2009, Vol. 06 No. 2(12)

  1. В.М.Лисицын, Л.А.Лисицына, M.В.Здоровец, А.К.Даулетбекова, А.T.Акылбеков, A.A.Абдрахметова. Иондық кристалдарда ауыр зарятталған бөлшектердің трек радиусын бағытталған жұтылу спектлері арқылы анықтау. .
    [жүктеу]
    Аннотация
    Жоғары-ағымдағы үдеткiштер арқылы иондар мен электрондар ағыны әсерінен түзілген, ионды кристаллдардағы қарапайым және күрделi бояу центрлерінің қатынастарын зерттеу арқылы ауыр бөлшек трегiнің радиусын есептеудің жаңа әдісі сипатталған. LiF кристаллында 117MeV ке дейiн үдетілген криптон ионының трегiнің радиусы есептелген. Алынған трек радиусының мәні басқа әдістер арқылы алынған мәндермен сәйкес келедi.
  2. М.Е.Көмеков. n-ZnO/p-CuO поликристаллдық гетероөткелдің қалыптасу механизмі.
    [жүктеу]
    Аннотация
    Мырыш және мыс оксидтерінің кристаллдық құрылымының және де олардың иондары Cu++ , Zn++ иондық радиустарының мәндерін талдау негізінде ZnO / CuО жүйесінде поликристаллдық гетероөткелдің пайда болу мүмкіндігі көрсетілген.

  3. М.Е.Көмеков. .Араластырылған Zn XCu1-XO поликристаллдық қабыршықтарының тиым салынған зонасының ауытқуы туралы.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Тиым салынған зонаның электрондар мен кемтіктердің энергетикалық спектрінің өлшемді квантталуына байланысты ауытқуы қалыңдығы біртекті емес мыс оксиді және араластырылған Zn XCu1-XO оксидтерінің қабыршықтары үшін тәжірибеде табылған тиым салынған зоналарының мәндерін қанағатты түрде түсіндіруге болатыны көрсетілген.

  4. Э.Я.Эпик, Т.Т.Супрун. Локальды тұйық үзілістен кейінгі релаксация аймағындағы шекаралық қабаттың локальды сипаттамалары. .
    [жүктеу]
    Аннотация

    Сыртқы ағындардың жылдамдықтары (5  10) м/с арақашықтағындағы сыртқы ағынның төменгі дәрежелі турбуленттілігі 0.2% кезіндегі әртүрлі типті үзілістен кейінгі релаксация аймағындағы ағыстар үшін локальды сипаттамаларының тәжірибелік зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген (жылдамдық және температура пульсацияларының профилі және олардың спектралды құрамы). Бірінші типті үзілістің жуықтауында анықталатын басты критерилерінің негізінде, күрделі шарттарда дамитын ағынның ауыспалы қасиетін бағалау үшін (ламинарлы, ауыспалы ж/е турбулентті) Украинадағы ҒМА ТТҒЗИ жасалынған жұмыстарға сәйкес қималардың қосылыстарындағы динамикалық шекаралық қабаттың сыртқы шеттеріндегі пәрменділігі ретінде турбуленттік тұтқырлық болып таңдалады. Жылдамдықтың көлденең компонентті соққы фильтрация коэффициенттерінің таралуы үзілістен кейінгі шекаралық қабаттың даму механизмдеріне еңіп кетуін қадағалайды.

  5. Л.Миньков, Е.Пикунчак, М.Галал, Д.Дик. Суды бүрку арқылы гидроциклонның классификациялық сипаттамасын өңдеу.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Гидроциклонда бөлшектерді бөлу эффективтілігі қалдыққа кететің ұсақ бөлшектердің мөлшерімен шектеледі. Гидроциклонның конустық бөлігінде суды бүрку арқылы ұсақ бөлшектердің мөлшерін азайтуға болатыны белгілі. Аппараттың конустық бөлігіне суды енгізу процесі математикалық модель көмегімен көрсетіледі. Бұл модельде сұйықтың және бөлшектердің қозғалысы ескеріледі. Модельде бөлшектердің турбуленттік диффузиясы және олардың әсерлесуі, сонымен қатар суспензияның тығыздығы мен тұтқырлығының өсуіне байланысты ұсақ бөлшектер үлкен бөлшектермен бірге қалыптасуы көрсетілген. Тәжірибеде ұсақ фракцияны азайту үшін гидроциклонның конустық бөлігіне суды бүркеміз. Бұл қосымша алынған суға байланысты ұсақ бөлшектер шеттен оське қарай бағытталады, мұнда олар негізгі ұсақ бөлшектердің ағынға қосылады. Бөлшектерді сұрыптау процесіне классификатордағы қосымша алынған судың бүрку әсерін сипаттайтын кұбылыс саңдық модельдеу арқылы көрсетіледі. Судың бүрку жылдамдығының көбейуі бөлшектерді сұрыптауды кеңейтеді. Модельдеу нәтижелері 50-мм гидроциклонда алынған берілгенмен салыстырылады.

  6. В.Т.Кириченко, А.С.Кудусов, Э.К.Мусенова.Минковскийдің кеңістік пен уақыттағы тензорлық өріс негізіндегі гравитация модельдері. .
    [жүктеу]
    Аннотация

    Жұмыста Минковскийдің кеңістік пен уақытта “еркін” лагранжиан теориясын “гравитациялық” қамту әмбебап процедурасының негізінде классикалық гравитациялық өрістің модельдер класы дамытылған. Берілген процедураның мағынасы әрбір класс моделі үшін арнаулы болатын “гравитациялық” оператордың “еркін” лагранжианға әсер етуінде. Бұл әдісті қолданудың мысалы ретінде А. Эйнштейннің салыстырмалылықтың жалпы теориясын құруы көрсетілген.

  7. Т.А.Жакатаев., А.Т.Жакатаев. Күн жүйесіндегі планеталардың сызықты емес әсерлесуін және қозғалысын итерациялық әдіспен есептеу.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы гравитациялық дифференциалды теңдеулер жүйесімен сипатталады. Теңдеулер жүйесі итерациялық әдіспен Maple 10 незігінде есептелген. Гравитациялық әсер салдарынан қозғалыс параметрлері сызықты емес түрде өзгереді. Орбиталды жылдамдық, айналу периоды планеталардың санына және орбиталды конфигурацияға байланысты өзгеретіні анықталған.

  8. М.Е.Агельменев, С.М.Братухин, З.М.Мулдахметов, В.В.Поликарпов. Сұйық фаза жағдайындағы смектикалық сұйық кристаллдардың іс – әрекеті.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Жұмыста ферроцен туындысының негізіндегі сұйық кристаллдың жаңа түрінің компьютерлік модельдеуіне арналған зерттеулер ұсынылған. Осындай жүйеде өтетін процесстердің ерекшеліктері зерттелген.

  9. А.О.Сәулебеков, С.Е.Сақыпова, С.Н.Асылбекова, Ж.Т.Қамбарова, А.Т.Махабаева. Классикалық өріс негізінде электрондық спектроскопияға арналған анализаторлар.
    [жүктеу]
    Аннотация

    Зарядталған бөлшек ағынының энергоанализі, қатты дененің бетін зерттеудің тиімді әдісі болғандықтан, қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан жүйені модернизациялауды немесе жаңа сапалы жүйені жасауды талап етеді. Бұл жұмыстың мақсаты классикалық өріс негізінде жоғарғы электронды-оптикалық параметрлі және кең көлемді функционалдық мүмкіндіктері бар энергоанализаторларды жасау болып табылады. Осыған дейін зарядталған бөлшектер шоғырының ішкі және сыртқы шағылуы бар цилиндрлік және сфералық айналардан тұратын сұлбалар жеке қарастырылған еді. Бұл жүйелерді сипаттайтын формулалар жеке қосылғыштар таңбасымен ғана ерекшеленетіні айқындалған. Бұл жүйелерді математикалық тұрғыдан бірыңғай сипаттауға мүмкіндік береді. Екінші реттік бұрыштық фокустау шарты бойынша айна параметрлерінің арасындағы тәуелділік алынды. Айна параметрлерінің үшеуі бір-бірінен тәуелсіз, оларды өзгерту арқылы біршама артықшылықтарға қол жеткізуге болады.

  10. Қ.Құсайынов, Б.Р.Нүсіпбеков, Г.М.Шәймерденова, Г.А.Бұлқайырова., К.К.Саденова. Табиғи минералдарды электрогидроимпульстік әдіспен бөлшектеу және ұсақтау. .
    [жүктеу]
    Аннотация

    Бұл мақалада табиғи минералдарды электрогидроимпульстік әдіспен бөлшектеу, ұсақтау ерекшеліктері және ауа аралық разрядтаушыдағы арақашықтықты өзгерткен кездегі табиғи минералдардың тиімді бөлшектену жолдары мен тәжірибелік зерттеу нәтижелері келтірілген.

  11. С.С.Қасымов, Г.П.Амочаева, Ж.Т.Қамбарова, Қ.Орныханқызы. Микротолқындық құрылғыларды талдауда зиянды параметрлердің әсерін ескеру..
    [жүктеу]
    Аннотация

    Мақалада AWR ACE бағдарламалық қамтамассызданудың жаңа мүмкіндіктері ашылып көрсетілген. Жобалауды қарапайымдылау мен өнімдеу үшін мүмкін бола алатын қолдану мысалдары келтірілген. ACE технологияны қолдану қарапайым ЕМ әдістемелерімен салыстырғанда талдау жылдамдығын арттырады. Берілген әдіс микротолқындық құрылғыларды модельдеуде қолданылуы мүмкін.