2009, Vol. 06 No. 1(11)

  1. М.Е. Агелменев, С.М. Братухин, З.М. Молдахметов, В.В. Поликарпов.Мезогенді фенолдардың арилпропаргил эфирлерінің кейбір қасиеттері..
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл жұмыста Gromacs программасының және сіңірудің ИҚ спектрлерінің көмегімен фенолдардың арилпропаргил эфирлерінің негізіндегі нематтық сұйық кристаллдардан құрылған кластерлердің іс-әрекеттерінің компьютерлік модельдеуіне арналған зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Фтор атомдарының температуралық жылытумен қайта реттеу процесстер кезіндегі өзгеретін қасиеттеріне тигізетін әсері көрсетілген. Тәжрибелердің нәтижелері молекулалардың арасындағы өзара әрекеттесуінің потенциалын дұрыс таңдау қажеттілігін көрсетеді. Бастапқы күйдегі молекулалардың орналасуының іс-әрекеттің динамикасына тигізетін ықпалы анықталған.

  2. А.К. Арынгазин, В.Д. Кревчик, М.Б Семенов.Кванттық нүктелері және кванттық молекулалар бар жүйелердегі екі өлшемді бифуркациялар мен хаос.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Диссипациялы кванттық түнельдеудін әдістері өзара әрекеттесетін молекулалары бар жүйелер үшін диссипацияланған түнельдеуге қолданылады. Екі өлшемді сынуы эффектісі, ассиметрияның параметріне тәуелді температура арқылы реттелінетін түнельдеудін ықтимал функцияның экстремумы, температураға байланысты «блокировка» эффектісі зерттелінген. Сонымен қатар, температураға байланысты шеткі күйдегі кванттық молекулалардың радиустары кванттық нүктелердін радиустарынан үлкен болатыны, және температураға тәуелді кванттық молекулардың әсерлесетін жүйелерде бифуркациялар анықталды. 2D параллель ауысулардын бифуркациялары бірінші ретті фазалық ауысуларға ұқсас болса да, антипаралель 2D ауысулар кезіндегі 2D түнельдік ауысулардың бейтараптығы анықталды және олардың қозғалыстарының бұзылуы екінші ретті фазалық ауысуларға ұқсас болатыны дәлелденген.

  3. А.В. Базанов, В.Н. Блиничев.Химиялық өндірістегі бушығару қондырғыдаң шығарылатын тұздардың селективтілігі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл жұмыста дистилляция процесінің әртүрлі физикалық және химиялық сипаттамалары кезіндегі бушығару қондырғыларының екінші ретті бумен бушығарылатын ертінділеріндегі ертінді заттардың шығару селективтілігінің механизімі қарастылынған. Алынған таза дистиллятқа әсерететін негізгі факторлар бойынша зерттеулер жүргізілді.

  4. М. Ким, Ж.Т. Исмаилов.Кристаллогидрадтардағы радиациялық үрдістер. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл мақалада литий және натрий кристаллогидраттарындағы радиациялық әсер арқылы қоздырылған үрдістерді зерттеу нәтижелері келтірілген. Аталған кристаллогидраттарда дегидритация үрдістері оңай жүретін болғандықтан, олар радиациялық үрдістердегі кристалдық судың орнын және атқаратын ролын зерттеп түсінуге мүмкіндік береді. Оптикалық және термоактивациялық әдістерді қолдана отырып, кристалдық су молекулаларының фотолизы және радиолизы сульфат аниондарының ыдырауына және рекомбинациялық люминесценцияның әлсіреуіне алып келіп соғатыны көрсетілген. Мақалада осы құбылыстарды түсіндіретін механизмдер ұсынылған.

  5. Л.М. Ким, Б.С. Тағаева.KDP кристалдарының Cu2+ әсері мен рекомбинациялық процестеріне.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Мыс иондары қосылған KDP кристалдарының ТСЛ-сы зерттелді. Мыс иондары активация тәсілдеріне байланысты катиондық түйінді немесе түйінаралығын алмастырады. Алмастырғыш иондар және түйінаралық Cu2+ иондары матрицаның ақауларының термиялық тұрақтылығын арттыратындығы және ТСЛ-ң 140К-гі жаңа шыңының пайда тағайындалды. KDP кристалдарында алмастырғыш Cu2+ иондарының болуы ТСЛ шыңында максимумы 240К болатын жаңа шыңның пайда болуына әкеледі. Бұл болжам Cu+ орталықтарының құрылуымен түсіндіріледі.

  6. А.И.Купчишин, А.Д.Мурадов, Б.Г.Таипова, Н.А.Воронова.Қопарылу күреү модельдері және электрондармен сәүлеленген полимерлік материалдардың тәжірибелік зерттеуі. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл жұмыс сәулеленген электрондермен күмістін негізіндегі металданған полимерлік композицияның физикалық және механикалық қасиетін зерртеуге арналған. Тәжірибелік әдіс пен тәжірибе нұсқаулары дамытылды. Қысыммен деформацияның пайда болуы жайлы тәжірибиелік мағлұмат алынды. Тәжірибиелік қисықтар қанағаттанарлық тұрғыда экспоненциалды қопару моделінің шегінде айғақ болды.

  7. В.П. Малышев, С.Ш. Қажыкенова.Технологиялық қайта балқытудың және технологиялық өңдірісінің ақпараттық-энтропия талдау.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жетілдіруге дейінгі және кейінгі талданатын технологиялық операциялар тобының, сондай-ақ тұтас алғанда ақпарат бірліктеріндегі технологиялық сұлбалардың кешенді анықталмағандығын есептеу үшін формула ұсынылған. Осы формуланың негізінде талданатын технологиялық операциялар тобының, сондай-ақ тұтас алғанда технологиялық сұлбалардың кешенді анықталмағандығын есептеу мүмкін болады, бұл осы операциялардың алдын ала болжанғыштығын және технологиялық сенімдігін анықтауға мүмкіндік береді.

  8. Э.Я. Эпик, Т.Т. Супрун.Локальды тұйық үзілістен кейінгі релаксация аймағындағы шекаралық қабаттың локальды сипаттамалары.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Сыртқы ағындардың жылдамдықтары (5 ¸ 10)м/с арақашықтағындағы сыртқы ағынның төменгі дәрежелі турбуленттілігі 0.2% кезіндегі әртүрлі типті үзілістен кейінгі релаксация аймағындағы ағыстар үшін локальды сипаттамаларының тәжірибелік зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген (жылдамдық және температура пульсацияларының профилі және олардың спектралды құрамы). Бірінші типті үзілістің жуықтауында анықталатын басты критерилерінің негізінде, күрделі шарттарда дамитын ағынның ауыспалы қасиетін бағалау үшін (ламинарлы, ауыспалы ж/е турбулентті) Украинадағы ҒМА ТТҒЗИ жасалынған жұмыстарға сәйкес қималардың қосылыстарындағы динамикалық шекаралық қабаттың сыртқы шеттеріндегі пәрменділігі ретінде турбуленттік тұтқырлық болып таңдалады. Жылдамдықтың көлденең компонентті соққы фильтрация коэффициенттерінің таралуы үзілістен кейінгі шекаралық қабаттың даму механизмдеріне еніп кетуін қадағалайды.

  9. Қ. Құсайынов, С.Е. Сақыпова, Д.А. Оспанова, Қ.Е. Курмашева.Гетерогендік сұйықтағы импульстік қысымның өзгеруін зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Мақалада жылу энергетикадағы кең қолданылатын гетерогендік ортаның физикалық қасиеттері қарастырылады. Эксперименталдық қондырғының қысқаша сипаттамасы және гетерогендік сұйықтағы электрогидравликалық өндеуге байланысты импульстік қысымның өзгеруіне диффузорлардың әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген.

  10. В.Е. Жұндібаев.. Ленталық конвейердің күйін тексеруге арналған интеграцияланған ауыспалы бақылау жүйесі мен техникалық диагностикасы. .
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жұмыстың өзектілігі ленталық конвейердің пайдаланудың техникалық бақылау деңгейін арттыру және автоматтандыру мен белгіленеді. Ленталық конвейердің күйін тексеруге арналған интеграцияланған ауыспалы бақылау жүйесі мен техникалық диагностикасын атқаратын жалпы құрылымдық сүлбе ұсынылған. Интеграцияланған ауыспалы бақылау жүйесі мен техникалық диагностикасының қолдануы қазіргі деңгейдегі ленталық конвейердің керекті тәртіптің сапалығын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді.