесі белгілі модельдермен және «нөлдік өтумен» салыстырылады. Жұмыс МОН РК-ның Фундаментал зерттеулер программа бойынша жасалды. 1034 ФИ Гранты.

  3. К.С. Бактыбеков, М.К. Мырзахмет, М. Никл, В. Джери, К. Бекмырза.Таллиймен активтендірілген күрделі сульфаттар монокристаллдарының люминесценттік қасиеттері жайлы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Аммоний сульфаты кристалдары мен аралас кристалдарда таллимен активтендірілген люминесценция центрлері зерттелген. Амоний сульфаты мен литий және калий аралас сульфаттарының таза және талий иондары ендірілген кристаллдары бөлме температурасында су ерітіндісінен баяу буландыру әдісімен алынған. Барлық зерттелген үлгілердің рентгенолюминесценция спектрлері BGO стандартты сцинтилляторымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Люминесценция центрлері таллидің бір зарядты иондары болып табылатындығы көрсетілген. Орынбасудың екі әртүрлі позициялары кристалдардың люминесценттік сипаттамаларына әлсіз әсер етеді.

  4. И.В. Поярков. Ar – N2 газ жүйесіндегі гравитациялық конвекция.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Азот-Аргон бинарлық жүйесіндегі температура градиентінің тұрақты мәні мен “диффузия – гравитациялық конвекция” өту шегі әртүрлі қысымда эксперимент түрінде зерттелді. Тығыздық градиентіне температура мен концентрация градиенттерінің әсері зерттелді. Тығыздығы орнықсыз жүйелерде екі түрлі араласу байқалады: диффузия және конвективті массатасымалдау. Изотерімді және изотерімді емес араласуларда диффузиялық процесстің конвективті процеске ауысуы бірдей қысымда өтетіндігі көрсетілген. Температура градиенті кезінде конвективтік массатасымалдаудың қарқындылығы төмендейді.

  5. З.Ж. Жанабаев, A.A. Темирбаев, С.Б. Тарасов, Е.Д.Налибаев. Бейсызық фракталдар және наноқұрылымды шалаөткізгіштердегі экситондық құрылымдар
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Аморфты, босқыл шалаөткізгіштердегі экситондар спектрінің фракталдық моделі ұсынылған. Бұл көрсетілген орталарда экситонның сутегі атомына ұқсастық моделі орындалмайды. Экситонның биэкситонның, трионның энергиясының қоздырушы фотон энергиясына байланысын анықтайтын теңдеулер алынған. Теория соңғы жылдардағы экспериментпен салыстырылған. Динамикалық жүйелерге сай мейлінше әмбебап заңдылықтар бар екендігі теория жүзінде көрсетілген.

  6. Л.Л.Миньков, М.Д.Фаргхали, И.Г.Дик. Ішіне инжектор орналастырылған гидроциклонның гидродинамикасы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада тангенс бойынша бағытталған бес түтiгі бар және ішіне инжектор орналастырылған гидроциклондағы ағының үш өлшемді өрісін турбуленттік k-e-RNG үлгісінің негізінде сандық моделдеуі қарастырылған. Модельдеу есептеулері тәжирибелік зерттеу нәтижелерімен салыстырылады. Гидроциклонға инжектірілген сұйықтың қозғалыс бағытының сұйықтың шығынына тәуелділігі көрсетілген. Тәжирибелік нәтижелер мен есептеулер сплит-параметрдің инжектірілген сұйықтың шығынына тәуелділігі бірқалыпты емес екендігі көрсетеді; оның түрі негізгі саңылау арқылы және инжекторланған сұйық ағындағы қуаттарының қатынасымен анықталады.

  7. Ю.М. Смирнов, Б.М. Кенжин, М.А. ЖуруноваҰқсастырын үлгілеу жүйесінің нәтижелері «дірілдеткіш- сейсмикалық модуль–сілем–бұзылым»
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақала механикалық тербелістер генераторының – дірілді – сейсмикалық модульдің көмірлі жыныс алабымен өзара әсерлесуін зерттеуге арналған. Нәтижесінде көмірлі жыныс алабына тараған серпімді сейсмикалық тербелістердің сапалы және мөлшерлік тәуелділігі белгіленді.

  8. Г.П. Амочаева, Д.М. Закиев, Р.А. Мурзалин.NGSDH транспорттық желісіндегі LCAS процедурасының талдауы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Берілген жұмыста LCAS (Арнаның өткізу қабілетін реттеу сұлбасы) процедурасы, яғни виртуальды конкатенция механизіміне реттеме жүргізетін арнаның өткізу қабілеттілігін реттеу сұлбасы келтірілген. LCAS протоколы арнаның сыйымдылығын қызмет көрсетушілердің араласуынсыз динамикалық түрде өзгертуіне мүмкіндік береді. Кез келген технологияның эффективтілігін басынан аяғына дейін тек осы әдіспен бағалауға болуына байланысты протоколдың моделін ең кең тараған программалау тілінде жасау да үлкен қызығушылық тудырып отыр.

  9. Ж.К. Ищанова, Г.П. Амочаева, А.К.Тусупбекова. Сандық дабылдардың таралу сапасыны сөздік кодектердің әсерін зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада дыбыстық кодектерді Квадраттық Амплитудалық Модульделген (КАМ) сигналдарына әсер етуі қарастырылады. Бағалау жасанды модельдің көмегімен жүргізілді. Модель Borland C++Builder 6 бағдарламасының негізінде құрастырылды. Алынған нәтижелерді сараптай отырып, бөгетке қарсы тұру қабілеттілік Алынған нәтижелер қателіктер ықтималдылығының КАМ тәуелді екенін көрсетеді. Бұл бағдарламаны жаңа телекоммуникациялық құрылғылар дайындауда, сондай- ақ оқу үдерісінде пайдалануға болады.