2008, Vol. 05 No. 1(09)

  1. А. В. Можаев, А. В. Проказников. Айнымалы қадамдарды өлшеулер негізінде кластерлі құрылымдарды компьютерлік модельдеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Көп сатылы кристалдық матрицаның кластердік құрылу процестерді сипаттайтын компьютерлік модель жасалған. Сонымен қатар, кристалдың ішіндегі кеуектік көлемде кластердік процестердін құрылуын модельдейтін және кристалдың бетінде жүретін құбылыстарын, сыртқы күштік өрістің және химиялық реакциялардың әсерлерін ескеретін компьютерлік есептеу бағдарламасы жасалынды. Анодтайтын процестердің вольт-амперлік сипатамаларының өзгеру заңдылығы кеуектерді құрайтын морфологиялық қасиеттерімен байланыстылығы тағайындалды.

  2. И. М. Васенин, А. Ю. Крайнов, О. Ю. Лукашов, Д. Ю. Палеев, Э. Р. ШрагерЖердегі газ шаңды қоспаның жануы мен жарылуы кезінде пайда болатын соққы толқынның таралуын сандық модельдеу
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бұл жұмыста жарылыс толқын фронтында қозғалатын өндірілген газ ағындарының қабырғаларындағы көмір шаңдарының жану фронты бойынша таралуын ескеретін шахталарда көмірді тіксызықты өндіру кезіндегі жарылыс толқын таралуының математикалық моделі келтірілген. Келтірілген есептеуде жарылыс толқын фронтының соңғы аймағындағы көмір шаңдарының жануы оның фронтындағы қысымның жоғарлайтынын көруге болады.

  3. Б. Р. Нусупбеков, А. К. Хасенов, Г. М. Шаймерденова, Д. К. Кусаиынова. Электрогидроимпульсті процесіндек кремний минералының ұсақталу динамикасы және құрлымдары
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Бұл жұмыста кремний элементін қолдану аймағы қарастырылып, металургиялық кремнийді электрогидроимпульсті қондырғы көмегімен ұсақтау барысында алынған нәтижелері келтірілген.

  4. С. Г. Карстина, А. А. Баратова.Гетероаннигиляциялық әсерлесудің кинетикасына кластерлер өлшемдерінің әсері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Жұмыста донор молекулалары кластерлік таралған және акцептор молекулалары кездейсоқ таралған жүйелердегі гетероаннигиляциялық әсерлесуді компьютерлік модельдеу нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде донор молекулаларының кластерлік таралуы кезіндегі гетероаннигиляция кинетикасының салыстырмалы температуралық өзгерістері бетте құрылатын кластерлердің топологиясына тәуелді болатын және кластер өлшемдеріне кері пропорционал болатын, k температуралық өшіру коэффициентіне ие болатын қарапайым сызықтың тәуелділікпен сиппаталады.

  5. Н. А. Маженов.FеPO4 типтес кристалдын Динамикалық қасиеттері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Мақалада FеPO4 типтес кристалдағы структуралық фазалық өзгерістер кезіндегі болатын динамикалық қасиеттерді есептеу нәтижелері келтірілген. Есептеулер нәтижесінде гидростатикалық қысым мен температураларга сай тепе-теңділікті структуралар модельдері немесе үлгілері берілген. Фононды спектрлерді, серпімділік түрақтыларын, пьезоэлектрлік модульдерді есептеу жолымен кристалдағы болып жатқан тұрақсыздық механизмдері табылып, түсіндіруге мүмкіндік туды.

  6. А. К. Аймуханов, Н. Х. Ибраев, Е. В. Селиверстова.Наногибридтық жұқа полиамфолиттік полимер және амфифилді эозин қабыршақтарда фотопроцесстерді зертеу.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Қоспа Ленгмюр- Болджетт гептадецилді эфир эозин және амфифилді полиамфолит қабыршақтардың спектрал және кинетикалық қасиеттері зерттелінген. Оптикалық сезімтал орталықтары мономерлермен димерлер жұтылу және люминесценция спектрлерін құрады. Бояудың фосфоресценция және ұзақ люминесценция касиеттері зерттелінген. Ұзак люминесценцияның сөну кинетикасы триплетті қозуларының аннигиляциясымен және Т1→S1 интеркомбинациялық конверсиядан кұрастырылған.

  7. Г. А. Доскеев, И. Ф. Спивак-Лавров.Трансаксиалды линзалар орістерін есептеу әдісі.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Линзада потенциалдың кеңістікте таралуын қарапайым аналитикалық түрде беретін екі электродты трансаксиалдық линзаның өрісін есептеуге арналған әдіс ұсынылады.

  8. К. К. Кусаиынов, А. Ж. Сатыбалдин.Жоғарғы тұтқырлықты көмірсутекті қоспалардың құрлымына электрогидроимпульстік өңдеудің әсері.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Соңғы жылдары заттардың қасиеттерін өзгерту мақсатында оларға аз энергетикалық әсер етуге қызығушылық туындап отыр. Заттың жеке ерекшеліктерін ескергенде және әсер ету типін дұрыс таңдағанда айтарлықтай энергия шығынысыз болуын және оның құрылымын қажетті бағытқа ауыстыруға болуын ойластыру қажет. Бұл жағдайда молекулалық құрылымды оңай реттеуге болады

  9. В. Ясинский, В. НикулинСызықты емес дифференциалды голографиялық рефрактометр негізінде сұйық және газдарда қоспаларды анықтауға арналған оптикалық бергіш.
    [жүктеу]
    Түсініктеме

    Ғалымдар мен инженерлердің кәсіптік бірлестіктердің бүкілінде сенсорлар облысындағы зерттеулерге қызығушылығы өсіп барады. Сенсорлар технологияларын қолдану сферасы өте кең және оған өмірқамсызданудың медициналық жүйелері, өндірістік процестерін басқару жүйелері, сонымен қатар қорғау жүйелері кіреді. Берілген жұмыста біз шешілмеген мәселелер қатарына назар аударып, газдар мен сұйықтардағы қоспаларды анықтау және идентификациялауға арналған кішігабаритті оптикалық сенсорды ұсынамыз. Біздің әдіс негізінде сызықты емес оптикалық эффектілерді қолдана отырып, әр түрлі қоспаларды идентификациялауға арналған жаңа оптикалық технологияны өңдеу жатыр. Біздің сенсордың жұмыс істеу принципі интерференциялық рефрактометрия негізделген. Біздің сенсордың жоғары сезгіштігі және таңдамалшылдығы қолданылған әдістің өзімен, сонымен қатар тіркелген оптикалық дабылдың кейінгі сандық өңдеумен қамтамассызданады. Берілген мақалада біз ұсынылатын құрылғының сипаттамасын және МАTLAВ бағдарламасындағы модельдеудің нәтижелерін келтіреміз.