«Eurasian Physical Technical Journal» техникалық физиканың өзекті мәселелері бойынша ерекше зерттеулерді жариялауға арналған ашық рұқсатты рецензияланатын халықаралық ғылыми журнал болып табылады.
Тақырыптық бағыты – физиканың іргелі және қолданбалы облыстарында ғылыми материалдарды жариялау. Журналда келесідегі бағыттар бойынша мақалалар жариялайды:

  • материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеудің инновациялық әдістері;
  • энергетика саласындағы экологиялық таза және энергия үнемдеуші технологияларды өндіру мен енгізу;
  • физикалық процестерді қазіргі заманғы эксперименттік әдістер және модельдеу технологиялары.

«Eurasian Physical Technical Journal» 2004 жылдан бастап шығарылуда.
ISSN (баспа түрінде) – 1811-1165
Мерзімділігі – жылына 2 рет

Мақсат мен міндеттері

EAPhTJ негізгі мақсаты – техникалық физика саласындағы соңғы іргелі және қолданбалы жаңалықтармен алмасқылары келетін ғалымдардың, зерттеушілер мен инженерлердің тез арада жарияланымдарды қамтамасыз ету.
EAPhTJ жаңа теориялық өңдеулер мен /немесе сынақтар нәтижелерден құралатын мақалалар мен ғылыми шолуларды жариялайды. EAPhTJ сонымен қатар алдыңғы шығарылымдарда баспаға шыққан мақалалар туралы ақпараттар мен пікірлерге қатысты мақалаларды жариялауды қарастырады.
Одан басқа, зерттеушілерге EAPhTJ докторлық және кандидаттық диссертациялардың тақырыптары бойынша әрі қарайғы зерттеулер үшін негіздеме ретінде пайдаланатын өзінің жұмысының жеке бөліктерін тез жариялауға мүмкіндігін ұсынады (мысалы, жаңа бағдарламалық қамтамасыздану, өлшеу аппараттары мен технологиялардың модификациясы).
EAPhTJ қосымша мақсаты – халықаралық конференцияларда ұсынылған, бірақ мақала түрінде жарияланымға шықпаған және автор осы жұмысқа авторлық құқығына ие жұмыстарын жарияланымға шығарылуына мүмкіндік беру.
Қорыта келе EAPhTJ, ғалымдар мен зерттеушілердің халықаралық ынтымақтастықты бекітуге бағытталған іргелі және қолданбалы физиканың әр түрлі аспектілеріне арналған және өздерінің олардың жұмыстарына пайдасын тигізетін және зерттеулер сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін мақалаларды жариялайды.