2010, Vol. 07 No. 2(14)

  1. А.В.Базанов, О.В.Алексеева, А.Н.Родионова, В.А.Падохин.Натрийкарбоксиметилцеллюлоза және гидроксиэтилцеллюлозаның араласқан су ерітіндісінің құрылымына жоғарғы жылдамдықтағы әрекет әсері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Вискозиметриялық және реологиялық әдістерімен Na-КМЦ және ГОЭЦ әлсіз және орташа концентрленген су ерітіндісі және олардың араласқан ерітіндерінің қасиеттері зерттелінген. Қарастырылған жүйелердің құрылымына және қасиеттеріне аз уақыттық механикалық әсер ету ықпал ететіні анықталды.

  2. М.Е.Кумеков. Аморфтық гидрогендық жартылай a-Si1-X CX:H өткізгіштегі наноқұрылымдардың тегі құру.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жұқа а-Si1-XCX:H қабыршықтарында көміртегінің құрамы 50 % -тен асқан кезде (х> 0,5) фотолюминесциенттік және фотоэлектрлік қасиеттерінің өзгеруі қабыршықтарда нанокластерлік құрылым пайда болуына байланысты екені тәжірибеден алынған нәтижелерді талдау негізінде көрсетілген.

  3. Д.А.Афанасьев, Н.Х.Ибраев. Кумарин бояғышының наноөлшемді қабыршақтарындағы триплетті орталықтарының қабатаралық және қабат ішіндегі аннигиляцияға температуралық және магниттік өрістің әсурі
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    7-децилокси–3(4’–этоксифенил)–кумарин және пальмитинді қышқыл молекулаларының 1- қабатты және 2-қабатты аралас ленгмюр қабыршақтарындағы триплет-триплетті аннигиляциянның реакциясының зерттеу нәтижелері көрсетілген. Қабыршақтарда квазикристалды құрылысты кластерлер және перколяционды байланысқан кластерлер бар екені анықталды. Әртүрлі молекулалық қабаттардағы молекулалардың әсерлесуімен шартталған аннигиляция 0,5 мс дейінгі тіркеу уақытында төмен температураларда біршама нәтижелі жүзеге асады.

  4. К.Т.Ермаганбетов, Л.В.Чиркова.Кинетикалых коэффициенттердің шалаөткізгіш қабыршақтарының қалыңдығына тәуелділігінен беттік потенциалды анықтау мүмкіндігі туралы
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Қарастырылып отырған жұмыста заряд тасушылардың кинетикалық коэфициенттердің шалаөткізгіш қабыршағының қалыңдығына тәуелділігін сипаттайтын қатынас алынған. Кинетикалық коэфициенттердің шалаөткізгіш қабыршағына тәуелділігін зерттеу барысында алынған эксперимент деректерінен p-Ge қабыршағының беттік потенциалы анықталған. Теория жүзінде анықталған беттік потенциал шамасы эксперимент деректерімен сәйкес болатындығы дәлелденген

  5. Б.А.Прмантаева.Глаубер теориясы аумағында протондардың, p- и K+-мезондардың 7Li ядросында шашыратылуы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Глаубердің көпеселі шашырау теориясы аумағында негізгі күйден 7Li ядросынан p- и K- мезондардың шашырауы және алғашқы қозған күйден серпімді шашырау кезінде дифференциалдық қимасы есептелген. Бұл ядроның толқындық функциясы at- кластерлік моделінен алынған. a- және t-кластерлік модельде толқындық функциясының оның қозғалысына қатысты сипаттамалық есептеулерде сезімталдығы қарастырылған. 7Li ядросының кластерінде шашыраудың және қайталап шашыраудың әртүрлі еселіктері ескерілген және тәжірибелік мәндермен салыстырылған.

  6. С.А.Бреднихин, С.И.Лежнин.Бейсызықты жүйедегі бөлшектердің тасымалдануын Монте-Карло әдісімен модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бөлшек ағынының тығыздығының өлшемдерінің орта параметрлері тәуелділігіне ие, жүйедегі тасымалдану процесін статистикалық модельдеуді жүзеге асырушы бағдарламалық кешен жасалды. Бұл бағдарлама әр түрлі астрофизикалық объектілер үшін есептеулер жүргізуге арналған, ал қолданбалы жағдайда – ядролық-термоядролық жүйе перспективтік параметрлер үшін жұмыста модельдеудің жолдары көрсетілген, сонымен қатар сараптама есептеулерінің нәтижелері көрсетілген. Нейтрондық физика мен астрофизикаға тән есептің қойылымдары көрсетілген. Жұмыс Ресей фундаменталды зерттеу қоры қолдауымен орындалды (грант № 09-08-13746-офи-ц).

  7. К.Кусаиынов, С.Е.Сакипова, Г.К.Алпысова, К.Е.Ахмерова. Сулы көмір қоспа құрамына электрогидроимпульсті өңдеудің әсері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жұмыста сулы көмір қоспа құрамына электрогидроимпульсті өңдеудің әсері зерттелді. Электр жарылыстағы контурдың сызықты емес теңдеуінің сызықтандыру жолмен жарылыстын параметрлеріне бағалау жүргізілді. Сулы көмір қоспа қасиеттерінің өзгеруі зерттелді, атап айтсақ, электрогидроимпульстік өндеуден кейін сулы көмір қоспасының ылғалдылығы, күлділігі, жану жылуы анықталды. Берілген әдіс көмірдің ұсақталуы мен берілген жылу физикалық қасиеттері бар көмір сулы қоспаны алу үрдістерін біріктіріп жүргізуге мүмкіндік береді.

  8. K.К.Кусаиынов, Н.С.Смакова, А.Н. Дюсембаева. Ағындағы айналып тұрған конустың аэродинамикасын зерттеу
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бұл жұмыста жел ағынның әсерінен айналмалы конусқа әсер ететін аэродинамикалық көтеру күші мен маңдайлық кедергі күштерінің өзгеру заңдылықтары көрсетілген. Зерттеу кезінде конус бетінде орналасқан кедір – бұдырлардың әсері қосымша қарастырылған. Зерттеу нәтижелері графиктер түрінде келтіріліп физикалық түрде талданған. Ағын жылдамдығы артқан сайын көтеру күші мен маңдайлық кедергісінің өсетіні байқалады, сонымен қатар беттін кедір – бұдырлар әсерінің сандық мәндері салыстырмалы түрде анықталды.

  9. Д.В.Кирюшин, Д.Е.Корытчинков, Д.В.Суворов, А.А.Трубицын, В.Н.ШуриковГаздалған ортадағы электроның қозғалысын саңдық модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Электр жарылыста пайда болған плазма жалпы нейтралдық күйде болады, мұнда он және теріс бөлшектердің концентрациялары бірдей. Деген мен электрондардың козғалысы оң зарядталған иондар қозғалысынан мың есе артық болғандықтан, жарылыстың тоғы электрондық тоқ болады, ал иондық тоқ өте аз. Сол себебтен, жарылыстың механизмін және оның кеністік қурылымын әр түрлі сыртқы факторлардың әсерін анықтау үшін

  10. Л.Г.Расколенко, О.А.ШкодаКүрделі – ұйымдастырылған жүйелерді тәжірибелік зерттеу барысында динамикалық құрылымдарды құрастыру
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бұл жұмыста жоғары температуралық синтезделінген Металл1 – Металл2 – азот жүйелерге ұқсас күрделі жүйелерде болатын заңдылықтарды (механизімін) зерттеу барысында тәжірибелік нәтижелерді біріңғай түрде (белгілі бір мақсатпен) өңдеу әдісі көрсетілген. Бұл әдісте өздігінен таралатын жоғары температуралы синтез тәртібінде жүретін жану процесінің сипаттамалары жоғары температуралы химиялық ортада пайда болатын гетерокаталитикалық процесінің сипаттамалары да болып табылатыны ескеріледі. Диссипативті құрылым салу жағдайы мына факторларда құрылады (факторларға сүйенеді): орнатылған түрдегі фазалық суретімен ( бейнемен) ұқсастығы, нүктелерді бір траекторияға біріктіретін тұрақты шама ретінде бір параметрдің мәніне тең белгілі инвариантты қолдану, және симметрияны сақтау.

  11. А.В.Кабышев, Ф.В.Конусов, С.Н.Ложников, Г.Е.Ремнев, М.С.Салтымаков. Тепе-теңдік емес күйде қондырылған галлий арсенидтің кабышықтарының электрофизикалық қасиеттерінің ерешеліктері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Күшті иондық сәуле арқылы абляциялық плазмадан алынған жартылай кристалдық корундты астынғы негізгі қабатқа қондырған кезде пайда болатын галлий арсенидтің жұқа қабышықтарының электрофизикалық және фотоэлектрлік қасиеттері зерттелінген. Қабышықтардың қараңғылық және фотоөткізгіш қасиеттеріне вакуумда және ауада жағудың әсері анықталған. Қабышықтардың электрофизикалық қасиеттеріне және фотосезгіштігіне спирттік ерітінен химиялық халькогендтік пассивациясының және кейінен жүргізілетін вакуумда және ауада жағудың әсері зерттелінген. Қасиеттерінің ең орнықты өзгерулерді қамтамасыз ететін жылулық және химиялық өндеулердің шарттары аңықталды. Халькогендтік пассивация қабышықтардың қасиеттерін жақсартатын мүмкіндік тұғызады, сонымен қатар ауадағы тотықтануға қарсы беріктілігін жоғарлатады. Жұмыс Ресей фундаменталды зерттеу қоры қолдауымен орындалды (грант № 08-08-12122-офи).