2010, Vol. 07 No. 1(13)

  1. А.И.Купчишин, Қ.Б.Тілебаев, С.П.Пивоваров, К.Н.Арюткин. Политетрафторэтилендеғі кристалдау дәрежесіне электрондық сәулеленудің әсері. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Тығыздық пен жылуөткізгіштік коэффициентінің дозалық тәуелділігі зерттелді. Сәуленің дозасы 1 МГр-дейін кристалдық дәрежесінің көбеюіне әкеліп соғатыны, ал жоғары жағдайда төмендейтіні белгілі болды.
  2. Т.С.Бимагамбетов, Ж.Т.Исмаилов. Екі деңгейлік атомның әр түрлі буфер газының қысымындағы қоныстану иверсиясы мен еріксіз шығарылған сәуленің күшею коэффицентінің теориялық есептеулері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Ұсынылып отырған жұмыста әр түрлі буфер газының қысымындағы қоныстану иверсиясы мен күшею коэффицентінің лазер жиілігіне байланыстылығының теориялық есептеулер нәтижелері берілген. Буфер газының жоғарғы қысымында лазер жиілігінің аумағы өрістейтіндігі анықталған. Қысымы артқан сайын қоныстану инверсиясы мен күшею коэффицентінің максимумы жиіліктің үлкен мәніне қарай ығысады.

  3. А.С.Балтабеков, Т.Ә.Кокетайтегі, Л.М.Ким. Радиациялық ынталандыру процестерге өтпелі металдардың қоспалық иондарының әсері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада калий сульфаты монокристалдарын зерттеудің нәтижелері келтірілген. Таза және кобальт, марганец немесе никель иондарымен активтендірілген калий сульфаттары зерттелді. Оптикалық өлшеулер фотоэлектрлік әдіспен, стандартты әдістеме негізінде СФ-16 спектрофотометрінің көмегімен жүргізілді. Зерттеулер 280-300К аймақтағы ТСЛ шыңындағы жарықтың жинақталуы активтендірілген кристалда 190К аймақтағыға қарағанда жылдам жиналатынын көрсетті. Рентген кванттарымен сәулеленген қоспалық мыс иондарының зарядтық күйі өзгеретіні белгілі. Иондаушы радиацияның әсерінен қоспалық жұту жолақтарындағы оптикалық тығыздық азаяды. Осы құбылысты келесі түрде түсіндіруге болады: бастапқы екі валентті өтпелі металдар иондарының зарядтық күйі өзгереді, яғни Ме+ немесе Ме3+ иондарының түзілуі болады.

  4. А.Жанботин. Люминесценттік кремнийлік нанобөлшектер: синтездің морфологиясы және әдістері. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Люминесценттік, фототұрақты және функционалдандырылған кремнийлік нанобөлшектер (НБ) биохимиялық зондтау үшін, уақыт айырғыштық иммунофлуоресценттік талдауда, қан тамырларын көзкөрімдеуде және биоталдауда өте кеңінен қолданылады. Осы НБ, әдетте, әр алуан эмиссия центрлерінің, олардын ішінде, органикалық/органикалық емес флюорофорлардың, кванттық нүктелердің немесе кремнийлік матрицасымен лантанидтердің бірігуімен қалыптасады. Осы мақала соңғы жылдар ішінде, Люминесценттік коллоидтық кремнийді әралуан зерттеулерді сипаттайды. Жұмыстардың көпшілігі мезокеуекті кремнийдің нанобөлшектерін жетілдіру үшін, тетраэтилортосиликатты (ТЭОС) қолдануға негізделген. Негізгі қолданылған әдіс – Стобер әдісі.

  5. М.А.Коржуев. Біртекті емес тармақтары бар термоэлектрлік түрлендіргіштердің симметрияның талдауы және өндеу принциптері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Стандарты емес тармақтары бар энергияның термоэлектрлік түрлендіргіштердің (генераторлар, суытқыштар және қыздырғыштар) симметриялық арақатынасының зерттеудің нәтижелері келтірілген. Жұйедегі кеністік реттілігі мен пропорциялары, ұйлесуі, синергизмі және олардың барлық бузылуының ескеретің симметриялық концепциясы кенейтілген түрде қолданылған. Талдау жұйенің құрылымдық төрт деңгейінде жасалған, оның ішінде термоэлектрлік материалдарға, термопаралардың тармақтарына, тұтас термопараларға және энергияның термоэлектрлік түрлендіргіштерінің тобына. Біртекті емес тармақтары бар Z-түрлендіргіштердің көбеюі қосымша термоэлектрлік тиімділіктерімен және қайтымсыз симметрияның бузылу процестердің әсерлері азайғанына байластылығы көрсетілген.

    Энергияның Z-түрлендіргіштердің термоэлектрлік сапалығын максималды үлкейтуді қамтамасыз ететін термоэлектрлік материалдардың тиімді кристаллографиялық симметриясы және термопарадағы тармақтары мен модульдердің меншікті симметриялары анықталған. Төрт түрлі объектілерді қоса алған біртекті емес тармақтары бар энергияның термоэлектрлік түрлендіргіштерді жіктеу жана схемасы ұсынылған. Біртекті емес тармақтарды энергияның термоэлектрлік тізбегіне қосу жалпы ережесі анықталды. Суыту, жылту, жылу энергияның жоғалуың рекуперация (қайтарымды тежеу) және электр энергияны жасау үшін біртекті емес тармақтардың практикалық қолдануы, сонымен қатар біртекті емес тармақтардың шегінде байқалынған кейбір жаңа эффектілер талқыланады.

  6. А.В.Базанов, В.А Падохин. Хлоридтелген магний ерітіндегі жартылай тұрақты күйлерді және жылу-массаалмасу процестерді зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бұл мақалада зертханалық буландыру қондырғыдағы булану бетіндегі және бу көлеміндегі температураның өзгеру эксперименталдық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Ерітіндегі, булану бетіндегі және бу көлеміндегі температураның өзгеруіне әсер ететін негізгі факторлары анықталды.

  7. С.Е.Сакипова. Біртекті емес сұйықтағы жылу-массаалмасу электрлік импульстік құбылыстардың құрылымдық қасиеттері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада импульстік әсеріге байланысты бейсызықты жылуалмасу процестердің заңдылықтарын сипаттау мүмкіндіктері қарастырылады. Мұнда ашық жүйесінің құрылымдары өздік ұйымдастыру қасиеттері қолданылады. Газ қоспасының өзгеруіне байланысты біртекті емес сұйықтың құрылымдық және динамикалық қасиеттерінің өзгеруін ескеретін политропа көрсеткішін есептеу формуласы алынды.

  8. В.В. Архипов. Толқындық пакеттің динамикалық тұрақтылығының моделі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Егер массивті бөлшектердің толқындық пакеті дискретті гармония жиынтығынан құралатын болса, онда псевдоорнықтылыққа ие болу мүмкін екендігі көрсетілген. Мұндай пакет дисперсия салдарынан шайылған соң, қандайда бір мерзімділікпен қайта құрылады. Жұмыста осы жағдай динамикалық орнықтылық деп аталған және сәйкесті антибөлшектермен периодты аннигиляциялану және келесі ұқсас бөлшекке өз импульсін берумен сипатталатын физикалық вакуум арқылы бөлшектің қозғалысын иллюстрациялада қолданылады.

  9. Н.Н.Герасименко, Д.А.Карташов, Н.А.Медетов. Рентген рефлектограммалардың мағынасын ашу үшін генетикалық алгоритмнің, аралардың алгоритмнің және аралардың кеңейтілген алгоритмнің тиімдік пайдалануының салыстыруы. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Генетикалық алгоритм, аралардың алгоритмі және аралардың кеңейтілген алгоритм арқылы екітолқынды рентгендік рефлектометриялық әдісімен шығарылған эксперименттік мәліметтердің өңдеу нәтижелерін салыстыруы жасалған. Генетикалық алгоритммен аралардың алгоритммін салыстырғанда аралардың кеңейтілген алгоритмнің пайдалануының артықтышлығы көрсетілген.

  10. И.Х.Жарекешев. Энергияның берілген интервалдағы деңгей сандарының ықтималдығы. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Метал-диэлектрик ауысындағы хаостық электрондық жүйелерге энергетикалық спектрінің статистикасы зерттеледі. Энергия интервалындағы бірэлектрондық күйлердің флуктуациялар қарастырылады. Деңгей сандарының толық ықтималдығы масштаб-инварианты шама болатындығы көрсетілген. Нәтижелер симметриясы бар және симметриясы жоқ сындық нүктесінде уақыт өзгеруімен алынған. Сындық статистиканың пайда болғаны локализациялық ауысуының маңызды ерекшелігі болып табылады.

  11. И.Х.Жарекешев. Екідеңгейлі корреляциялық функция және форм-фактор. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Кванттық ретсіз жүйелер электрондық түрінде қарастырылады. Андерсоның ортогоналды және унитарлы симметриялы моделін қолданып дискреттік спектрлер есептелінді. Екідеңгейлі корреляциялық функция және форм-фактор терминдеріндегі электронды спектрдың флуктуациялары зерттелген. Бұлардың метал-диэлектриктерге ауыскаң кездегі қасиеттерінің әмбебатылығы анықталды. Екідеңгейлі корреляциялар асимтотикасының куткендегіден тезірек азаятыны корсетілді.