2008, Vol. 05 No. 2(10)

  1. З.Ж. Жанабаев, Е.Ж. Байболатов, М.Т. Кызгарина. Динамикалық хаостың энтропия-метрикалық диаграммасы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Ашық жүйелердің ӛзқауымдық – ӛзұқсастық пен ӛзаффинділік режимдерін анықтау әдісі ұсынылды. Динамикалық хаос генераторының теңдеулер жүйесінен сандық модельдеу арқылы алынған үшӛлшемді фазалық портреттер үшін энтропиялық-метрикалық диаграмма тұрғызылды. Ӛзқауымдық режимін анықтау кезінде фазалық портреттерді талдау әдісінен қарағанда уақыт қатарын талдау әдісі біршама сезімтал екені кӛрсетілді.
  2. А. В. Хлюстова, М. С. Хорев, А. И. Максимов. «Разрядтың жайылу» эффектісі: Разряд әсерінен ерітінді құраушыларының газдық фазаға ауысу процестерінің сызықтық емес сипаттамалары.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жұмыста ерітіндінің қозғалу бағыты бойынша қозғалатын бір уақытта пайда болатын бірнеше жарқыраған зоналар (микроразрядтар) түріндегі электролитті катод беті бойынша «разрядтың жайылу» эффектісін бақылаудың мәліметтері келтірілген. Кейбір шарттарда оң бағана ӛлшемдерінің 3-тен 12 мм-ге дейін ӛсуі байқалды. Бақыланған эффектілер кӛпканалды разрядтармен және вольватацияланған шарлық шақпақпен ұқсастығы бар деген болжаулар айтылды.
  3. С.Е. Сакипова. Гетерогендік ортаны электроимпульстік өңдеу кезіндегі бейсызықты қүбылыстарды компьютерде талдау.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Гетерогендік сұйық ортада электр жарылыс кезінде пайда болатын импульстік қысымның эволюциялық ӛзгеруі зерттелген. Есептеулер жылулық баланс теңдеуден шығарылады. Қуаттың мәнін әр түрлі гетерогендік ортаны электроимпульстік ӛңдеу кезіндегі алынған тоқтың осциллограмалардан аңықтауға болатындығы кӛрсетілген.
  4. В.Ю. Изаксон, Н.В. Черданцев, В.Т. Преслер. Әлсіздеудің реттегіi беттер жүйелер ориентациясының жырықтар маңында тау жыныстарының массивтер тұтастығының бұзулуына әсері..
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Беріктілігі бойынша анизотропты массив үшін Мор-Кузнецовтың жою критериі (әлсіздеудің реттегіш беттерімен) және серпімділік теориясының екінші сыртқы шектік есебінің шекаралық интегралды теңдеуінің (екінші текті Фредгольм теңдеуі) сандық шешуінен шығатын шекаралық элементтер әдісін пайдалану арқылы осы массивтің дӛңгелек кӛлденең қимасының созылмалы жырығы маңайында түрлі бағыттағы әлсіздеудің бір және екі жүйе беттер жүйесімен техногендік бұзылудың таралуы туралы есеп шешілді. Сондай-ақ дӛңгелек комбинациясы түріндегі типтік емес қималы және тік бұрышты саңылаулардың жүйелерінен құралатын жырық маңайындағы бұзылудың суреттері алынды.
  5. К.С. Бактыбеков, М.В.Чопоров. Гиперспектрлі қашықтықтан зондтау принциптері мен қолданылуы.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Жердің қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) кең мағынада – бұл Жердің үстіңгі қабаты, ондағы объектілер немесе жер қойнаулары туралы ақпаратты түрлі байланыссыз әдістермен алу. ЖҚЗ деректеріне дәстүрлі түрде тек қана ғарыштан немесе қандай да болмасын белгілі бір электромагнитті спектрнің жердің үстіңгі қабатын бейнелейтін ауадан алуға мүмкіндік тудыратын әдістер жатады.
  6. А.В. Ханефт, Е.В. Дугинов. Электрондық және лазерлік импульстермен иницирлеудің сандық модельдеуі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Электрондық және лазерлік импульстермен иницирлеудің сандық модельдеуі жүргізілді. Байланыспаған термосерпімділік теңдеулер жүйесі шешілді. Балқу – фазалық ауысуы, сондай-ақ экзотермиялық реакция белсендіру энергиясының термосерпімді кернеулерінен тәуелділігі есептелді. Деформация, кернеу және температура таралулары, сонымен қатар сығылу – созылудың акустикалық импульстерінің динамикасы есептелінді.
  7. Н.А. Воронова, А.И. Купчишин. Полимерлiк қопарудың және композициялық материалдардың күйзелү үлгiлерi.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Феноменологиялық қарастыру негiзінде және бiрбағытта созылуға шалдыққан полимерлiк және композициялық материалдарды қопарудың тӛрт үлгiсi ұсынылды: экспоненциалдық, экспоненциалды- шаршылық, сызықтық және шаршылық. Барлық үлгiлердiң деформациясының кернеуге байланысты тәүелдiліктері алынды. Бiркатар тәжiрибелiк мағлұматтардың салыстырмалы есебi iске асырылып, қанағаттанарлык нәтижелер дәлелденген.
  8. С.А. Зелепугин, В.Б. Никуличев, О.В. Иванова. Соққы-толқындық жүктеме әсері кезіндегі кеуекті қоспалардағы қатты фазалардың химиялық реакциясын модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Соққы толқындық жүктеме әсері кезіндегі кеуекті қоспаларындағы қатты фазалардың химиялық реакцияларын есептеу үшін феноменологиялық моделі келтірілген. Соққы-толқындық жүктеме шартындағы кинетикалық қатынас химиялық ӛзгеруге ұшырау ағысының тұрақты жылдамдығымен сипатталады. Қоспа компоненттерінің дисперстілігінің реакция жылдамдығына әсері феноменологиялық модельдегі химиялық ӛзгеруге ұшырау тұрақтылығымен ескеріледі. Есептеу элементіндегі химиялық реакциялар кезіндегі алынған соққы жылдамдықтарына сәйкес үрдіс толығымен ӛтеді. Химиялық реакцияның жылдамдығы ӛскен сайын, үлгінің бүйір бетіндегі толқынның жүктелуі экзотермиялық реакцияның әсерлері уақытша тоқтатылады.
  9. Н.Б. Бейсенханов. Концентрациясы төмен көміртегімен имплантацияланған жіңішке кремний қабаттарының құрылымын зерттеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Бұл жұмыста рентгенттік дифракция, инфрақызыл спектроскопия және атомдық-күштік микроскопия тәсілдерімен энергиялары 40-, 20-, 10-, 5-, жэне 3 кэВ кӛміртегі иондарын кремнийге кӛп есе ендіруден алынған SiC0.03 және SiC0.12 қабаттарының құрылымы зерттелінеді. 720-830 см-1 аралығында басым болған Si-C байланыс түрлерінің кристалдану процестерінің және ИК-ӛткізудін жоғарғы шың орынының арасындағы озара байланысы кӛрсетілген. SiC0.12 қабатында тетраэдрлік Si-C байланыстарының ұлғаюы температурасы 1200°С-дан жоғары кезінде берік оптикалық белсенді емес кӛміртегі кластерлерінің ыдырау себебінен болатыны кӛрсетілген. SiC0.03 қабатында Si-C және C-C кластерлерінің жоқ екендігі анықталды. Ендіруден және жоғары температуралық күйдіруден кейін беттік құрылымының ӛзгерісі зерттелінді.
  10. И.В. Поярков. Әртүрлі температура өрісіндегі бинарлы Ar-N2 жүйесінің араласу процессі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме
    Әртүрлі қысым мен температура градиенті тұрақты болғандағы «изотерімдік емес диффузиядан гравитациялық конвекцияға» ӛту шекарасын тәжірибе жүзінде зерттеу жүргізілді. Бинарлы газ жүйесіндегі араласу процессіне температура градиентінің әсері кӛрсетілді